Home » Балабақша » Асық ойыны туралы түсінік

Асық ойыны туралы түсінік

Абдибаева Аягоз Серікқызы,

«Балдырған» бөбекжайы КМҚК тәрбиешісі,

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы

Екінші кіші жас (3-4 жас) тобының

балаларына арналған «Байқампаздар»

вариативтік компонентінің бағдарламасы

      Қазіргі таңда мектепке дейінгі  екінші кіші  жаста ерекше назар аударатын тәрбие түрі-сезім тәрбиесі. Сезім тәрбиесі алдымен қоршаған ортадағы болмысты қабылдау мен  түйсікке негізделеді.

Ең алдымен таным көзі-сезім арқылы қабылдауы, бала өз тәжірибесінен бақылап, көріп тануынан тұрады. Сезіну процесі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды.

Баланың логикалық ойлау түсінігі ең алдымен ,оның сезінуі мен байланысты. Баланың танымдық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы, жасерекшеліктеріне байланысты болып табылады. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлттық ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған. Біз солардың ел есінде сақталған үлгілерін келтіріп отырмыз.

Біріншіден асықтарды құрастыру әдісін пайдалана отырып, балалармен бірлесе құрастырудың түрлерін жасауға болады.

Екіншіден  ұлттық асық ойындарын жаңа заманға сәйкестендіріп ойнауға болады. Мәселен, алшы ойынында дәл ережедегідей асықтарды қаз-қатар тізіп қойып, атуға болады, алайда ойынға қызығушылық арттыру үшін асықтардың үстіне тәтті кәмпиттерді қойып атсақ, атылған асықтың үстіндегі кәмпит соныкы болмақ екенін айтып ойынға қызықтыру.

Сенсорлық ұғымдармен жалғасатын бұл ұйымдастырылған оқу қызметі,  сенсорлық ұғымдарды қалыптастырудың алғашқы баспалдағы деп ойлаймын. Мектепке дейінгі екінші кіші жас тобында сезімдік және құрастыру жұмыстарын орындау барысында баланың  сенсорлық  ұғымдар жөніндегі түсініктері қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік эталондарды игеруі балабақшада тәрбиелеу мен білім бағдарламасында көрсетілген геометриялық пішіндермен, түстер мен танысудан басталады. Мұндай танысу негізінен көпшілік қабылдаған үлгілерден басталады да, тиімді іс -әрекеттердің көптеген түрлерін меңгеру үрдісінде өтеді. Тәрбиеші ақыл-ой, сезім тәрбиесінің міндеттерін ойын формасында қойып, оны ойынмен байланыстырады.

Бағдарламаның мазмұны: балалардың қабылдауы мен ұғымын дамыту үшін білімді меңгеру, дағдыны қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінде  емес қызықты ойын әрекетінде (Алшы, Ханталапай, Тасқала) іске асады.

Мақсаты:Қазақ халқының ұлттық ойындарын   сенсорлық  ұғымдармен  қалыптастыру жұмыстарын тереңдете үйрету (балалардың сезімдік қабылдауына,түйсігінің дұрыс бағытта қалыптасуына жағдай жасау).Міндеттері: -Балаларды бірыңғай заттарды сезімдік белгілеріне қарай (көлемі, пішіні, түсіне байланысты) топтауға үйрету; -Баланың қабылдау, ес, ойлау сияқты психикалық процестерін дамыту;

 

Күтілетін нәтижелер:

Нені біледі: Заттардың қасиеттерін анықтау мақсатымен оларды тексере білуге және бес түсті (ақ, қара, қызыл, сары, көк) ажырата атай білуге үйренеді;

Қандай түсініктерді игерді: Сезімдік тәрбиеде құрастыру жұмыстары арқылы үйренген сөздерін (Асықты тігіп ойнау, Тасқалау, Ханталапай, асықтарды санау, асықтарды түсіне қарай орналастыру, асықтарды салыстыр, асықтарды түсіне қарай жіптерден өткізут.б ) толық меңгеру;

Қолданады: Асықтарды, қол маторикасына арналған ойыншықтарды, түстерді және пішіндерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Баланың өз бетімен жұмыс істеуі;

Бағдарламаның мерзімі: Мектепке дейінгі екінші кіші жас  тобында  аптасына 1 рет, жылына 36 сағат,

1 жылға құрылған.

