Home » Мақалалар » МЕКТЕПКЕ  ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ  МЕН ОҚЫТУДЫ  ДАМЫТУ МОДЕЛІН  ІСКЕ АСЫРУ  ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ  ПЕДАГОГТІҢ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

МЕКТЕПКЕ  ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ  МЕН ОҚЫТУДЫ  ДАМЫТУ МОДЕЛІН  ІСКЕ АСЫРУ  ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ  ПЕДАГОГТІҢ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

КОЖАНОВА ГУЛЬМИРА ТУРДЫАКЫНОВНА
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
№ 88 «БАЯН СҰЛУ» БАЛАБАҚШАСЫ  ӘДІСКЕР

    Аңдатпа
Мақалада балабақшадағы инновациялық технологияларды пайдаланудың қажеттілігі қарастырылған. Қазіргі білім беру үрдісінде білім берудің әдіс- тәсілдерін түрлендіріп, жетілдіріп отыру және жаңа инновациялық білім технологиясын меңгеру қажеттілігі, балабақшада инновациялық технологияны оқу әрекетінде қолданудың маңыздылығы, түрлері айқын көрініс тапқан.
Кілт сөздер

Триз, инновация, технологиялар, асоциация.

Адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамдардың ең басты шаттығы болып саналатын   баланың өсіп, өмір сүретін орыны.

Қазіргі заманда алға қойылып отырған маңызды мәселердің бірі -жан — жақты дамыған өнегелі, рухани ізденісі мол жас ұрпақ тәрбиелеу.

Білім берудің алғашқы деңгейі балабақшадан басталады.

Балабақша: Балаға  жан-жақты білімді, тәрбиені,  ақыл-ойын дамытатын, қызығушылығын оятатын баланың екінші отбасы. Тәрбиенің нәтижесі отбасымен балабақша тығыз байланыста болса ғана, мағыналы болып жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз. Осының негізінде біз тек баланы ғана емес, ата-ананы да жұмыстандырып, бірге тәрбиелеуіміз қажет. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс — тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан — жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Қазіргі білім беру үрдісі өзгерді, саналы білім беруде жаңа көзқарастар пайда болды, және біздің алдымызға жаңа міндеттер жүктеп отыр. Осы міндеттердің бірі — білім берудің әдіс- тәсілдерін түрлендіріп, жетілдіріп отыру және жаңа инновациялық білім технологиясын меңгеру.
Жаңа технология бойынша білімді үнемі бүгінгі жас ұрпақ тәрбиеленушілерге меңгертіп отырсақ, балалардың жаңаша көзқарас үрдісі дамиды.
Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар:
1.ТРИЗ технологиясы
2. Тәй -тәй технологиясы
3. Монтессори технологиясы
4. Зайцев технологиясы
5. Дамыта оқыту технологиясы

Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиімді әдістері:
1. Ой толғаныс
2. Ассоциация
3. Салыстыру
4. Топтау әдісі

Қазіргі таңда білімді ұрпақ келешек кепілі демекші, міне, жаңа технологияның тиімділігі  баланың жан-жақты құзіреттілігін дамытып, жан-жақты біліммен қаруланған  ұрпақ тәрбиелейді.  Әрбір технологияның өзіндік ерекшелігі бар. Бала толыққанды жетіліп, ата-анамен байланыс күшейеді.  Жаңа технологиялар бала бойына білімге әуестік, білім құмарлыққа баулуы тиіс. Білім беру үрдісіндегі алға қойылған басты мақсат баланың білім беру мазмұнын толықтырып,  жаңаша көзқараста, жаңа технология бағытында жұмыс жүргізіп, баланың өмірін  жаңаша ортада,  жаңа бағытпен ұйымдастыру. Бала құзіреттілігінің белсенді дамуы балабақшадан бастау алады. Бұл бастаманың негізгі міндеті балаларды заман талабына сай, әлемді шынайы қабылдауға дайындау.  Болашақта балалар өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, шешім қабылдауы тиіс.  Ендеше баланың ойлау қабілетін жан-жақты дамыту мен шығармашылық ізденіс дағдыларын үйренейік, үйретейік. Өйткені оқыту технологиясы педагогикалық үрдістің сапасын жетілдіруді талап етеді. Адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамдардың ең басты шаттығы болып саналатын   баланың өсіп, өмір сүретін орыны. Әр баланың қабылдауы әр – түрлі болғандықтан оқу іс-әрекеті кезінде тәрбиеші жаңа технологиялардың түрлерін пайдаланған жөн.
Жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану және оны ұйымдастыруға ақпарат құралдары да, талапқа сай болу қажет. Қазіргі таңда ешбір жас ұрпақ білімсіз болып қалмауы тиіс. Міне, жаңа технологияның тиімділігі баланың жан-жақты құзіреттілігін дамытып,білімді ұрпақ тәрбиелейді. Әрбір технологияның өзіндік ерекшелігі бар. Бала толыққанды жетіліп, ата-анамен байланыс күшейеді. Жаңа технологиялар бала бойына білімге әуестік, білім құмарлыққа баулуы тиіс. Білім беру үрдісіндегі алға қойылған басты мақсат баланың білім беру мазмұнын толықтырып, жаңаша көзқараста, жаңа технология бағытында жұмыс жүргізіп, баланың өмірін жаңаша ортада, жаңа бағытпен ұйымдастыру.
Мектеп жасына дейінгі бүллдіршіндердің қызығушылығын қалыптастыруда ақпараттық- коммуникациялық технология құралдарын оқу үдерісіне енгізудің бірнеше себептері бар.

