Home » Мақалалар » Дулати университетіндегі көркем өнер  мамандығының мақсаты

Дулати университетіндегі көркем өнер  мамандығының мақсаты

 
Таттибаева Гулжан Берликовна 

Кәсіптік білім мамандығы бойынша педагогикалық  ғылымдар магистрі,
 М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің
«Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасының  аға оқытушысы,
Тараз қаласы., Қазақстан 
https://orcid.org/my-orcid?orcid=0000-0002-7065-0397
e-mail: gtattibaeva@mail.ru

           ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»  жолдауында (01 қыркүйек 2022ж)  Үшінші бағдар. Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция бөлімінде  Еліміздің басты құндылығы-адам. Бұл айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру-реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Қуатты ұлттың діңгегі-халық. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек деп баса айтты.
Ұлтымыздың ұлағатты өнерін ұлықтап жүрген  М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті  «Өнер және спорт» факультеті «Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасы тек Жамбыл облысы өңірінде ғана емес, көркем өнер саласынан  білікті мамандарды 70 жылға жуық  республикаға белгілі ұстаздармен,әнші,күйші,суретші, қол өнер шеберін  даярлап білім беруде. «Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасы үш білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды: 1) 6В01403-«Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы.
2) 6В01408-«Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы «Тігін бұйымдарын конструкциялау және моделдеу» және «Сәндік қолданбалы өнер» салалары бойынша.
3) 6В01402-«Музыкалық мұғалімдерді оқыту» білім беру бағдарламасы.
«Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау», «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы  студенттері  педагогикалық шеберлік әдістеме дәрістерімен қатар, Сызу, Композиция, Академиялық сурет, Визуальды өнер, Сәндік қолданбалы өнер, Дизайн және технология, Тамақтану мәдениеті, Үй мәдениеті мазмұнында жан-жақты білім алады.
«Музыкалық мұғалімдерді оқыту» білім беру бағдарламасы  бойынша студенттер «Музыканы оқыту  әдістемесі», түрлі аспапта ойнау әдістемесі «Домбыра», «Баян-аккордеон», «Фортепиано», «Музыкант маманның шығармашылық дамуы» т.б. пән мазмұнында машықтанады.
«Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасының профессор оқытушылыр құрамы  көркем-рухани-мәдени құндылықтар   түрлерін   әдеби фольклор,  музыкалық фольклор, кәсіптік сала, бейнелеу өнері, қолөнерді болашақ педагогтарымызға игерте, үйрете отырып ұлттық сана-сезімі оянған, қоғамдық байлықты еселей түсуде нарықтық экономика қағидаларына бейімделе отырып, ұлттық руханият пен мәдениет құндылықтарын кеңінен пайдалана алатын, қазақ халқының дәстүрлі фольклорына, еңбегіне бейімделген, белсенді, іскер,   бәсекелік,   қабілеттілік, шығармашылық   қасиеттерге  дағдыланған «сегіз қырлы, бір сырлы» жеке тұлғаны, ұлттық рухымызды асқақтататын мамандарды  қалыптастыру басты мақсат деп қойған.
Өнер мен кәсіпті ұштастырып болашақ мектеп,колледж мұғалімдерін өнерге, кәсіпке баули отырып атадан мирас болып қалған ән-күйімізді, сәндік қолданбалы қолөнерімізді дәстүрлі технологиямен қатар жаңа инновациялық технологиямен игертіп, көркем еңбек мазмұнын  «ата-кәсіп», «әже-кәсіп», «ананың кәсібі», «әкенің кәсібі», «ұлдың кәсібі», «қыздың кәсібі», «келіннің кәсібі» болып бөлінетін еңбек түрлерін, ұлттық рухани мәдени құндылықтарымызды болашақ ұстаздарымызға  игерте отырып дәстүрлер сабақтастығы, ұрпақтар жалғастығын сақтап білім берудеміз.
Қазақ халқының тәрбие жүйесі мазмұнында, болашақ ұрпағын өнер арқылы сұлулыққа, әсемдікке баулу, ата-ана, ата-әже, жалпы елдің мұраты болғаны сөзсіз.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті өз тарихында халықтық фольклор, сәндік-қолданбалы өнерді  сақтауға және дамытуға, оларды кәсіби қызмет шеңберінде кеңінен танымал етіп таратуға қабілетті музыка және көркем өнер саласынан жоғары білікті мамандарды даярлауда көшбасшы университеттердің қатарында.
«Атамекен» ҚР  Ұлттық кәсіпкерлік палатасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен  бірлесіп, жоғары оқу орындарының  білім беру бағдарламаларының 2022 жылғы Қазақстандағы ЖОО  арасында өткізілген рейтинг бойынша үздік ондықтың 1-ші орнын  М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 6В01403-«Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы және 2-орынды 6В01408 -«Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы иеленді.  19 критерий бойынша деректер талданып  бағаланды.
