Home » Ашық сабақтар » «БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ӘРТҮРЛІ ФИЗИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚТАҒЫ 9-10 ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ САЛЫСТАРМАЛЫ ЗЕРТТЕЛУІ»

«БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ӘРТҮРЛІ ФИЗИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚТАҒЫ 9-10 ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ САЛЫСТАРМАЛЫ ЗЕРТТЕЛУІ»

Пшенбаева Ляззат Тохтаровна
Павлодар обылысы
Павлодар қаласы
№ 35 жалпы орта білім беретін мектебі КММ
Биология пәнінің мұғалімі

Жұмыстың мақсаты: әртүрлі физикалық дайындықтағы 9-10 жастағы оқушылардың тыныс алу жүйесінің салыстармалы функционалдық жағдайын зерттеу.

Гипотеза:егер біз балалардың физикалық дайындық деңгейін білетін болсақ, онда олардың тыныс алу жүйесінің функционалдық жағдайына баға бере аламыз

Зерттеу кезеңдері:

— зерттеу мәселесін айқындау, тақырыпты, жұмыс мақсатын,міндетін  тұжырымдау;

— зерттеу гипотезасын қою;

— зерттеу жұмысының жоспарын құру;

— тақырып бойынша зерттеулер өткізу;

— зерттеу нәтижелерін талдау,

— жұмыс бойынша қорытынды жасау

— зерттеу нәтижелерін безеңдіру

Жұмыстың жаңашылдығы: Бұрын тәжірибеде қолданылмаған, физикалық даму сапасының негізгі сипаттау процесіне әсер ететін көрсеткіштердің өсуін,олардың жекелеген жас кезеңінің ерекшелігін есепке алатын  9-10 жастағы балалардың жасы мен жынысы бойынша саралап, тыныс алу жүйесінің функционалдық жағдайының салыстармалытүрде зерттеу жұмысында әртүрлі физикалық дайындықтағы 9-10 жастағыоқушылардың тыныс алу жүйесінің салыстармалы функционалдық жағдайы анықталды.

Жұмыстың практикалық маңызы:

  1. Жартылай жас принциптері бойынша саралап жіктелген, төменгі сынып оқушыларының физикалық дайындық көрсеткіштер динамикасын анықтауға түрлі жолдарды пайдалануда, салыстырмалы бағалардың мақсатқа сәйкестігі туралы мәліметтер — оқушылардың физикалық дайындық үрдісінің жобаланған міндеттерін дәлелді және тиімді шешу үшін объективті негіз болып табылады.
  2. 9-10 жастағы оқушылардың тыныс алу жүйесінің функционалдық жағдайының салыстармалы есепке алатын, оқу-жаттығу жүктемені мөлшерлеу әдісі негізінде жалпы білім беретін мектептің төменгі сынып оқушыларының физикалық сапасын дамытуды жоспарлау құжаттарын әзірлеу — осы әдісті дәстүрлі жолмен салыстырғанда тиімді ұйымдастыруға және жоғары нәтижелі жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді
  3. Зерттеу нәтижелерін дайындау, қайта даярлау процесіне қосу мен орта және жоғарғы кәсіби оқу мекемелерінде дене тәрбиесі мен спорт мамандарының біліктіліктерін жоғарлату, олардың кәсіби құзіртінің деңгейін жоғарлату үшін алғышарттар жасайды.

Адам  баласының өмірге келуі мен мектепке  оқуға баруы  арасындағы алғашқы жеті жыл уақыты оның келешек өмірінде өте үлкен  маңызы бар. Өйткені осы кезеңде   адамның денсаулығы, әр түрлі қабілеттері,  адамгершілік қасиеттері, мінез-құлқы қалыптаса бастайды.  Баланың денесін шынықтыру,  өмірге керек қозғалыс шеберлігін қалыптастыру,  гигиеналық  әдеттерді бойларына сіңіру үшін осы бір балалық  балғын шақ өте бір қолайлы кезең.