Біріншіден, бұл әрекет құрылымын жоспарлау, ақпаратты іздеу, ақпараттық модельдер құру және әрекетті жабдықтау сияқты дағдылар мен біліктердің жиынтығы болатын ескере отырып, ойлаудың операциялық стилінің қалыптасуы өз септігін тигізеді.

Екіншіден, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің білімді интерактивті әдіс арқылы қабылдау дағдыларын меңгеріп, содан кейін ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын өзінің іс-әрекетінде басты құралы ретінде пайдаланады. Үшіншіден, сабақты ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану арқылы өткізу ойынға оңай ұласады да, балаларда оқуға деген эмоционалдық жағымды қатынас пайда болады.

Қорытындылай келе, бала өміріне немқұрайлы қарамай, балаға қазіргі заман талабына сай, мағыналы білім берсек қана, біздің бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын болмақ. Бала отбасында дұрыс тәрбие алса, тәрбиелеудің нәтижесі жоғары болмақ. Атақты Б.Момышұлы атамыз айтқан екен мен үш нәрседен қорқамын: «Өзінің сәбиіне бесік жырын айтпаған анадан,
немересіне ертегі айта алмаған ата мен әжеден, өз тілін құрметтемеген адамнан» деген екен. Міне, балаға отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Біздің басты мақсатымыз отбасымен ынтымақтастық орнатып, баланы жан-жақты тұлға ретінде тәрбиелеу

Әдебиеттер:

1.Беспалько В.П Слогаемые педагогические технологий, М. Педагогика, 1989.

  1. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз, ТарМУ, 2003.
  2. Исаева З.А, Мынбаева А.К, Садвакасова З.М. Активные методы обучения. – Алматы, 2005.
    4.Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инновация как теория и практика нововведений в системе образования: научный фонд и перспективы развития.–Алматы:Ғылым,2001.

38 комментариев

  1. Гульжанат

    seketaeva@bk.ru

  2. Керемет 👏🏻

  3. Керемет жазылған👍💐💐💐

  4. Ой тұжырымың жақсы. Бала тәрбиесі ұлт тәрбиесі. Отан от басынан басталады және тәрбиешілердің орыны зор👍💐💐💐

  5. Еңбегіңіз еоене берсін💐

  6. Kalamkas23111972@mail.ru

  7. Сәттілік, Гульмира

  8. Қазіргі таңдағы нағыз тәрбиелеу және оқыту жаңа технологиялар жайлы жақсы жазғансыз,практика жүзінде қолданамын үлкен рахмет сізге еңбегіңіздің жемісін көріңіз 👍🏻👏🏻😘💐

  9. kalamkas@mail.ru

  10. Еңбегініз есебінен берсін

  11. 👍👍👍👍👍

  12. Гульшат

    саттилик Гульмира Турдыакыновна

  13. 🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥

  14. Гульмира

    Керемет. Мықты мамандық, тамаша!

  15. Қарлығаш

    👍👍👍👍👍👍

  16. Shakerimovasaule1972s

  17. Жаңа технологияларды тәрбиеге енгізудегі жоспарыныз іске ассын! Алға қойған мақсатынызға жете беріңіз 👍🏼

  18. Керемет мақала!Еңбегіңіз жоғары бағалансын!

  19. ЖАКСЫ мақала,Енбегиниздн жемисин кориниз!!

  20. aaiman0511@gmail.com

  21. Назгуль

    Гулмира Турдыакыновна сізге сәттілік, еңбегінің жана берсін!

  22. Гульнар Б.

    Гульмира Турдыакыновна ! Керемет 👍👍👍 жумысыныз жемисти болсын 🌹

  23. Керемет. Алға!

  24. Мыкты, Жаксы жазылган макала

  25. Сәттілік сізге!👏👏👏

  26. #88 бала бақшысының басшысы, тәжірибелі методист
    өзінің жоғары біліктілігінің арқасында, оқытудың заманауи әдістерін терең білуінің, сондай-ақ балалардың ата-аналарымен тығыз қарым-қатынасының арқасында «Баян-Сұлу» бақшаның рейтингісін айтарлықтай деңгейге көтеретіні сөзсіз. Іске сәт, құрметті Гүлмира Тұрдақыновна!👍🏻

  27. Өте мағыналы мақала! Гүлмира Турдыакыновна Скзге сәттілік! Щығармашылық табыс тілеймін!

  28. Әйгерім

    Өте тамаша, еңбегіңіз елене берсін Гүлмира Тұрдыакыновна😍

  29. Жадра Ахметовна

    Жақсы жазылған мақала. Сәттілік!!!

  30. Бауыржан

    Күшті! Керемет жазылған👍

  31. Бану Тукеновна

    akkogershin48@mail.ru

  32. Бану Тукеновна

    Гулмира Турдыаканова өз жұмысына жауапты,білікті маман.Тәжірибесі мол ,шығармашыл жан.Бұл кісіден үйренетініміз көп Еңбегініздің жемісін көріңіз.

  33. Искакова Толкын

    Гульмира Турдакыновна! Еңбегіңіздің жемісінің көріңіз!👍👍🌺🌺🌺

  34. Сәттілік 🔥🔥🔥

  35. Қарлығаш

    🔥🔥🔥🔥🔥

  36. Мақала керемет жазылган , тақырып ашылған ,сәттілік👍👍👍

  37. Керемет👍👍👍

  38. Гульмира Турдыакыновна ! Керемет 👍👍👍 жумысыныз жемисти болсын

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.