Home » Жаңалықтар » Бос жұмыс орындары көп!

Бос жұмыс орындары көп!

Дипломыңыз қашанға дейін шаң басып қалмақ? Бос орындар жәрмеңкесі туралы естуіңіз бар ма? Ендеше оқыңыз! Нұр-Сұлтан қаласында «бос орындар жәрмеңкесі» өтті. Аталмыш шара елорда бойынша алғаш рет болып жатқан жоқ. Таңертең шамамен 9:30 дарда басталған жәрмеңке түскі үзіліс уақытына дейін жалғасын тапты. Макарон өнімдерін шығаратын «Цесна» компаниясы, белайн абоненттерінің орталықтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлерге дейін жұмыстар ұсынылды. Тіпті әскери қызметке де ұсыныспен келгендер болды. Кез-келген жұмыс іздеген азамат/азаматша шертіп тұрып таңдауына да мүмкіндік аз болмады. Бірі орыс тілді, бірі енді қазақшаға судай. Дегенмен, жұмыс берушілердің көбісі оған қараймыз демейді. Әрине, сол кезде жұмыс іздеушілер таңдағанмен, үміткерлердің саны артқан кезде, ұсынушының шертпек түгілі, наздануына да шамасы бар. Әйткенмен, барлығына керегі сапа. Шара 25-26 күндеріне жоспарланған. Демек, сізде әлі де мүмкіндік бар. Кел, сына, сынал, бағың жансын. Жұмыссыздардың санын азайт. Еліңе қосқан үлесің сол болсын!

Мирас ХИЗАТОЛЛА,
«Білім айнасы» Нұр-Сұлтан қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.