Home » Мақалалар » ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҒЫНЫҢ  АЛДЫН АЛУ

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҒЫНЫҢ  АЛДЫН АЛУ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен  қаласы бойынша білім бөлімінің
«№27 орта мектебі» КММ   Көркем еңбек пәнінің мұғалімі:
Мешелова Гульнар Зиятбековна

Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей, не жанама көздейтін құқықтық актілердің көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының  дамуын  қамтамасыз  ететін  қолдау  жүйесінің  даму бағытын айқындайды. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай Үкімет отбасының, соның ішінде кеңей-тілген отбасының тұтастығын сақтауға баса назар аударып отыр.  Отбасындағы  тұрақ-                                тылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері сәтсіз болған жағдайда тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мұмкіндігін қарас-тыру қажет екендігі белгілі. Яғни, балаларды тұрақты әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерде тәрбиелеу болып табылады. Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іске асыру қажеттігілігі тууы мүмкін. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғышарты болып табы-латын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағымсыз құбылыстары әсер етеді. Ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмай қараусыз қалған, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп, құқық бұзушылық жасауға баратын балалар санының өсуі осы жағдайдың бір себеп-салдары ғана. Демек, балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстылық деңгейінің  артуына ықпал ететін фактор-лардың бірі атааналардың төлем қабілеттілігінің төмендеуі және бос уақытты өткізудің барлық түрлерінің коммерциялануы болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – ең алдымен, жұмыс орындарын көбейтуге, баланы оқытуға, жағдайы келмеген кезде кәмелетке толмағандарға мемлекеттің есебінен жоғары және арнайы орта білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын өсіруге бағыт-талып отыр. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және бала-лардың қадағалаусыз, ата-анасының қарауынсыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың келесі бір бағыты – білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның дәл және біркелкі қолданылуына тиісті бақылау және қадағалау жасауды қамта-масыз ету болып табылады. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы зор екендігін жоғарыда келтірілген. Демек, бұл шараларда айтар-лықтай бір қатар кемшіліктер бар екендігі баршаға белгілі. Мысалы, теледидар арқылы адам өлтіру, қатыгездік, қанқұйлы оқиғалар, алдап-арбау, эротикалық мағынадағы жур-налдар, фотосуреттер, жарнамалар шектеусіз көрсетіледі. Мұның өзі келешек ұрпақтың мінезқұлқының қалыптасуы мен даму процестеріне зиян келтіруі мүмкін. Себебі жас-өспірім ақпараттана отырып құқық бұзу әрекеттерінің жазаға тартылмау жолдарын қарастыруы немесе ішкі істер органдарының қызметіне қарсы әрекеттер жасау пікірі қалыптасады. Қоғам мүлкін немесе жеке тұлғалардың меншігін қылмыстық жолмен иелену арқылы материалдық қажеттілігін арттыру мақсатында табыс табу жолдарын үйренуге талпынады. Осы жағдайға байланысты бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңда жастарға арналған тиісті қызметтер мен мүмкіндіктерді ашып көрсету қажеттігі туындайды.Осыған байланысты жасөспірімдер арасындағы заңға қайшы мінез-құлықтың алдыналудың  неғұрлым   тиімді   шарасы  девиантты мінез-құлқымен ерекшеленетін кәмелетке толмағандарды, әсіресе қоғамға қарсы бағдарланған жасөспірімдер топтарының басшыларын дер кезінде анықтауға және олардың айналадағы адамдарға теріс ықпал жасауына жол бермеу амалдарын қолдану болып табылады. Тәжірибе көрсетіп отырған-дай, осындай жасөспірімдерді арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне орналастыру мүмкіндігі болғанда бұл жұмыстың пәрменділігі артады. Осының өзі құқық бұзушылықтың қайтала-нуын болдырмауға, сондай-ақ оларды ересек адамдардың тарапынан болатын теріс әсер-ден оқшаулауға мүмкіндік береді. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушы-лықтың және балалар-дың қадағалаусыз, қараусыз қалуының алдын алу жөніндегі мемле-кеттік саясаттың тағы бір бағыты әртүрлі қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, клуб-тардың және т.б. қыз-метін реттейтін заңнаманы жетілдіру болып табылады. Себебі кәме-летке толмағандар құқық  бұзушылығының  алдын алу көбіне жасөспірімдердің бос уақы-тында ұйымдас-тырылатын әртүрлі қызметтердің жұмыс сапасына байланысты. мәдениет, ойынсауық, спорт және туризм мекемелерінің, әлеуметтік  қауіпті  жағдайда  тұрған кәме-летке толма-ғандарды көркемөнер, техникалық, спорт және т.б. үйірме, секцияларында үйренуге тарту, оларды отандық және дүниежүзілік мәдениет құндылықтарына баулу басты назарда болуы тиіс.

 Әдебиеттер:

  1. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ./ online.zakon.kz
  2. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы ҚР-ның 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы. (03.07.2013ж.толықтырулармен және түзетулермен) edu.gov.kz/news /tx_ttnews [tt_news].
  3. Республике Казахстан //Заң әдебиеті. – Алматы, 2002.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.