Агманова Бактигул Ахметжановна
Астана қаласы
«Арт-терапия басым бағыттағы
№45 «Самұрық» балабақшасы» МКҚК
Кіші «Гәкку» тобының тәрбиешісі
Ұйымдастырылған іс — әрекет: Сенсорика.
Тақырыбы: «Көжекке көмектесейік».
Мақсаты: Балаларды 3 түрлі пішінмен (дөңгелек, үшбұрыш, шаршы), 4 әртүрлі түспен (қызыл, жасыл, көк, сары) және 2 әртүрлі көлемдегі (үлкен және кішкентай) заттарды таңдауды жүзеге асыра отырып пішініне және көлеміне қарай топтастыруға үйрету. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Бір – біріне деген достық қарым – қатынасқа, қамқорлыққа, ұйымшылдыққа, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: түрлі – түсті пішіндер, шарлар, текшелер, шеңбер.
Тәрбиеші:
Балалар, қараңдаршы бүгінгі күн қандай тамаша болып тұр. Саяхатқа барғыларың келеді ме?
Балалар: ия, барғымыз келеді.
Тәрбиеші: Саяхатқа орманға барып қайтайық. Ол жаққа бару үшін бізге не керек. Балалар: Пойыз.
Тәрбиеші: Балалар жүріңдер пойызға отырайық. Қане, балалар бір – бірімізге ақ көңілмен ақ жол тілейік.
Ағаш түбінде көжек көңілсіз отырады.
Тәрбиеші: Көжек саған не болды, неге көңілсізсің?
Көжек: менімен ойнайтын ешкім жоқ, орман іші тып – тыныш. Ал, менің ойнағым келіп тұр. Қандай сүйкімді балаларсыңдар. Сендер қайдан келдіңдер, қайда бара жатырсыңдар?
Тәрбиеші: Көжек сен мұңайма, біз саяхаттап жүрміз. Бізбен бірге саяхаттағың келеді ме?
Көжек қуанып кетеді.
Көжек: Ия, менің де саяхаттағым келеді. Менің де сендермен бірге барғым келеді.
Тәрбиеші: Онда, балалар, көжекті бірге ертіп алайық.
Балалар, біздің жолымызда түрлі – түсті, әртүрлі өлшемде шарлар жатыр екен. Ойын арқылы осы кедергіні жоюымыз керек.
1 ойын:
Өлшемдер.
Екі шеңберге үлкен және кішкентай шарларды лақтыру.
Тәрбиеші: Балалар, қандай тамаша біз кедергіден өттік.
Балалар біздің жолымызды текшелер бөгет жасап тұр екен. Бөгеттен өту үшін текшелерді түсіне қарай орнына қоюымыз керек.
2 ойын:
Түстер.
4 түрлі түсті ажырату ойыны. (қызыл, жасыл, сары, көк)
Тәрбиеші: Балалар, қандай тамаша бұл кедергіден де жақсы өттік.
Балалар қолымыз тоңды ма?
Балалар: Ия.
Тәрбиеші: Онда қолымызды жылытайық. Қолғаптарымызды киіп алайық. Қолғаптарымыз қайда? Жыртылып, шашылып қалыпты ғой. Қолғаптарымызды пішіндер арқылы жамап алайық.
3 ойын:
Пішіндер.
Домалақ, шаршы, үшбұрыш пішіндерден тесік қолғапты жамау.
Тәрбиеші: Көжек, саған біздің саяхатымыз, ойындарымыз ұнады ма?
Көжек: Сендермен ойнаған ойындар өте қызықты екен. Балалар, сендерге көп – көп рахмет. Көңілім көтеріліп қалды.
Тәрбиеші: Көжек, кеш болып қалды, біз балабақшамызға қайтайық. Қош, сау бол!
Көжек: Сау болыңдар!