Мектеп жасындағы кезең әр түрлі қимыл-әрекеттерді үйретуге, жетілдіруге, өмірге қажет қимыл ептілігі мен  дағдысын қалыптастыруға ең қолайлы кезең болып есептеледі. Осы кезеңде үйренбеген қимыл-әрекеттерді, кейін адам денесі қатып, буын жылжымалығы, сіңір созылымдылығы азайып, қозғалыс шеберлігі нашарлап қалған кезде үйрену, жетілдіру қиынға түседі. Бала кезінде әр түрлі, көп үйренген, жетілдірілген, дағдыланған қимыл-әрекеттер адамға кеңістікте оңтайлы, епті, жеңіл қозғалуға мүмкіншілік береді. Мектеп  жасында балалардың  ағзаларына  әсер ететін дене тәрбиесі жұмыстары дұрыс ұйымдастырылса,  ол оқушының дене және  ақыл-ой   жұмыс қабілеттілігі деңгейінің көтерілуіне себеп болады. Осыған жетер жол дұрыс жоспарлануы, оқушылар белгілі білім негіздерін, әр түрлі ақпараттарды дұрыс алуы, меңгеруі, түсінуі керек. Оны түсінген оқушы өзінің дене және ақыл-ой,  жұмысқа қабілеттілігі деңгейін жоғарылатуға  тырысады, ұмтылады [1].

Дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі жұмыстары оқушылармен жүргізілетін басқа өнегелік, эстетикалық, еңбек, ақыл-ой тәрбиелерінің міндеттерін орындауды  оңайлатады. Тақырыптың өзектілігін ескере отырып біз жұмыстың мақсатын анықтадық:әртүрлі физикалық дайындықтағы 9-10 жастағы оқушылардың тыныс алу жүйесінің салыстармалы функционалдық жағдайын зерттедік [3].

Зерттеу жұмысы  Павлодар қаласының № 35 мектебінде  10 жастағы оқушыларға антропометриялық әдіс арқылы талдау жүргізілді. Зерттеуге 4 «Ә» сыныбының 25 оқушысы қатысты, біз олардың жасына қарай 2 топқа бөліп алдық: 9 және 10 жастағы. 9 жастағы балалардың саны: 7, 10 жастағылардың – 20.  Жұмысты орындау барысында оқушылардың антропометриялық әдісі арқылы бой ұзындығын және дене салмағын өлшеп алдық. Г.Л. Апанасенко физикалық денсаулықты бағалауы әдісі мен  тыныс алу жағдайы, өкпенің тіршілік сыйымдылығы  өлшенді[2].

Балалардың бойының ұзындығын өлшегенде ростомер қолданылды. Оқушылар ростомердің плантформасына тұрып, ішін өзіне тартып, иығын түзу ұстап, қолын дене бойына түсірді.  Бойды өлшегенде  қозғалмалы планканы басқа түсірдік. Оқушылардың бойын және дене салмағын біз «Төмен», «Ортадан төмен», «Орта», «Ортадан жоғары», «Жоғары» деген көрсеткіштермен белгіледік. 1-ші кестеде 9- 10 жастағы ұл, қыз балалардың дене дамуын бағалау  көрсеткіштері берілген. Дене тәрбие сабағында оқушылар баскетбол , волейбол, бокс  және жеңіл атлетика үйірмелеріне қатысады.

Кесте 1 — Павлодар қаласының № 35 ЖОББМ 9 жастағы  әр түрлі физикалық дайындықтағы оқушылардың антропометриялық көрсеткіштері (Неменко Б.А. Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы)  [4].

Кесте – 1 Антропометриялық көрсеткіштері

ЖасыДайындық деңгейіКөрсет-кіштерТөменОртадан томенОртаОртадан жоғарыЖоғары
9Спортпен

1-2 жыл айналасатың

Бойы, см128,7

төмен

128,7-137,4137,4-152,3 (144,8)152,3-159,8159,8
Салмағы, г26,200 төмен26,200-30,  10030,100-41,900

(36 000)

41, 900-61 60061, 600 жоғ
Спортпен

3-5 жыл айналасатың

Бойы, см132,5  төмен132,5-138,2138,2-154,2 (146,2)154,2-161,0161,0 жоғары
Салмағы, г25 500  төмен25, 500-

30, 500

30 500-45 900

(37 500)

45, 900-

57, 500

57, 500 жоғары
Спортпен айналаспай

тың

Бойы, см130 төмен130-135,2137,4-152,3 (144,8)152,3-159,8159,8
Салмағы, г24,00024,000-28,  10030,100-41,900

(36 000

41, 900-61 60061, 600 жоғ

 

Қорытындылай келе, жұмыс нәтижесі бойынша келесі қорытынды жасауға болады:

