Home » Мақалалар » Мектепке дейінгі балалардың ойын технологиясы арқылы оқу танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру

Мектепке дейінгі балалардың ойын технологиясы арқылы оқу танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру

Сабанбаева Жумакул  Сайлаукызы ,
Астана қаласы әкімдігінің
№ 76 «Әдемі» балабақшасының тәрбиешісі

     Егеменді еліміздің бүгінгі күнге қойған басты міндеттерінің бірі қоғам сұранысына сай дүниетанымы қалыптасқан, ақыл – ойы кемелденген, өнегелі жастар тәрбиелеу. Жеке адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасының жүйесі дүниетанымды тұтас жүйе ретінде қарастырады. Ойын технологиясы арқылы балалардың танымдық белсенділігін арттыру олардың өмірлік жолын анықтаудағы ұмтылысы болып табылады. Сонымен қатар, балалардың іс — әрекет ерекшелігіне: өзіндік мақсаты мен нәтижесінің болуы. Оқу нысанының ерекше сипаты (ғылыми білім, болашақ қызметі туралы ақпарат және т. б.).  Бала іс — әрекетінің жоспарлы жағдайда өтуі (бағдарлама, оқыту мерзімі). Оқыту құралдарының болуы — кітаптар, лабораториялық құрал — жабдықтар, болашақ кәсіптік еңбектегі модельдер, техникалық құралдар, т. б. жоғары интеллектуалды жүктеме  жатады.
Балалардың танымдық белсенділігі оқу үрдісінде қалыптасады. Белсенді оқу — танымдық іс — әрекетінің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі балалардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу болып табылады. Демек, балалардың оқу — танымдық белсенділігін қалыптастыру — оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты ретінде қарастыру қажеттілігі туындайды.  Баланың белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болатындығын айтты. Олар: сыртқы және ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз — бала әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл — қозғалыстары, практикалық әрекеттері, тәрбиешіге зейін қойып қарауы, т. б.). Баланың ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандай да болсын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес. Баланың танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқу барысында баланың танымдық белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше танымдық ықылас — ынтасын, шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастыру қажет. Баланың қабылдауы, негізінен тәрбиешінің сабақты жүйелі түрде жүргізуіне байланысты. Балалардың жаңа материалдарды қабылдауына негіз болатындай етіп даярлық жұмыстары жүргізіледі. Балалардың оқу — танымдық қызметін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Баланың өзіндік сезімдік танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы, әсерленуі) негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады деген ойдамыз.

19 комментариев

  1. Жумакул Сайлаукызы,биликти маман, тамаша тарбиеши!!!
    Балаларга кунделикти берип жаткан тарбиеси, билими, махаббаты, мейирими ушин алгышым шексиз🙏🏻🙏🏻🙏🏻
    Енбегиниздин жемисин коре бериниз🙏🏻👏🏻

  2. Жұмакул апай білікті маман,керемет кісі!!!

  3. Жұмакул Сайлауқызы керемет білікті маман! Өз жұмысына асқан жауапкершілікпен қарайды, балаларға деген мейірімі мен махаббаты сүйсіндіреді!

  4. Балабақша қабырғасында тәрбиешілердің де мақала жазып, ғылыми ізденіске қызығушылық танытқаны құптарлық әрекет. Әсіресе баламызға тәрбие беріп, күні бойы қамқорлық жасайтын Жұмакүл Сайлауқызының осындай пікірін оқып, қуанып қалдық.

  5. Апай енбегиниз Жана берсин тек алга

  6. Жумакул Сайлаукызы еңбегіңіз жана берсін! Сіз нағыз білім саласының адамысызғой, биіктен көріне беріңіз!

  7. Жұмагул апай Еңбегіңіз жаңа берсің! Біліктә Маман керемет адамсыз😍😘🥰🥰🥰

  8. Жумагул Сайлауқызы еңбегіңіз бағаланып, биіктен көріне беріңіз. Сәттілік тілеймін!

  9. Нұржамал

    Жұмагүл Сайлауқызы ізденімпаз, жаңашыл педагог , еңбегіңіз жемісті болсын

  10. Жұмакүл апай білікті маман
    Менін баламнын тәрбиешісі
    Осындай мамандар көп болсын

  11. Апай өз саласынын білгірі
    Керемет тәрбиеші
    🫶🏻

  12. Жұмагүл Сайлауқызы мен білетін өте керемет сыпайы, білікті тәрбиеші. Сізге Аллаһ разы болсын. Еңбегіңіздін жемісін көріңіз! Бейнетіңіздін зейнетін көріңіз!

  13. Бауыржан

    Жұмакүл апай өте білікті маман екенін айтқым келеді. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз

  14. Бұд апай туралы айтатын өте әнгіме көп
    Бұл кісінің тұлғалық қасиеті өте жоғары деңгейде
    Балаларымыздың бойына сіңеді деген үміттемін!

  15. Жумакул Сайлауқызы еңбекқор , білімді білікті , өте мейірімді маман. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз.

  16. Назерке

    Жұмакүл Сайлауқызы, өз ісінің нағыз маманы. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз.

  17. Жұмакүл өте еңбекқор жан жақты білімді мейірімді өз ісінің шебері Еңбегің жансын абыройлы бол

  18. Заманбек

    Жұмакүл Сайлауқызы өзі ісінің білікті маманы әрі қаншама жылдық тәжербиесі жоғарғы деңгейдегі маман . Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз шаршамаңыз әрқашан күліп ойнап жүре беріңіз .

  19. Жұмакүл Сайлауқызы- тәжірбиесі мол, білікті маман. Өз ісінің шебері. Менің кіші ұлым Жұмакүл Сайлауқызының тобында. Бұл — балабақшадағы ең кіші топ. Әдетте мұндай топтағы балалар балабақшаға барғысы келмей, таңертен жылап қалады. Бірақ, біздің топта ондай балдырғандар бірең-сараң. Керісінше, демалыс күндері апайларын сағынады. Бұл таңертен күлімдеп, әр баланы “ ботам” деп қарсы алатын апайымыздың мейірі мен біліктілігі болар. Кіші топ болса да ерінбей, жалықпай әртүрлі көрнекілікті дайындап, тыңғылықты ізденіп, барлық мерекелік шаралардан қалыс қалған емес. Ашық сабақтар өз алдына! Топтағы балдырғандардың тілі дұрыс шықсын деп, оларға моториканы дамытатын ойындарды жиі ойнатады. Көптеген ойын-тәсілдерді өзіміздің ұлттық-дәстүрден алатынын байқаймыз. Креативті маман. Осындай тәжірбиелі мамандардың ғылыми мақала жазып, жас тәрбиешілерге әдістемелік нұсқаулар көрсеткенін құптар едім.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.