Home » Мақалалар » Мұғалім-сенімді арқалаған ұлағатты жан.

Мұғалім-сенімді арқалаған ұлағатты жан.

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
«Құрық ауылы №6 орта мектебі» КММ
Танбаева Нуржамал Байбакитовна
«Көркем еңбек» пән мұғалімі

Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.
                               Абай Құнанбаев 

Қазіргі еліміздегі қиын-қыстау кезеңдегі төтенше жағдайға байланысты мектептердің уақытша жабылып,оқушылардың қашықтықтан оқу жүйесі тарихта қалатын тың жағдай болды.

Осындай кезеңде мектеп оқушыларының IV тоқсан барысында қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша дер кезінде дұрыс шешім қабылдай білген , ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қанатұлына ұстаздар атынан көп рахметімізді айтамыз.

Себебі, ұстаздар мәртебесін көтеріп,сенім білдіріп,қолдау көрсетуі, «Балапан» «Ел арна»  телеарналарынан сабақтың сапалы ұйымдастырылуы, оқушыларға тиімді әдіс-тәсілдермен ұсынылуы , ата-аналардың ризашылығына бөленуі құптарлық жағдай болғаны сөзсіз.

«Көз қорқақ,қол батыр» демекші біздер жұмысты дер кезінде бастап,қазіргі таңда бір жүйеге түстік деп айта аламыз.Осындай жағдайда оқушылардың сенімді серігі,сырласы,өз ойын ашық айтып дұрыс бағыт-бағдар беруші адам, ол ұстаз деп білемін.

Қазіргі жағдайда жақсы мұғалім бәріненде қымбат.Өйткені мұғалім- мектептің жүрегі, оқушылардың тірегі,ата-аналардың ақылшысы болып отыр.

Ұстаз болу-өз уақытын аямай,берілген талаптарды бұлжытпай орындап, шәкірттеріне саналы тәрбиемен қоса,сапалы білім беріп, бақыттарын бағалау деп білемін.

Біздің өміріміздегі қуанышты сәттеріміз бен жететін жетістіктерімізге себепші болған шәкірттерімізді сағындық.Әрбір сабақты сағына күтіп отыратын шәкірттеріміз хал-жағдайымызды сұрап,жарыса сұрақ қойып,жақсы лебіздерін айтқан кезде еріксіз көзіме жас келеді.Алладан бас иіп сұрайтыным, өмірімізді жарқын етіп,шәкірттерімізбен тез арада қуанышпен жүздестіруді бұйыртса екен деймін.

Әріптестерімнің отбасына амандық,дендеріне саулық,еңбектеріне жеміс, берекелі табыс,білімді шәкірт,аяулы ата-ана,көркем мінез,сабыр тілеймін.

Халқымыз аман,еліміз тыныш болсын! Біз біргеміз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.