Home » Ашық сабақтар » МАТЕМАТИКА  сабағындағы дидактикалық ойындардың және ұлттық ойындардың маңызы

МАТЕМАТИКА  сабағындағы дидактикалық ойындардың және ұлттық ойындардың маңызы

Айтаева Умида Сатиболдиевна
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы
Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты. Ойынсыз ,музыкасыз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл ой- тәрбиесі болмайды.

Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемісі бар:
1.Білім беретін ойындар.
2.Тәрбиелейтін ойындар.
3.Дамытатын ойындар.
4.Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.
5.Диагностикалық ойындар.

Халық ойынының келелі бір мақсаты-баланы жан-жақты тәрбиелеу болғандықтанбір ойын түрліше ойналуы мүмкін, сондай-ақойлануға берілген сұрақтың түрліше жауабы болуы мүмкін.

Ойындардың ықтималдық стратегияларды зерттеудің математикалық әдісі ойындар теориясы деп аталады. Ойындар олар жөніндегі ақпараттың толықтығына байланысты толық ақпаратты  және толық емес болып бөлінеді. Толық ақпаратты ойында әрбір қатысушы ойынның кез-келген сәтінде ойынға қатысушылардың жағдайы жөнінде біледі.  «мыс:шахмат ойыны». Толық емес ақпаратты ойында ойынға қатысушы басқа ойыншылардың қандай ресурстары бары жөнінде және олардың қандай стратегияны пайдаланатыны жөнінде ақпарат болмайды.

  1. «Мұғалім оқушы »оқыта үйрету ойыны

Ойынның мақсаты:тақырыпты меңгерту
Ойынның шарты:ойын жұпқа бөлініп жүргізіледі.
1.Әр бір оқушы тапсырма алады, дайындыққа 10 минут беріледі.
2.Дайындалған соң 1 нұсқа оқушылары тірек сызба конспектілерін пайдалана отырып, 2-нұсқа оқушыларына түсіндіреді. Яғни «мұғалім рөлінде болады»
3.Рольдермен ауысады.
4.Тапсырма тақтаға жазылады
5.Бірін-бірі тексереді.
6.Сұрақтар қоя отырып, оқушыларды фишкалар арқылы бағалайды.

№1тапсырма «1нұсқа» Ондық бөлшектерді қосу
№2тапсырма «2нұсқа» Ондық бөлшектерді азайту
Ойынды қорытындылау.

  1. «Математикалық лото »ойыны:
  2. Сынып оқушылары 4 оқушыдан 3 топқа бөлінеді.
  3. 2Әр топқа құрастырмалы лото карточкалары тартылады. Әр топ дұрыс жауаптарын тауып, лото құрастыру барысында «Математикалық дәлелдеусіз ешбір ұйғарымды қабылдай алмайды.» «Омар Хаям»сөйлемін құрастырады.
  4. Өрмекші оқыта үйрету ойыны.
  5. Ойынның мақсаты:Оқушылардың меңгерген білімдерін пысықтау
  6. Ойынның шарты:

Сыныптағы  оқушылар төрт-төрттен топтарға бөлінеді. 1,2,3,4 деген белгілерді омырауларына тағады. Алдымен отырған  үстелден 3 деңгейдегі  сұраққа дайындалып ,үлгіргенінше жауап жазып қалдырады. 1-үстелдің тапсырмасын орындап болған соң келесі үстелге барып, келесі сұрақтарға жоғарыдағыдай жауап жазып қалдырып ,осылай сабақ барысында төрт үстелді айналып ,  сұрақтарға жауап береді. Әр үстелдегі тапсырманы орындауға 10 минут беріледі. Соңында жазылған парақшаларды жинап алып,мұғалім бағалайды. Әр бір дұрыс жауап 10-дық ұпаймен бағаланады, ең көп ұпай жинаған оқушыға ынталандыру сыйлығы тапсырылады.

«Брейн-ринг»оқыта үйрету ойыны.
Ойынның мақсаты:
 Ойынның шарты:
Құрал жабдығы
1.Нөмірлері және атқаратын рөлі жазылған житондар
2.Тапсырмаларға арнап төрт бөлікке бөлінген жаймалар
3.Сандар жазалған жаймалар
4.Ортақ бағалау парағы
5.Үш күрделілік деңгейіндегі тапсырмалар жазылған карточкалар
6.Жауап үлгілері жазылған карточкалар

Ойнау  теориясы мен практикасын отандық және шет елдік педагог-психолгтар, социолгтар зерртеуде.
Сонымен қатар ұлттық ойындары матемаика теорияларымен оқушылардың ауызша жеткізу сауттылығы мен біліктілігін дамыту үшін пайдалануға болады.
Ақсүйек ойынын айлы түнде көңіл көтерген жастар сүйекті лақтырып,оны алу арқылы ойнаған. Мен «ақсүйекті»5-сыныпта теңдеу тақырыбын өткенде белгісіз айналымның мәнін табу үшін, 8-сыныпта арифметикалық квадарат түбірдің мәнін табу үшін ойнаттым. Бұл үшін түбір таңбасы қойылған кез-келген карточканы таңдап алып, оның теріс санның квадрат түбірін табу керек.

 «Бәйге» ойынның  шартында ең жүйрік, сәйгүліктер  жарысады. Ал мен бәйгені 21 ғасыр көшбасшысы атты бағдарламаның ойында 9-сынып та онадым. Тригнометриялық функциялардың қасиеттері тақырыбын өткенде тақырыпқа байланысты сұрақтар қою арқылы пайдаландым.

 «Жорға»Мұны математикалық кеште  «Ұлы математиктер «атты виктариналық сұрақтар түрінде өткіздім.

Дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландырады. Олардың ойлау қабілеттернің ізденпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі. Сабақта дидактикалық ойындарды пайдалану мектеп оқушыларын сол пәнге белсенділігін арттырады. Бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.

Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді. Тапқырлық, ізенпаздық қасиеттері байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі сезім әрекетіне барады. Ойын үстінде оқушы қуаныш сеімдерін сезінеді.

Атақты француз ғалымы Луи де брайль  «ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер кө кездеседі. Екі жағдайда да ойын мен ғылыми жұмыс. Ең бастысы қойылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу –қуаныш. Міне сондықтан адамдарды жасына қарамастан ойын өзіне тартып тұрады-дейді

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.