Пікір

Алынған «Байқампаздар әлемі» бағдарламасы метепке дейінгі екінші кіші жас тобының жас ерекшеліктеріне сәйкес, сенсорлық білім мен асықтарды құрастыру әдісін пайдалану негізінде балалардың ақыл-ой қабілеттерін қалыптастыруға лайықталып құрылған.

Бағдарлама мектепке дейінгі әсіресе екінші кіші жас тобында ерекше назар аударатын тәрбие түрі – сезім тәрбиесіне байланысты алынған.

Бағдарламада қызықты ойындар, шығармашылық тапсырмалар, жұмбақтар, өлеңдер, тақпақтар, мульт  топтамалар жасалған.

Әртүрлі қызықты материалдарды қолдану педагогикалық үрдістің тиімділігін арттырып, баланың ақыл-ойының дамуына үлкен ықпал ете отырып, балалардың ойлауына, есте сақтауына себеп болады.

Қазір балалар ойын автоматтары, интернет сынды зиянды ойындарға әуес болып барады. Кез-келген ойын автоматтарына бас сұқсаң көбіне көп қазақтың баласын кездестіресің. Біріншіден, бұл ойындардың адам денсаулығына тигізер залалы көп. Екіншіден, баланың ойлау қабілеті, ойлау шеңбері белгілі бір жүйеде шектеліп қалады.

Ұлттық асық тарихын ұмыт қалдырмай, жаңашыл леппен ойындар ойлап табу да әрбіреуіміздің қолымыздан келері хақ. Асық – таусылмас мұрамен қатар, таусылмас қазына деп айтар едім. Оған дәлел Б.Момышұлының айтқаны: «Асық ептілікке, мергендікке баулиды. Бұл – үлкен халықтық тәрбие »,-деп жоғарғы басшылыққа хат жазған болатын.

Бағдарламада балаларды бірыңғай заттарды сезімдік белгілеріне қарай (көлем, пішін, түсіне байланысты) топтау, әр түрлі заттарды бір сезімдік белгісі (түс, пішін, көлем) арқылы салыстыруға үйрету, сезімдік сапаларына қарайтыңдай білуге үйрету көзделген. Сезімдік материалмен жұмыс істеп, логикалық ойлауды үйренген соң бала еш қиындықсыз өзіне таныс ұғымдарды математикалық терминдерге айналдыра бастайды. Математикаға үйрену табиғи жүріп отырады.

Асықтың ерекшелігі әр түрлі іс-әрекетте бейнелеу өнерінде, құрастыру, түрлі құбылыстырды бақылау кезінде заттарды қасиеттеріне қарай білуге үйрету көзделген.

Бағдарламаның мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне лайықты, түсінігіне қонымды, балалардың алған әсерін тек сезім тәрбиесінің мақсатында ғана емес, сонымен бірге адамгершілік және эстетикалық тәрбиеге де пайдаланады. Осы бағдарламаны мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда, қолдануды ұсынамын.

Тәрбиеші:  Абдибаева А

 

ТақырыбыМақсаты   Сағат саны Мерзімі
1АсықБалаларға  асық туралы  түсініктерін кеңейту107.09.2018

 