Атамекен» ҚР  ҰКП  рейтингі- бұл Қазақстан Республикасы  Ғылым және жоғары білім министрлігімен  бірлесіп жүргізілетін Қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының тәуелсіз бағасы.
Болашақ «Көркем еңбек және сызу» пәні, «Кәсіптік оқыту»,  «Музыка» пәні ұстаздары өскелең ұрпақты халықтық педогогика көркем өнер құралдарымен  ұлтымыздың  ән-күйін шырқауға,  еңбекке, ісмерлікке, кәсіпке баулып мемлекетіміздің іргетасын экономикасын заман талабынан қалмай дамытуға өсуге өркендетуге қосатын үлестері зор деген сенімдеміз.
Атақты композитор, кәсіпкер, дарынды шебер, суретші  болу үшін білім мен дағдыны меңгеруіне интеллектуалдық, тұлғалық, этикалық дамуын, өзіндік, кәсіптік айқындалуын, қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етуге
«Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасының  профессор оқытушылар құрамы жас талапкерлерге зор мүмкіндік береді. Халқымыз маңдай терін төгіп еңбек еткен  сахна, ұстахана дүкенің, шеберханасын қастерлеп қасиет тұтқан «Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасының» құрамы белгілі ғалымдардан,әнші, күйші, суретшілерден  құралған, кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Медетбек Абдирасилов, т.ғ.д., профессор Мульдеков Имаш Оспанқұлұлы, ҚР мәдениет саласының үздігі Рахымжанов Муратжон Дадаевич, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі профессор Паншаев Мухамет-Умар Сализович. Қазақ музыкасының «Алтын қорына» енген «Көне Тараз» күйінің авторы,композитор,доцент  Аман Малдыбаев, («Ғаламат», «Мұңды саз», «Шоқай датқа», «Мұңлы тамшылар» және тағы басқа күйлердің, сондай-ақ, «Шырайлым», «Жалын кешкен», «Жастар маршы», «Наз сезім», «Аққу әні» секілді әндердің авторы).
Кафедрадан тыс республика көлемінде көркем өнер мамандарын даярлап, білім берген еңбегі сіңген майталман ұстаздар  аға оқытушы  Сейсенби Бейсеуов, доцент Кулмамбетов Балкыбек Кадиралиевич, аға оқытушы Апсаматова Римма  Дуйсековна, аға оқытушы Мулюкова  Венера  Гайнисламовна. «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ шығармашылық бірлестігің «Мәдениет майталманы» медалінің иегері Жантаев Саулебек Алимбаевич, аға оқытушы Жантаева Маржан Кумисбековна. т.ғ.к.,қауым.профессор  Джаскиленова Айнұр Ермековна. доцент. Рысметов Ержан Ходжабергенович. ҚР Мәдениет саласының үздігі п.ғ.магистрі Макашова Айгүл Ынтымаққызы. «Қазақстан ұстаздары қоғамының мүшесі» аға оқытушы  Нурманова Сымбат Тиянакбаевна. п.ғ.м., аға оқытушы  Курмантаева Сулугул Жайлауовна. п.ғ.м., аға оқытушы Абдикеримова Перизат Жорабековна.т.ғ.м., аға оқытушы Карибаева Айжан Жумабаевна.  Өнертану саласынан ө.ғ.м., аға оқытушы Кошкинбаева Нургуль Рыспаевна. п.ғ.м., Джумашева Айгуль Серикхановна, п.ғ.м., Куздеубаев Айдар Жалгасбекұлы,  зертхана меңгерушісі  Казыбаева Марияш Шаменовна, лаборант Рысметов Руслан Хожабергенович, Кемалова Эльмира Сагадилдиновна, оқу шеберлері Джаланашева Талшын Зарлыковна, Имашева Гульмира Шамшибековна, Керимбеков Серик Маркабаевич, Элбоева Ойзода Жамалбековна болашақ ұстаздарымызбен мамандарды  даярлауда жемісті еңбек етуде.
Қорытындылай келе, «Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасы ұжымы қоғамдық сананың көркемдік ойлауын ұштайтын көркем өнер  мамандығының мақсаты ата-бабаларымыздан қалған мұра, ауыз әдебиетінің сан-алуан жанрларымен, күмбірлеген күйімен, асқақтата салған сазды әнімен, айшықты да әсем көркем өнер жанрларымен, сәндік-қолөнерімен, болашақ ұстаздарымыздың рухани жандүниесінің байлығын, асқақ арманын келер ұрпағының зердесіне жеткізіп, санасына ұялататындай білім көкжиегінде бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Сапалы білім мен тәрбиені ұштастыра білген оқу орнымыздың жетістігі бұнымен тоқтап қалмайды. Алда жаңа бағдарламаларды қолға алу жоспарлануда.  М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті  өңірдегі  маман тапшылығын  ғана  шешіп қоймай,  елдегі  білім беру мекемелерімен, өндірістерін білікті де креативті кадрлармен қамтамасыз етуде. Білімді, мықты маман боламын деген  арман мақсаттарыңызды Дулати  университеті  шындыққа айналдыруға әр уақытта дайын !!!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.