Home » Ашық сабақтар » Сиқырлы құмыра құпиясы

Сиқырлы құмыра құпиясы

Байдильдина Айтгуль Анасовна
Астана қаласы
№14 «Ақбөпе» балабақшасы
Тәрбиешісі 

Мектепалды тобында ұйымдастырылған оқу қызметі конспектісі
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, қарапайым математика.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Аралас
Тақырыбы: «Сиқырлы құмыра құпиясы»
Мақсаты: Өткен материалды қайталау, бекіту.
Міндеттері:
Білімділік:Сөздік қорын жандандыру, жалпылама ұғымдарды қолдану мүмкіндігі;балалардың дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін бекіту, сөздерге дыбыстық талдау жасай білу, тәрбиешінің сұрағына толық жауап беру;балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін жүйелеу және 10-ға дейін тура және кері санау,сан құрамын айтып беру, цифрларды тану және оларды құрастыруды көрсетеу, заттарды санап, нақты санын білуді бекіту.

Дамытушылық: Есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту, балалардың назарын тәрбиешіге аударып,  тыңдай білу, оның сөйлеуін түсіну, қойылған сұрақтарға нақты жауап беру, мақсатына жету қабілеттерін дамыту. Тапқырлықты, ақыл-ойды қалыптастыруға, сөйлеуді дамытуға, өз мәлімдемелерін дәлелдей білуге ықпал ету.

Тәрбиелік: Қоршаған әлемді білуге жәнк қамқорлық көрсетуге, достық қарым-қатынасты дамыту, бір-біріне көмектесу қабілеті және тәуелсіздікке тәрбиелеу.

Қажетті құрал — жабдықтар: Құмыра, геометриялық пішіндер орналасқан кілемше, 5,6,7,8 сан құрамы, әр балаға заттар санын санау үшін дайындалған карточка. Дауысты және дауыссыз әріптер, қызыл көк карточкалар, дыбыстық талдауға арналған ребус.
Әдіс- тәсілі: түсіндіру, әңгіме, көрсету
Шаттық шеңбері
Балалар, үлкен шеңбер жасайық. Бүгін мен сендерді ғажайып саяхатқа шақырамын. Жолға немен шығуға болады?
Тікұшақпен, ұшақпен, автобуспен, поезбен, қайықпен…….
Тамаша, бірақ бүгін мен сендерге  кілемшемен саяхат жасауды ұсынамын.

Мотивациялық қозғаушылық
Кәне жақындап көрейік. Бұл кілемше жай емес сиқырлы, кілемшеде не бейнеленген? бірақ қараңдаршы ол неге ұшпай тұр?ол жыртық егер оны жамап қойсақ саяхатқа аттануға болады. Ал онда іске кірісейік. Пішінді тауып алып, ол туралы толық ақпарат беру керек.

(Балалар жауабы: Бұл шаршы
Төрт қабырғасы бар бұрыштың
Қай жағынан қарасаңда,
Төрт қабырғасы тең бұрыш. Пішіні теледидарға, терезеге, қорапшаға ұқсайды. Түсі сап сары алтын күн сияқты.
Бұл үшбұрыш
Үш қабырғасы бар бұрыш
Төртбұрыштан аз болса да,
Орны бөлек үшбұрыштың.  Түсі біздің еліміздің туы сияқты көгілдір.
Ал мынау шеңбер
Дөңгелек боп домалайды.
Ай сияқты, күн сияқты