2Асық иірудің әдісіАсықты қос қолдап немесе бір қолмен иіріп атуға үйрету.114.09.2018
3Асықтарды тігіп ойнауАсықтарды рет-ретімен тұрған жерінен атуға үйрету121.09.2018
4Асықтарды салыстыр!Асықтарды  салыстыра білуге үйрету128.09.2018
5Асықтардың  түсін ата!Асықтардың түстерін ажырата білуге үйрету105.10.2018
6Көңілді қыстырғыштарАсықтарды түсіне қарай қыстырғышпен қыстыру.112.10.2018
7«Асық ату»Асық ойынының ең бір ептілікті қажет ететін тұсын үйрету119.10.2018
8«Түстері бойынша топтау»Түстері әр түрлі, біркелкі заттарды екі топқа бөліп таптауға  үйрету.126.10.2018
9ТасқалаШеңбер бойына асықтардан пирамида құрастыруға үйрету102.11.2018
10Асықтарды  түсіне қарай  бөлу.Асықтарды түстеріне қарай жинақтау109.11.2018
11Ұзын- қысқа жолдар

 

Тор көздер арқылы мәреге ұзын – қысқа жолдармен жету.116.11.2018
12Бүк түрін шік түрінен ажыраттыруБүк түрін шік түрінен ажыратып жинауға үйрету123.11.2018
13«Мұнара құрастыру»Асықтардан  мұнара құрастыруға үйрету130.11.2018
14Көліктерфетрдан қиылған көліктерге түсі бойынша асықты дөңгелектерді орналастыру107.12.2018
15Асық иіруБалаларды асық иіре білуге  үйрету114.12.2018
16Жасырын асықтарҚұмға жасырылған асықтарды тауып асықтардың түстерін ажырату.121.12.2018
17«Ханталапай» ойыны»Балалардың жылдамдығын жеделдету,жүйке жүйелерін шыңдау.128.12.2018
18Мен сияқты жасаҚарапайым әдіспен екі құрамды пирамида жинауға үйрету (көлемі және түсі бойынша)104.01.2019
19Алшы түрін тәуке түрінен ажыратуАлшы  түрін тәуке түрінен ажыратуға үйрету.111.01.2019
20Алтын сақа ойыныОйын арқылы балалары ептілікке баулып сақаларды санау.118.01.2019
21Көңілді шеңберАсықтарды шеңбер бойымен бүк,шік түрлері бойынша тізбектеу125.01.2019
22Асықтарды балауызға орналастыруАсықтарды түстері бойынша балауыздарға орналастыру.101.02.2019
23Асықтарды санаймызШоттағы асықтарды санап балалардың қол моторикасын дамыту, санауға үйрету.108.02.2019
24Кім мерген?Асықтарды қорапшаларға дәлдеп лақтыру.115.02.2019
25ДойбыАсықтарды тәйкесінен тізіп дойбы атуға  үйрету.122.02.2019
26Массажды қолғаптарАсықтан  тігілген  қолғап арқылы балалардың қолдарына, арқаларына, аяқтарына массаж жасау арқылы бұлшықеттерін дамыту

 

101.03.2019
27Ғажайып сақиналарФетрдан жасалған сақиналарды асық түсіне қарай тізбектеу.115.03.2019
28«Саусақтар жүреді» жаттығуҚол моторикасына арналған жаттығу жұмыстарын ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.129.03.2019
29Люли сақинасыАсықтарды реттік саны бойынша түстеріне сай топтастыру105.04.2019
30Біздің үйПішіндерге асықтарды толтыру арқылы үйдің бейнесін жасауға үйрету.112.04.2019
31Асықтардан пішін құратуАсықтарды тізу әдісі арқылы әр түрлі пішіндерді құрастыру.119.04.2019
32Үлкен кішіні ажыратуСиырдан қойдан алынатын асықтар туралы түсінік беріп қорапшаларға көлемдері бойынша жинау.126.04.2019
33Жыл мезгілдеріФетрден қиылған асықтарды жыл мезгілдеріне түсі бойынша орналастыру103.05.2019
34Сыңарын табуБүк- шік түріне қарай асықтардың сыңарын табу.110.05.2019
35БағдаршамБағдаршам түстері бойынша асықтарды жинау117.05.2019
36Асықты баудан өткізуАсықтарды баудан түсіне қарай өткізу

 

124.05.2019

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.