Home » Мақалалар » ДАРЫНДЫ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС-ОҚУ ПРОЦЕСІНІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІГІ

ДАРЫНДЫ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС-ОҚУ ПРОЦЕСІНІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІГІ

Халықаралық аренада мемлекеттің жастары негізінен IQ, EQ, FQ сыңды параметрлермен өлшенеді. Ал бұл параметрлер негізінен баланың бәсекеге қабілетті болып өсуінің алғышарты. 21 ғасыр ZET жастары,олардың әрқайсысына ерекше күтім мен мән берілуі керек.Осы орайда бала тәрбиесімен айналысып жатқан әрбір педагог білім алушымен тығыз қарым-қатынаста болунәтиженің жоғары болуына әкеледі.
Осы орайда Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты «Шымкент қаласының Дарын орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау мен қолдау мақсатында «EL UMITI» бастамасы аясында Шымкент қаласында 2020 жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Орталық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы» бұйрығы аясында жұмыс атқарады. Атап айтсақ, Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада, Жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобалары және шығармашылық байқаулар. Қаламызда ағымдағы жылдың 30 қаңтары мен 3 ақпаны аралығында №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы базасында Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі өткізілді. Олимпиаданы академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында «El umiti цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде веб-камера, фотофиксациямен прокторинг сервисін пайдалана отырып, әр минут сайын суретке түсіру арқылы электрондық форматта өткізілді. Олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңіне жалпы 2331 оқушы қатысты. Соның ішінде 968 жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша және 1363 қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша қатысты. Олимпиаданың екінші (аудандық) кезең қорытындысы бойынша жалпы 975 оқушы І, ІІ және ІІІ орындарды иеленді. Соның ішінде: І орын – 207 оқушы; ІІ орын – 311 оқушы; ІІІ орын – 457 оқушы. Олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңінің ережесіне сәйкес әр сынып әр пән бойынша ең жоғары ұпай жинаған 12 оқушыдан (кей пәндерден ұпай сандары бірдей болуына байланысты оқушы саны артты) келесі кезеңге жолданады. Нәтижесінде жалпы 458 оқушы келесі кезеңге жолданды. Соның ішінде 174 жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша және 284 қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша келесі кезеңге жолданды.
8-11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобалар конкурсының қалалық кезеңі 2022 жылғы 25 қараша күні «Parasat AJ» жекеменшік орта мектебі базасында өткізілді. Зерттеу жобалар конкурсының қалалық кезеңіне (қорғау) математика, қолданбалы математика, физика, биология, химия, информатика, техника, жер және ғарыш туралы ғылым, экономика, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы, адам және қоғам, өлкетану, тарих, әдебиет (қазақ, орыс), этномәдениеттану, тіл білімі ( қазақ, орыс, ағылшын) секциялары бойынша 690 оқушы өз жұмыстарын қорғады. Нәтижесінде 298 оқушы келесі кезеңге (тестілеуге) жолдама алды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобалар конкурсының екінші кезеңі тестілеуге 298 оқушы қатысып, нәтижесінде 138 оқушы республикалық сараптамаға жолданды. Соның ішінде 93 оқушы жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша, 45 оқушы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жолданды.
2-7 сынып оқушылары арасындағы “Зерде” республикалық зерттеу жобалар конкурсының қалалық кезеңі 2023 жылғы 9-13 қаңтар күндері аралығында «Parasat AJ» жекеменшік орта мектебі базасында өткізілді. Зерттеу жобалар конкурсының қалалық кезеңіне (қорғау) математика, қолданбалы математика, физика, космос, биология, химия, информатика, робототехника STEM инженерия, медицина, психология, экология, туризм және спорт, технология және өнер, тарих, өлкетану, орыс тілі мен әдебиеті, этномәдениеттану, ағылшын тілі, қазақ тілі мен әдебиеті секциялары бойынша 859 оқушы өз жұмыстарын қорғап, нәтижесінде 511 оқушы І, ІІ және ІІІ орындарды иеленді. Соның ішінде ішінде І орын — 24 оқушы, ІІ орын – 192 оқушы, ІІІ орын – 296 оқушы иеленді. 2-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» зерттеу жобалар конкурсының республикалық кезеңіне Шымкент қаласының атынан 24 оқушы жолдамаға ие болды. Осы олимпиадалар мен зерттеу жобалар конкурстарының Республикалық кезеңіне жолдама алған оқушылар Шымкент қаласының қоржынын медальдармен толықтырады деп сенеміз!

Шымкент қаласы
№1 «Талант» жалпы білім беру
мектебінің бастауыш сынып оқытушысы
Макулбекова Айгуль Копбаевна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.