Home » Жаңалықтар » Математика сабағында АКТ-ны пайдаланудың тиімділігі

Математика сабағында АКТ-ны пайдаланудың тиімділігі

Компьютерлік оқыту дегеніміз – оқытудың  техникалық құралдарының бірі, компьютер мүмкіндіктерін қолдану болып табылады. Олай болса, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын техникалық және адам ресурстарын, олардың өзара әрекеттесуін ескере отырып, білім беру формаларын оңтайландыру үшін рецептивті немесе интерактивті түрдегі электронды оқытуды жасау және жүзеге асырудың жүйелі әдісі деп санауға болады. Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: «Компьютерлік   техниканы, интернет, телекомуникоциялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру керек» деген еді. Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып табылады. Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогиколық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-комуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Әр оқытушы интерактивті тақтамен жұмыс жүргізуді толығымен меңгеруі қажет. Мен өз сабақтарымда интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың жаңа ойларын, әсерлі идеяларын тартымды етіп көрсететіндігін аңғардым. Жаңа материалдарды бірігіп талдауда маңызы зор. Бұл тақта арқылы оқушы жаңа ақпараттарды жеңіл түрлендіреді, жаңа нысандарды жасауға және жылжыту тиімділігіне жеткізеді. Кейбір идеяларды түсіну үшін қойылған дұрыс сұрақтар дискуссияны өрбітіп, оқушылардың материалдарды жақсы түсінулеріне жетелейді. Сонымен қоса талдау жүргізуді басқара отырып, пән мұғалімі оқушылардың шағын топтарда жұмыс жасауына жол сілтейді. Осыны басшылыққа ала отырып, мен барлық оқушылардың интерактивтік тақтаға назарын аударып, алдын ала дайындалған материалдарды жеңіл түсінулеріне, кей қиындығы жоғары есептердің шығарылу жолдарын тақтадан көрсету арқылы уақытты үнемдеуге ықпал жасай аламын.Сабақ беру барысында компьютерлік желілер технологияларын қолдана отырып, бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылардың компьютердің негізгі құрамымен бірге интернет  желісінен  ақпарат іздеуді меңгеру машықтығы көрінеді. Интернеттен кез келген аудиовизуалды ақпарат алуға және оны оңайлықпен қолдануға, сонымен қатар мұғалім мен оқушының арасында ақпаратты қарым-қатынас орнатуға кең мүмкіндік береді. Ақпараттық  технологияның мұғалімдерге берер мынадай мүмкіндіктері байқалды:

мұғалім  үздіксіз  ізденіс  үстінде жүреді; жеке тұлғаны қалыптастырудаға  жауапкершілігі артады; инновациялық  технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс-тәсілі артады, жас мамандардың қызығушылығын туындатады;
мектептегі басқа пән мұғалімдерімен тәжірибе алмастыру арқылы ұжымның ұйымшылдығының  ұйтқысы бола алады; интернетке кіру жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс-тәжірибе алмасуды қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс- тәсілдерін  игеруге қол жеткізеді;
мұғалім сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады  .

Ақпараттық технологияның оқушыларға берер мүмкіндігі :

түрлі ақпараттық, бейнелік, дыбыстық анықтамалар арқылы білімін жан-жақты жетілдіреді, дамытады;

өз бетінше онлайн тест тапсырмаларын орындайды;
тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыптарды қосымша қайталап алуға мүмкіндік беріледі;
пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады;
ойлау, есте сақтау, пікір сайыстық қабілетті дамиды;
өз ойын сызба, сурет, кескіндеме, кесте, графиктік моделдер түрінде жеткізеді;
түрлі бейнелік, сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды;
түрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын орындап өзінің алған білімін тексереді.

Ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін айта келе, осы технологияны меңгерудегі мұғалімнің кәсиби шеберлігі, ақпараттық технологияны дұрыс және ұтымды қолдана алуы басты мәселе.   Әрбір ұстаздың мақсаты – оқытудың барлық компоненттерін пайдалана отырып, оқушыға жалпы орта білім деңгейінде терең білім беру, әрбір оқушыны жан-жақты құзыретті етіп тәрбиелеу. Математика – ерекше құдіретті ғылым, ал математика пәнінің мұғалімі баланың бойындағы ақыл, білім, парасат, сабырлық, шығармашылық  қасиеттерін бойынан аша білетін тұлға. Қазіргі уақытта математика ғылымы кең етек алып дамуда. Сондықтан математиканы оқытудың мазмұнын ашуды жүзеге асыру үшін жаңа ақпараттық технология құралдары ауадай қажет. Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып,оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады. Мен өзімнің сабақтарымда оқытудың ұйымдастыру формаларының жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс жасау түрлерін пайдаланамын. Сабақта жақсы оқитын оқушылар компьютерге жеке тәртіптермен кезекпен жұмыс істейді және тапсырмаларды  орындап болғаннан кейін жоғары деңгейлі күрделі жаттығуларды орындайды. Мұндай сабақ оқушылар тобының сабақтан жалығуына , бос отыруына жол бермейтініне көзім жетті.

Нәбиуллин Жасқанат Мұратұлы,

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің

физика-математика факультеті,

математика мамандығының 1-курс магистранты

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.