Home » Мақалалар » Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Астана қаласы Білім басқармасына қарасты
№36 «Балапан» балабақшасының әдіскері
Кланова Гүлмаржан Куанышовна

Биылғы 2022-2023 оқу жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында айтарлықтай жаңалықтармен басталды. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мен стандарты» жаңарды. Ол туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 6-тармағына және 14-бабының 1-тармағына, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес бағдарлама әзірленді.
Ол құжатта «Бағдарламаның мақсаты әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу болып табылады» делінген. Бүгінгі уақытта қүн тәртібінде тұрған мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту. Ол үшін мемлекет, жайлы және қауіпсіз білім беру жағдайларын жасап отыр. Ол үрдіз қазіргі таңау бір жүйеленіп қалыпты бағытқа түсті десе де болады. Айта кетсем балаларды балабақшамен қамтамасыз ету, онда жұмыс жасайтын жұмыскерлер қызметін айқындау, әдістемелік кабинеттермен қамтамасыз ету, оқу құралдармен жабдықтау жайы толықтай мемлекттік тұрғыда қарастырылған.
Баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға, заттықкеңістік ортаны қалыптастыруға және  жас ерекшеліктеріне сәйкес біліктері мен дағдыларын дамытуға, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың физикалық дамуы, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін ашу сондай-ақ  эмоционалдық,  зияткерлік, инновациялық,  мәдени-әлеуметтік, физикалық, психологиялық дамыту сонымен қатар ең бастысы сүйіспеншілікке оның ішінде отан сүйгіштікке баулу біз сияқтты мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласының бастты қызметті болып табылады.
Оқу-ағарту министрлігінен шыққан бұйрықтар мен нормативтерге сай жұмыс жасау жоғарыда айтқандай әріптестеріме байланысты. Бағыт ретінде «бағдарлама», жүйе ретінде «стандарт» бар. Бұл құжаттар өз кезегінде тәрбиешілер мен тәрбиеленушінің ыңғайы мен болмысына шақталып жасалған. Осы құжаттарға сүйене отырып ізденіс жолында талмай еңбек еткен кісі, жетістіктерге жетері һақ.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.