Home » Мақалалар » «Қашықтықтан білім беруде жас маман тәжірибесі!»

«Қашықтықтан білім беруде жас маман тәжірибесі!»

Сүлейменова Айымгүл
Қарақия аудандық білім бөлімі
«Құрық ауылының №11 орта мектебі» КММ-нің
Биология пәні мұғалімі

Елімізге келген әлемдік пандемия кезінде коронавирустық инфекциясының алдын алу мақсатында білім беру жүйесінде оқытумен тәрбие беру бағыты барлық жерде бірдей  қашықтықтан оқытуға көшкен болатын. Қашықтықтан оқыту расында да цифрлық жүйенің құзыреттілігін дәлелдеп отырғандай,  адамдар өздерін дамытуға қашықта отырыпта іске асыруда. Қазіргі таңда мұғалім ретінде қашықтықтан оқытуда қолданыстағы ең тиімді мессенджерлер қатарына «Whatsapp» және «Тelegram» желілерін жатқызар едім, себебі мен тікелей осы екі мессенджерлер арқылы оқушылармен байланысып,  оқыту процесін ұйымдастырып отырмын. Сабақ процесіне қажетті ақпараттармен видеороликтер алдын ала даярлап, оқушылардың қабылдау деңгейін ескере отырып, «Whatsap» мессенджері арқылы негізгі ақпараттарды жолдап отырамын. Бұл мессенджерлерді қолдану оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де ыңғайлылық тудыруда, сондай-ақ бұл желілерді де зерттеп көрсек, тиімді көбіне қолдана бермейтін қырлары да кездеседі. Бұл мессенджерлер арқылы оқушыларға қызықтырақ болатындай жолдарын да қарастырып көруге болады. Мысалы «Тelegram» желісінде «Сұрақ-Жауап» айдарын немесе диаграммалар бөліміне тақырыпқа байланысты сұрақтарыңызды енгізсеңіз, оқушылар оған жауап берерде жәй ғана жауаптар батырмасын басу арқылы жауабының дұрыс немесе бұрысын бірден анықтай алады. Бұл жүйені 7-10 сынып оқушыларына кері байланыс (рефлекция) немесе бекіту тапсырмаларын орындатқан кезде жиі пайдаланып жүрмін. Оқушыларға да бұл «Сұрақ-Жауап» айдарына жауап беріп, тікелей қатемен жұмыс жасаған ұнап жатыр. Бұл жүйенің тиімділігі оқушыны жауабынан қателескен жағдайда бірден қате жауабымен қатар, дұрыс жауабында көрсетіп отырады.

 

1-сурет. Тelegram мессенджері арқылы бекіту тапсырмалары мен кері байланыс алу барысы

Қашықтықтан оқытуда оқушылармен бірге сергіту сәттерінде өткізіп отырамын. Сергіту сәттеріне оқушыларымда дағдыланып алған, мен «Сергіту сәті»  деп хабарлаған кезде, көз бұлшықеттеріне арналған жаттығуларды және дене жаттығуларын жиі  жасап тұрады. Оқушыларға  мотивациялық қолдау көрсету мақсатында оқуға деген әрбір талпынысын бағалап отырамын. Көптеген оқушыларымыздың талабы таудай, өздерінің түсінгендерімен бөлісіп, өз беттерімен тақырыпқа байланысты қызықты бейнеролик түсіріп, жолдап жатады. Мысалға Биология пәнінен өткен «Тозаңдану және ұрықтану» тақырыбы аясында оқушым Курбанбаева Айдана өз бақшасындағы өсімдіктің және бөлме өсімдіктерінің гүл құрылысының суретін жолдап, оқулықтағы ақпаратқа сай салыстырмалы түрде құрылысын дұрыс баяндап берді. Осыған ұқсас жағдаяттар оқушылар тарапынан қашықтықтан оқыту барысында жиі жолданып тұрады.  Оқушылардың осындай қадамын әлбетте мен педагог ретінде өте жоғары бағалаймын. Оқушыларды бағалауда қазағымның құлаққа жағымды терминдерін жиі қолданып, оқушыларды жігерлендіріп отырамын. Оқушыларға «Керемет», «Жарайсың», «Өте жақсы» ,«Тамаша», «Жүйелі жұмыс», «Сенің талабың зор» деген сөздерді жиі қолданумен қатар, әр түрлі смайликтерді жіберу, оқушылардың сабаққа ынтасын жоғарлатумен қоса көңіл күйінде көтеріп қоямын. Бұл әдісті оқушыларыма қолданған сәтте, оларда қуанып, алғыс айтып жатады.

Қашықтықтан оқыту барысында мен педагог ретінде өзімнің жаңа қырларымды және одан әрі мүмкіндіктеріммен білімімді жетілдірдім деп толық айта аламын. Білім берудің қай формасы болмасын қазіргі заман технологияларын әр маман пайдаланып білсе, керемет жетістіктіктерге жетері анық. Менде өзімнің жаңа қырларымды ашып, жаңаша білім беру жүйесінде әртүрлі тиімді жолдарын ізденіп жүрген маманмын! Қиындықта біз біргеміз! Басымыз аман, еліміз тыныш болсын!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.