  1. Әдебиетке талдау жасалды;
  2. 9-10 жастағы оқушылардың ерекшеліктеріне тоқталдық. 9  жастағы 7 баланың екеуі «Орта», екеуі «Ортадан жоғары» көрсеткішпен  бағаланған бойы және салмағы жағынан. Үш оқушының екеуінде бойы «Ортадан жоғары», біреуінде «Орта», бұл балалардың біреуінде дене салмағы «Жоғары», тағы біреуінде- «Ортадан жоғары», бір оқушыда «Орта». 9 жастағы бес баланың бойы және дене салмағы «Орта» көрсеткішке  сай келмейді. 10 жастағы 20 баланың ішінде 10 балада «Орта», 5-де –«Ортадан жоғары», бір оқушыда — «Жоғары» көрсеткіштер бойы және салмағы жағынан. Төрт оқушының екеуінде бой көрсеткіші «Орта», біреуінде «Ортадан жоғары», біреуінде-«Жоғары». Салмағы бойынша екі оқушыда «Ортадан жоғары», бір оқушыда-«Ортадан төмен», бір балада –«Орта». 20 оқушының арасында бойы және салмағы жағынан нормаға 10 бала сәйкес келеді; [5].
  3. Г.Л. Апанасенко бойынша физикалық денсаулықты бағалау әдісі арқылы 9-10 жастағы балалардың физикалық денсаулығы белгіленді.

Зерттеу жұмысында біз 27 оқушының лүпіл көрсеткішін тыныштық күйде және физикалық жүктеме (30 рет тұрып отыру жаттығуын орындау арқылы) орындаған соң. Тыныштық күйдегі лүпіл көрсеткішін осы жасқа сай лүпіл нормасымен салыстырып алдық. Салыстыру нәтижесінде 9 жастағы балалар ішінен біреуінде лүпілі нормадан төмен. 10 жастағы оқушылардың 8 –де лүпіл нормадан төмен;

  1. Зерттеу нәтижесі бойынша 9 жастағы балалардың 5-де — өзгерді, ал 10 жастағы балалардың 14 -де лүпіл жоғарлады. Бұл яғни осы оқушылар физикалық жүктемеге тез бейімделе алалмайды деген қорытындыға әкеледі [7].
  2. Терең тыныс алып (бірақ максималды емес) дем алуды тоқтатып, мұрынды саусақпен қысып, зерттемені отырған қалыпта жасап алып тыныс тоқтатқан уақыттан кейін лүпілді секундомермен өлшеген кезде 9 жастағы жеті баланың ішінде біреуінде ғана Штанге сынамасының көрсеткіші нормаға сай болды. Жеті оқушының төртеуінде бұл көрсеткіш нормадан төмен, ал екеуінде нормадан жоғары боды. Ал 10 жастағы балалардың ішінде нормаға сәйкес келетін көрсеткіш байқалмады.17 оқушыда Штанге сынамасының көрсеткіші нормадан төмен болды. 3 оқушыда керісінше нормадан жоғары. Штанге сынамасының көрсеткіші төмен болғаны бала ағзасының шаршағанын көрсетеді. Осы көрсеткіштің жоғары болуы жүрек-тамыр жүйесінің оттегі жетіспеушілігіне қолайсыз жауап қайтарғанын көрсетеді.Сонымен әртүрлі физикалық дайындықтағы 9-10 жастағы оқушылардың тыныс алу жүйесінің функционалдық жағдайын зерттедік [9].

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Давлетьярова К.В, Солтанова В.Л., Баранова Е.В. Физическая культура как метод развития адаптационных возможностей организма студентов. Т и ПФК, 2010ж, №11, бет 53-55
  2. Дүйсенбин Қ., Алиакбарова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы/Оқулық, 1-ші басылым.Алматы, 2003ж.-400б
  3. Айзман Р.Н, Ширшова В.М. Избрания лекции по возрастной физиологии и школьной гигиены, Новосибирск,  2004ж.
  4. Приходько Н.Г., Лукьяненко М.В. Валеология.  Алматы: Архаим, 2002ж.
  5. Левушкин С.П. Комплексная оценка физической работоспособности юношей, Физиология человека, 2001ж., бет
  6. Заятдинова А.И. Изменения показателей насосной функции сердца у подростков, занимающихся спортом, при выполнении функциональных нагрузок, Т и ПФК, 2011ж. №1.
  7. Уанбаев Е.Қ., Уанбаева Ф.Ж. «Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі». – Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2006. – 315 с.
  8. Жандар К.Е. «Тәнтану» (адам анатомиясы) Оқулық 2 басылымм – Алматы, Білім баспасы, 2004 жыл 464 бет.
  9. Смағұлова М.К., Оқушы анықтамасы «Арман-ПВ» баспасы 2005 жыл, 440 бет.
  10. Климов Е.А. «Жалпы психология» Юнити-Дана баспа, 1999 жыл, 511 бет.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.