Алматы қаласы,Түркісіб ауданы С.Байжанов атындағы 162 мектеп гимназиясынада елімізде болып жатқан жағдайларға түсінушілікпен қарап,ертеңгі болашағымыз үшін үйден шықпай білім алу үшін ата-аналарға, оқушыларға түсіндіру жүмыстары жүргізіліп отырады.Мектеп әкімшілігі,пән мұғалімдері,сынып жетекшілер күнделікті өткен сабақтар туралы кері байланыстар жасап,оқушылардың сабақтарда кездесетін кедергілермен қиыншылықтарды болдырмау үшін байланыс жасалып,шешу жолдары анықталады.Сынып жетекшілер әр апта сайын оқушылармен тәрбие саласы бойынша бейнеконтент әзірлеп онлайн режимінде жұмыс жасауда.
Оқушылар мен ұстаздар ғаламтор желісі арқылы болып жатқан онлайн сабақтар,олимпиадалар,байқауларға қатысып,өз білімдерін сынауда.
9-11 сынып оқушыларына мамандық таңдау бойынша кәсіби бағдар берілуде және болашақта өзі таңдаған мамандық иесі болуға ғаламтор желісі арқылы сынақ тесттер тапсырып,болашаққа бағыт алуда.
Қашықтықтан білім алу арқылы оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға,ізденуге,керекті ақпараттарға қол жеткізуге мол мүмкіндік барына көз жеткізді. «Білімді ұрпақ-ел болашағы десек» соның дәлелі бүгінгі қашықтықтан білім алу.Әр бала өзіне қажетті ақпаратқа толық қол жеткізіп,өз білімін дамыған 30 елдің қатарынан көре алатынына сенімді.Әрбір шәкірт қашықтықтан оқытуды бүгінен бастап меңгерген болса,болашақта ғаламтор желісі арқылы қаншама елдің тілін біліп,үйде отырып шет мемлекеттерден білім алуының алғашқы баспалдағының дәлелі.
Оқушылардың әлеуметтік құқұғының теңдігі (олардың тұратын жеріне,денсаулығына қарамастан) барлығы бірдей білім алуда.Осындай мүмкіншіліктерге жеткізуге өз қол ұштарын берген азаматтарға ата-аналармен оқушылар атынан үлкен алғысымызды білдіреміз.
Ұстаздар өз шәкірттерін сапалы нәтижиелі білім беруді мақсат еткен,әр ұстаз өз тәжірбиесін жаңашылдық арнасына бағыттап,әр әдісін тиімді пайдалануда.Қашықтықтан оқыту ұстаз бен ата-ана арасын жақындатып,ұстаз еңбегін түсінуге жол ашты.
Мақала авторы: Найзабекова Алмагул Кыдырбековна