Шар сияқты домалақ. Түсі жер Анамыз сияқты жап жасыл.
Мынау тіктөртбұрыш. Оның екі қабырғасы қысқа, ал екі қабырғасы ұзын. Түсі алғашқы қар сияқты жауған, тап таза. Оның пішіні кітапқа, есікке ұқсайды.
Ал менде сопақша! Егер шеңберді  қысса сопақшаға айналады. Оның түсі қырдағы қып қызыл гүлдерге ұқсайды.
Тамаша, пішіндер туралы толық ақпарат бердіңдер.Барлығымыз жайласып отырып 10-ға дейін санайық, кілемше ұшпай тұр кәне көзімізді жұмып, керсінше санайық (бес дегенде музыка ойнап, ұшамыз, құмыра пайда болады)
Балалар, біз ертегіге тап болдық, бұл құмыраны сипаса тілек орындайтын джин пайда болады деп естіген едім.(тәрбиеші сипайды)
Джин:Сәлеметсіндерме менің алтын достарым! Мен осы құмыра иесі Джин. Сіздерден көмек сұраймын мені босатсандар тілектерінді орындаймын.
Балалар, қандай керемет мүмкіндік, Джинге көмектесіп, армандарымызды орындайық. (алақай)
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Тапсырма: (Құмыра ішіндегі Джин сұрайды)
Сендер қайдан келдіңдер?
Ол қайда орналасқан?
Мен көп нарсені білмей отырмын айтындаршы:
Қандай ғаламшардан келдіңдер?
Қызыл кітап дегеніміз не?(Сирек кездесетін, азайып бара жатқан, қорғауға алынатын жануарлар, жәндіктер мен өсімдіктер)
Теңіз суы қандай? (ащщы)
Мұхиттағы ең үлкен жануар? (Кит)
Ен қысқа ай қандай? (Ақпан айы)
Джин: Тууу сондай ақылды балалар қайдан келген!
Тапсырма.Тамаша, сендер маған алыстан келген екенсіндер. Сендерді көргеніме қуанып, гүлдер сыйлаймын.
Тәрбиеші: Балалар, бұл гүлдер жай емес, әр гүлде сан құрамын дұрыс жазу керек. (Әр балаға сан құрамы жазылған гүлдер беріледі, орындайды, ауызша бірнеше баладан сұрау)
Тапсырма: Ай, ай, ай менің менің қымбат заттарым….бәрін шашып алдым, қап енді не істеймін?

Тәрбиеші: Джин көңілінді түсірме, қазір біздің балалар бәрін жинап, санап береді.Балалар келесі тапсырмада заттарды санап, затқа сәйкес цифрды жазу керек.(Балалар үстел үстінде орындайды)
4тапсырма: Аса қымбатты Джин сіз бізге көп тапсырма бердініз, біз шаршап қалдық, енді сізге де ойын тапсырма ұсынамыз. Ойын шарты біз әріп жасырамыз ал сіз тауып алыныз
Джин: Жақсы, тауып алайын.
Ойын «Көңілді әріптер»
Джин: Тамаша, мына көңілді әуенмен менде билеп алдым. Сонымен қатар сендер сияқты достарым да есіме түсіп кетті.
Оларға  хат жазайын десем әріптерді шатастырып алдым,келесі тапсырма мынау деп конвертті құмырадан береді.
Екі топқа бөлінеміз (қызыл және көк түсті фишкаларды балалар тандап алады. Сәйкес түсті столға барып тапсырмаларды орындаймыз. Конверттегі әріптерді үстелге шашамын, балалар дауысты және дауыссыз дыбыстарды айырады жинап өз үстелдеріне апарып айтып береді,бірнеше сөз айтады, сөйлем құрайды.
Міне Джин біздің балалар, осындай ақылды.
Джин: о, қандай сауатты балалар, менде мында тағы бір түрлі түсініксіз суреттер бар оны да қарап көріңдерші. (ребустарды береді)
5тапсырма:
Ребустарды шешу. Дыбыстық талдау жасау.
Рефлексиялық түзетушілік
Құмыраның шамдары жанады.Балалар, қараңдаршы құмыраға не болды?
(Ішінен Джин шығады.)
Менің кішкентай достарым, сендер менің барлық тапсырмаларымды орындап, өздерінің ерекше бала екендерінді көрсетіндер. Сондықтан тілектерін болса айта қойындар.
Балалар тілектерін айтады:
Мухаммед: Еліміз тыныш болсын!
Інжу: Балалар ауырмасын
Муслим: Аналар аман болсын!
Джин:осы тілектердің бәрі орындалады, менің де тілегім бар, сендердің балабақшаларынды көргім келеді.
Тәрбиеші:  Сиқырлы кілемге отырып біздің балабақшаны көруді ұсынамын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.