Home » Мақалалар » ҚазҰУ бәсекелестікке қабілетті жастар тәрбиелеуде!

ҚазҰУ бәсекелестікке қабілетті жастар тәрбиелеуде!

       ҚазҰУ бәсекелестікке қабілетті жастар тәрбиелеуде!

Жоғары оқу орнына келгендегі студенттердің басты мақсаты-болашақ мамандықтарын игеру, білім алып, оны өмірде қолдануға бағыттау. Алайда, студенттік өмір тек біліммен шектелмейді, керісінше өзін барлық бағыттарда сынап көруге және оны максималды түрде естеліктерге толы қылып өткізуге мүмкіндік береді. Биология және биотехнология факультетінің студенттері 2022-2023 оқу жылының алғашқы күзгі семестрде өткізген қызықтары мен жетістіктері ерекшеленді. Жаңадан келген 1-курс студенттеріне университеттегі жобаларға белсенді қатысу қызық болды.

Осы оқу жылындағы алғашқы ірі іс-шара студенттерді қара шаңырақ ҚазҰУ-ға ресми түрде қарсы алу кеші болды. Қыркүйек айының 17-жұлдызында өткен бұл күні факультетіміздің жас өркендері, оның болашағы және тіреніші болатын балмұздақтар Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының арқасында біздің университеттің өздеңгейіне сай екендігіне куә болды. Мектеп қабырғасында үздік атанған, ‘Алтын белгімен’ мадақталған студенттер биология және биотехнология факультетінің атын қорғап, салтанатты сапқа шықты. Талантты әрі ашық жастарымыз өздерін би және ән өнері жағынан көрсете білді. Жалпы айтсақ, ол кеш әрдайым естерінде қалардай өтті. Ал көп ұзамай олар өздерінің жолын басып өткен жоғары курс студенттерімен бірге жақын танысып, кеңес алып және оған қоса Алматы тауларының бөктерінде салауатты өмір салтын насихаттап, демалып қайтты. Нәтижесінде, факультет ішіндегі ара-қатынастар жоғарылап, жаңа таланттар өздерін аша білді. Алайда ол ерекшеліктерін ары қарай дамыту үшін оларға ыңғайлы және потенциалын аша білетін орта қажет болды. 30-қыркүйек күні биология және биотехнология факультетіндегі барлық ұйымдар өздерін тек жақсы жағынан көрсетіп жаңа студенттермен жаңа тарих құру үшін жәрмеңке өткізді. Ол ‘Ұйымдар жәрмеңкесі’ нәтижесінде біздің студенттер өздерінің алдағы уақытта бірге жұмыс жасайтын, университеттің белсенді өмірінде жол көрсететін жаңа адамдарды тапты.

     Қазан айында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін ‘Сұңқар студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросының’ ұйымдастыруымен мини футболдан ‘Декан Кубогы’ ойнатылды. Ол біздің факультетіміздің ұлдарының ортақ қызуғышылығы арқылы, бір-біріне қолдау беруге және өмірдегі спорттың маңыздылығын көрсеткен қызыққа толы іс-шара болды. Осы айда ‘Farabi Fest’ таланттылар байқауына да қызу дайындық жүрді. Біздің студенттер арасында өнерлі және үлкен командада жұмыс жасауға дайындықтарын жинап, заманауи би бойынша қатысты. Осы дайындық арасында Жоғары Студенттік Кеңес өткізген ‘AqSSuiek in the city’ ойындарына да біздің жігіттер белсенді қатысты. Бір-біріне иық сүйей білген құрдастарға айналған студенттер факультет атын қорғауға шықты. Ал осы іс-шараға қызығушылығы болған студенттеріміз Жастар Алаңында әр-түрлі конкурстарға қатысып, өнер көрсетті.  Демалыс уақытын да қызықты әрі нәтижелі өткізу мақсатында факультет белсенділері бейресми жиналыс өткізді. Ол біздің факультеттегі ұйым басшыларының және олардың командаларының өзара тығыз байланыста жұмыс жасап үйренуіне үлкен стимул бере алды, себебі сол бағыттағы интеллектуалды ойындар жүргізіліп, белсенділердің басқа қырларынан ашылуына көмектесті. Ай соңына жеткенде мемлекеттік маңыздылығы зор мереке-Республика күні тойланды. 25.10 күні біздің белсенділер Медеуге барды: сол жақта орналасқан үлкен мемлекеттік тудың көтерілу рәсіміне қатысып, концерт көтеріңкі көңіл-күй сыйлап біздің студенттеріміздің патриоттық сезімі артқан болатын. Соңғы жылы күндерде таза ауада өткізілген жаңа турнирлер көп болды, соның бірі медицина факультеті өткізген футбол ойындары болды. Биология және биотехнология факультетінің спортқа қызығушылығы жоғары жігіттері финалға жолдама алып, жүлделі 2 орын иеленді. Бұл жарыстар тек спорттық мығым емес, сонымен қатар сенімділікті де арттырғанына сенеміз.

Артқа қарай шегінсек барлығы бір мезетте өткендей, алайда есте қалдырар ізі көп бұл іс- шаралар бізге көп сабақ берді. Алдағы уақытта қай бағытқа басымдық беру керектігі туралы қорытындылар жасай алдық. Біз ешқашан белсенділікті дамытуды тоқтатпаймыз, себебі студенттердің қызықты университеттік өмірі болашақта осы сәттерді езуінде күлкімен еске алатындай болуы қажет. ҚазҰУ жастарының бәсекелестікке қабілетті екенінің тағы бір дәлелі осы болса керек. Біздің білім ордамызда мол мүмкіндік бар және соларды нәтижелі түрде қолдану біздің басты мақсатымыз!

 

Биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және
биорестурстар кафедрасының аға оқытушысы:
Абдуллаева Бағила Айдаровна және
4 курс студенттері:
Дәуір Нұрбүбі, Кажгалиева Жанар, Дәуренбекова Арайлым.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.