Home » Мақалалар » Дарынды оқушы дайындау – парызымыз

Дарынды оқушы дайындау – парызымыз

Токмурзина Айгерим Дуйсенбаевна,
Астана қаласы әкімдігінің
№ 76 «Әдемі» балабақшасының тәрбиешісі

     Ұлы Абайдың «Тегінде адам баласы адам баласымен ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», — деген сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Өйткені, қашанда озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады. Дарынды, талапты балалар – бүгінгі егемен еліміздің жарқын болашағы.
Бүгінгі таңда ұрпақтарымыз, ел болашағының алтын кілті білімде екенін мойындап келе жатыр. Бұл жөнінде көрнекті ағартушы Ш.Уәлиханов осыдан бірнеше ғасыр бұрын былай деген: «Халық кемеліне келіп дамуы үшін екі-ақ нәрсе керек. Онын біріншісі-азаттық, екіншісі-білім» — деген екен.
Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде оқушы шығармашылығын дамыту қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Бәсекелестік және білім саласына қойылатын талап күшейген сайын білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер болуда. Заман талабына сай балаларды тәрбиелеу – басты мақсат.
«Бұлақ көрсең – көзін аш» дегендей, дарынды балаларды халық алдында алып шығатын да, бойындағы өнерін бағалайтын да, шәкірттің терең білім алуына жағдай жасайтын да ұстаз. Бұдан шығатын қорытынды, тәрбиеші-мұғалім теориялық білім мен қоса әдістемелік шеберлігін ұштастыра білгенде ғана мұғалім болмақ.  Әрбір ұстаз шәкіртінің жан-жақты дамуына, оның бойындағы шығармашылық қабілетті ашу жолында тынымсыз ізденісте болуы керек.
Белгілі зерттеуші, психолог Н. С. Лейтес қабілетті балалардың 3 категориясын анықтап берген болатын. Бірінші категория ой-өріс қабілеті ерте жастан байқалған балалар. Екінші категория- жеке бір іс-әрекет түрімен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар. Үшінші категория — дарындылық күш-қажырымен ерекшеленетін оқушылар. Ой-өріс қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушыларға мектептегі оқу кезіндегі қарқындылық тән. Кейбіреулерінің ақыл-ойы табанды түрде дамиды да өз қатарластарын басып озады. Олардың ақыл-ойының кемеңгерлігі сонша, оларды байқамау мүмкін емес. Мұндай балалар 3-4 жастан оқуды, жазуды, сызуды үйренеді де, өсе келе белгілі бір ғылым түрлерімен шұғылданады. Олардың қызығушылығы ауысып отырғанымен, ақыл-ойға салмақ салатын пәндерге талпынысы төмендемейді. Баланың дарындылығы байқалмайтын жағдайлар да кездеседі. Кейде тіпті баланың есейген шағында сирек кездесетін қабілеттері көрініс тауып жатады. Балалардың бойында белгілі бір қабілеттің жарқын көрінісі, ой-өріс деңгейінің жалпы көрінуімен, дамуымен, ғылымның, өнердің арнайы бір саласына бейімделуімен сипатталады.  Үшінші категорияға жататын оқушылар жалпы дамуы жағынан өз қатарларының алдына шықпайды. Бірақ ақыл-ойының өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді деген.

17 комментариев

  1. Өте дұрыс айтылған. Әр сөзде терең мағына бар. Осындай білімді ұстаздарымыз көп болса, нұр үстіне нұр.

  2. Сіздің ойыңызбен 100% келісемін. Бала тәрбиесі жағынан үлкен үлестерін қосатын осындай тәрбиешілеріміз көбейе берсін.

  3. Келісемін! Сіздей білікті ұстаздар мен тәрбиешілер көп болса екен, бұл біздің балаларымыздың тәрбиесі үшін өте маңызды.

  4. Айгерим Дуйсенбаевна өз ісінің білікті маманы.
    Әр кезде балалармен түрлі-түрлі жұмыстар өткізеді. Өзіндік Көптеген жаңа және шығармашылық (креативті) идеялары бар. Жүзеге асырылуын әр мерекелік іс-шара болсын, күнделікті болсын, әрдайым бақылап отырудамыз. Балаларымызда жақсы әсер алып, қуана-қуана барады.
    Осындай ұлағатты да жанашыр ұстаздарымыз көп болғай.

  5. Сандугаш

    Өз ісін сүйетін, жауапкершілік пен мейірімнің, ізденімпаздықпен, шығармашылықтың үлгісі!
    👏👏👏

  6. Нурбагила

    Өте білімді ұстаз,балалармен жұмысты өте жоғары деңгейде өткізеді.
    Мұғалім,тәрбиеші,психолог апай ғой.
    Білікті мамандар елімізде көбейе берсін

  7. Айгерим Дуйсенбайкызы 👍🏻👍🏻👍🏻 Балаларымыз сизден талим-тарбие алатындарына катты куанамыз! !!

  8. Өз жұмысын жүз пайыз білетін маман! Біздің балаларға беріп жатқан тәрбиеңізге, еңбегіңізге рахмет!

  9. Өте дұрыс айтылған. Ұстаздан білім, тәрбие нәрін алған бала ешқашан опық жемейді. Айгерім білімің, ізденімпаздығың әріқарай арта берсін. Еңбегің жана берсін💐😘

  10. Өз ісінің нағыз шебері, білікті де білімді, жаңашыл ұстаз. Өте белсенді, еңбекқор тәрбиеші. Жарайсың, еңбегің юана берсін🤗

  11. Кімнің ақылды, тартымды әйелі мына кісі)))
    Жұмысыңның жемесін көріп, тәрбиелеп жатқан балларың әрдайым озат, мақтаныш болсын😘

  12. Кімнің ақылды, тартымды сүйген жары мына кісі)))
    Жұмысыңның жемесін көріп, тәрбиелеп жатқан балларың әрдайым озат, мақтаныш болсын😘

  13. Айнур A.

    Айгерим Дюсембайқызы өзін өте жақсы жағынан көрсете білді, сонымен қатар тәжірибелі тәрбиеші, балаларға жанын беретін және үлгілі мұғалім! Көп рахмет, биіктен көріне беріңіз!

  14. Айгерим Дуйсенбайкызы, нагыз узстаз!!!
    Билимди,сауатты маман 👏🏻кунделикти балаларга берип жаткан тарбиесинен, билиминен коринип ак тур!
    Откизип журген ашык сабактары оте кызыкты, коп изденис устунде журетин тарбиеши екени коринеди.
    Енбегиниздин жемисин корип,осе бериниз👏🏻🙏🏻Тарбиеленушилериниз бииктерден корине берсин🙏🏻☺️

  15. Айгерим Дүйсенбайқызы өз ісінің мықты маманы .Балалармен қалай жұмыс жасау керек , әр балаға подходты мықты табады .Айгерим апай топқа келгелі қызым да балабақшаға қуана барады ,Топтың өзінде балаларға қызықты неше түрлі ойындар жүргізіп ,ата-аналарга қызықты фото видеолар жіберіп отырады !Жұмысыныздың жемісін көріңіз

  16. Жұмысыңыздың жемісін көріңіз, тәрбиелеп жатқан әр бір шәкіртіңіз биік белестерді бағындырар азамат, азаматша болсын

  17. Бала тәрбиесі оңай жұмыс емес, еңбегіңіз бағаланып, биіктен көріне беріңіз. Сәттілік тілеймін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.