Home » Жаңалықтар » Сырдың сырлы адамымен сұхбат

Сырдың сырлы адамымен сұхбат

Күлімдеген жүзі жарты әлемді жүрегіңе тарту еткендей. Иә, әңгіме Қызылорда облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалия Ноғайқызы жайында болмақ. Ол кісі қарапайым қызметтерден бастап, департамент басшысына дейін көтерілген маман. Бүгінде өз саласының майталманы. Білім саласын бір кісідей білетін майталман, аға ұстаз. Осындай білікті, үлгілі адаммен сұхбаттасқанды жөн көрдім. Білім сапасы мен бағытын, әдебі мен кәсібилігін білу мақсатында кейіпкерімнің әңгімесіне құлақастым.

            — 0 сынып қандай жағдайда жабылуы мүмкін? Мектепке дейінгі тәрбие мен білім саласының бүгінгі күнгі сапасы қандай деңгейде?

— Қазіргі таңда білім саласының сапасы өте өзекті тақырыпқа айналып отыр. Қолданылып жүрген педагогикалық әрекетте білім сапасы деп — білім алушылардың жоспарланған мақсаттарға сәйкес белгілі бір кезеңде қол жеткізетін білім мен дағдының, ақыл-ой, адамгершілік және дене дамуының белгілі бір деңгейі деп түсінеміз. Білім мен тәрбиенің түбірі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда жатқаны сөзсіз. Баланың дүниетанымын қалыптастырып, оқуға деген сенімділігін арттыратын, тұлға болып жетіліп дамуына ықпал жасайтын ең алғашқы орта ол —  мектепке дейінгі тәрбие мен білім. Мектепке дейінгі жаста баланың  зияткерлік, адамгершілік,  эстетикалық  және дене тұрқы мен жеке басы қасиеттерінің негізі салынады.

Балабақшада бала өзі және өз мүмкіндіктері туралы бастапқы түсініктерді алады, онда  қоршаған ортаның толық бейнесі және оған деген  дұрыс көзқарасы қалыптасады. Осы орайда білім мазмұнын қазіргі өркениеттің өзгермелі сипатына, ғылыми жаңалықтарға, тез жетілдіріп өндіріске еніп жатқан жаңа технологияларға бейімдеп дер кезінде жаңартып, жетілдіріп отыру аясында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақыттағы кабинеттермен жабдықтау және цифрлы ресурспен қамту, интернетке сапалы қолжетімділік, педагогтардың біліктілігін арттыру мәселесі білім саласындағы сапаның артуына тікелей әсер етіп отыр. Аталған мәселелер аясында білім беру саласына қатысты қоғамдағы қажеттіліктерді қанағаттандыруды әлі де болса дамыту қажет.

— Ұстаз әдебі дегенге не кіреді?

— Педагог барлық іс-әрекетінде қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық  жетістіктерді ескеру негізінде сапалы  нәтижеге қол жеткізе алады. «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер», — деген Жүсіпбек Аймауытов.  Демек, балаға білім ғана емес, өмірдің мәнін, Абай атамыз айтқандай, адамды сүюді үйрету де ұстаздың ісі. Сондай-ақ адамды сүйе алмаған, адаммен тіл табыса алмаған, өзгеге үлгі бола алмаған адам ұстаз бола алмайды. Ұстаз тек білім ғана бермейді, өмірлік әдепке де үйретеді. Сондықтан, ұстаз әдебі даму жолындағы қоғамда маңызды рөл атқарады. Ұстаз қоғамда өзінің лайықты мәртебесіне ие болмай, білім беру саласындағы жағдай жақсы жағына өзгермейді. Осыған орай ұстаздар заңнамалық негізде арнайы мәртебеге ие болды. Барлық мұғалім талантты болмасада өз ісінің шебері болуға міндетті. Сонымен қатар, педагогтардың құқықтарымен бірге белгіленген шектеулері де бар. Педагогтердің құқықтары мен шектеулері, жауапкершілігі педагогикалық әдеп қағидалары ретінде заңнамамен айқындалған. Негізгі қағидаттары: адалдық, әділдік, жеке тұлғаның абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу, патриотизм, жалпы адами құндылықтарды құрметтеу және төзімділік, кәсіби ынтымақтастық, үздіксіз кәсіби даму болып табылады. Педагогикалық әдеп: тілдесу, қарым-қатынас жасау кезінде, сөйлесу икемділігінде, балалармен іс-әрекеттерін ұйымдастыра алу икемділігінде, өзін-өзі ұстай алу және талап ету икемділігінде, ескерту жасаған кезде, баланың мінез-құлқына баға берген кезде, мадақтау және жазалай білу икемділігінде, дауыс ырғағында. Аталған қағидаттарды үнемі басты назарға алған ұстаз педагогикалық қызметте зор табыстарға жетеді.

Директор мен ұстаздың айырмашылығы неде?

— Бүгінгі таңда білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Тек терең білім, іскерлік дағды, кәсіби біліктілік кез-келген ұстаздың күнделікті іс-әрекетіне енгенде ғана қабілетті тұлға, яғни жан-жақты заман талабына сай, дүниетанымдық қасиеті дамыған, сыни тұрғысынан ойлауды көздейтін ойшыл азамат тәрбиелей алады. Әрбір ұстаз шығармашыл, рухани бай педагог өзінің педагогтік шеберлігін ұтымды пайдалана біледі. Олай болса, рухани бай мұғалім қай  бағытта да табысты болмақ.

Мұғалім – ол мектептің жүрегі. Ал, сол «жүректің» дұрыс соғуы,  жақсы жұмыс жасауы тікелей мектеп директорына байланысты. Қазіргі күні мектепті жай директор басқара алмайды. Себебі, қазіргі қоғам жаңа әрекеттер мен жаңа шешімдерді талап етеді. Мұғалім де өзгермелі, қарқынды даму үстіндегі өмірге бейім болу үшін көшбасшының әрекетіне қарайды. Тек мықты директор ғана үздік нәтижелерге қол жеткізетін табысты мектепті қалыптастыруда жұмысты тиімді ұйымдастырып, ата-аналар, оқушылар және білім беру  орталарымен ашық жұмыс істейді.

Мұғалімдерді мектеп әлемін ерікті түрде жақсартатын, өзімен бірге жігерлендіріп, тек басшылық жасамай, шығармашылық тұрғыда шабыттандырушы әрі көшбасшы бола білуі керек. Тек мықты басшы ғана үздік нәтижелерге қол жеткізетін табысты мектепті қалыптастыруда жұмысты тиімді ұйымдастырып, ата-аналар, оқушылар және білім беру  орталарымен ашық жұмыс істейді. Мұғалімдерді мектеп әлемін ерікті түрде жақсартатын, өзімен бірге жігерлендіріп, тек басшылық жасамай, шығармашылық тұрғыда шабыттандырушы әрі көшбасшы бола білуі керек. Директордың мұғалімнен айырмашылығы осында.

— Мектептердегі мектепалды сыныптары  (5 жасар, 0 сынып) жабылады деген сөздер жиі айтылып жүр. Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды. Айтылып жүрген сөздерге қаншалықты сенуге бола ма?

— Мектепалды дайындық тобын 0 сыныптарда дайындау мәселесі ата-аналар мен мұғалімдер үшін өте маңызды болып тұр. Қазіргі күні 1 сыныпқа келген балалардың білім деңгейінде сәйкессіздік байқалады. Кейбірі кітапты еркін оқи алады, сандарды құрай және санай алса, ал кейбірі тек бірқатар әріпті ғана біледі. Балалардың бір деңгейде дайындалмауы салдарынан білім сапасының төмендеуі және оқу процесінің жүйесіздігіне алып келеді.

Балаларды мектепалды топтарды тәрбиелеу мен оқыту мектепке дейiнгi ұйымдарда жүзеге асыру тиімді. Атап айтқанда, мектепке дейінгі ұйым болып табылатын балабақшаларда арнайы мектепке дейінгі біліктілігі бар, даярлаудан өткен педагог кадрлар оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Аталған педагогтарға әдістемелік көмектер мектепке дейінгі даярлаудан өткен басшыларға міндеттеліп, соған сәйкес арнайы штаттық бірліктер қаралған. Ал, мектептерде мектепалды сынып педагогтарынан өзге, мектепалды топ балалары үшін арнайы штаттық бірліктер қаралмаған. Мысалы, балабақшаларда педагогтарға көмек жүргізетін арнайы әдіскер штаттық бірлігімен қамтамасыз етілсе, ал аталған штаттық бірлік мектептерде жоқ десек те болады.

Мектептерде 1-сыныптан бастап балалардың білім алуына басымдық беріліп, мектепалды топтағы балалардың тәрбиеленуіне топтағы педагогтардан басқа арнайы мамандар бөлінбеген. Сонымен бірге, мектептердегі басшылық құрамнан қолданыстағы заңнамалар бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша біліктілік талап етілмейді. Бірақ, аталған мәселе мектептердегі мектепалды топтардағы білім беру үрдісі талапқа сәйкес емес дегенді білдірмейді, бұл пайымдаулар аясындағы көзқарастар.

Балабақшалардағы мектепалды топтарда балалар толық күн болып бекітілген күн режимі арқылы білім үдерісіне қатысады. Баланың білім алуы, демалуы, тамақтану тәрізді әрекеттер мерзімінде жүргізіліп, қолайлы дамуына әсер етеді. Материалдық база бойынша мектепке дейінгі тәрбиеге қатысты жабдықтаулар балабақшада қолайлы жағдайда орналасқан. Дамытушы орталар балабақшада қолжетімді, яғни балалардың білім алуына тиімді орналастырылып, мектепке қарағанда балалардың дамуына қолайлы жағдай туындатады. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту аясындағы балалардың білім алуы, әлеуметтенуі, шығармашылығы, білім, білік, дағдылардың бағаланып түзету шараларының атқарылуы мектепке қарағанда балабақшаларда жоғары дәрежеде жүргізілетінін көріп отырмыз. Алайда, балабақшасы жоқ шалғайдағы шағын елді мекендерде балабақша ашу мүмкіндігі болмағандықтан, мектепалды даярлық тобы ашылған.
Осыған орай бұл сұрақта жеке мән беріп жан-жақты қараған жөн деп ойлаймы

 

Қызылорда
Білім айнасы
Сұхбаттасқан

Қуантай Амантайұлы

One comment

  1. Шарбану

    кәзіргі таңда ауылдық жерде ата аналардың бала бақшаға беруге мүмкіндіктері аз немесе жоқ деп айтуға болады, сол себепті мектептегі мектепалды даярлық сыныптары жабылмауы керек.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.