Home » Мақалалар » «Жылқы малына байланысты мақал-мәтелдер»

«Жылқы малына байланысты мақал-мәтелдер»

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
«№6 гимназия» КММ
10 «В» сынып оқушысы
Регина Писаренконың
«Жылқы малына байланысты мақал-мәтелдер»
атты ғылыми жұмысына

Пікір

Мақал-мәтелдердің өсиеттік, ұлағаттық, тәлім-тәрбие, парасаттық мәні өте зор. Жылқы малына байланысты мақал-мәтелдердің тәрбиелік маңызы бар екендігі дәлелденген. Бұл еңбекте жылқыға байланысты мақал-мәтелдердің құрылымдық ерекшеліктеріне , олардың бір-біріне айырмашылығына талдау жасаған. Жұмыста мақал-мәтелдердің негізгі тақырыптарын жүйелеп, саралап, түйін жасап, ойын қорытындылаған. Оқушы зерттеу жұмысының өзектілігін анықтап, мақал-мәтелдердің қолдану аясын көрсете білген. Зерттеу жұмысының өзектілігін анықтап, мақал-мәтелдердің қолдану аясын көрсете білген. Сондай-ақ тақырыпқа қатысты зерттеулерді пайдалануы өз деңгейінде.

Қорыта айтқанда, оқушының зерттеу еңбегі берілген бір талапқа сай, сол себепті қалалық ғылыми жобаға ұсынуға болады.

Жетекшісі: Г.Т. Камиева
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Мазмұны

 

 
Кіріспе.1
1.     Бөлім. Зерттеу бөлімі. Жылқы малына жалпы сипаттама2
2.     Бөлім.Жылқы малына байланысты мақал-мәтелдер6
3.     Практикалық бөлімі14
4.     Сауалнама мен оның нәтижесі15
5.     Практикалық бөлімнің қорытындысы16
6.     Қорытынды17
7.     Пайдаланылған әдебиеттер тізімі18

Андатпа

Мақал-мәтелдер-халық ауыз әдебиетінің асыл қазынасы. Өйткені қазақтың мақал-мәтелдерінің айтары-өсиет, ұлағат, тәлім, парасат,ізгілік. Жылқы малына байланысты мақал-мәделдердің тәрбиелік мәні зор. Бұл даналық сөздер жас ұрпақтың ғасырлар бойы төрт түлік мал өсірген халқымыздың тұрмыс-тіршілігін білумен бірге оларға дұрыс тәлім-тәрбие,жақсы азамат болып қалыптасуына игі ықпалын тигізеді.

Пословицы-поговорки-жемчужина устной народной литературы. Казахские пословицы и поговорки до нас доносят назидание, например, воспитание, благородство и гуманность. Пословицы связанные с лошадью имеют большое воспитательное значение. Эти мудрые слова способствуют правильному формированию гражданской позиции подрастающего поколения.

Proverbs and sayings are the treasure of oral folk literature. Kazakh proverbs and sayings convey edification to us, for example, education, nobility and humanity. Proverbs related to the topic “horse” have a great educational value. These wise words contribute to the correct formation of the civil position of the younger generation.

Кіріспе.

Қазақ халқының байырғы байлығы-мал, аяқты дәулет. Мал жайында мақал көп. Төрт түліктің әрқайсысының түрлі-түсі, сыр мінезі, ерекшелігі, шаруашылық мәні жан-жақты анықталған. Төрт-түлік мал өсірген халқымыздың бірсыпыра даналық сөздері жылқы малына байланысты туған. Мақал-мәтелдердің ең мазмұнды көркемі малды қалай бағып-қағу, өсіріп өндіруге арналған. Өйткені, халық ауыз әдебиетінің нұсқалары сайып келгенде, ұрпаққа айтар ақыл кеңес, аманат өсиеті, материалдық мәдениеті жан-жақты көрініс тапқан.

Зерттеу жұмысының өзектілігі

Қазақ этномәдениетін сипаттайтын өзекті арқаудың бірі мал шаруашылығының ішінде қазақ тілінде жылқы малына байланысты мақал-мәтелдерді дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының мақсаты

Жылқы малына байланысты мақал-мәтелдерді зерттей отырып , оларды мазмұнындағы төрт түлікке орай ұлттық тәрбие, өнеге үлгілері жайлы танып, бқілу.

Міндеттер

Жылқы малына байланысты мақал-мәтелдердің қолданысы төңірегінде айрықша қасиетін, ерекшеліктерін айқындау

Зерттеу әдісі

Зерттеуде салыстыру,сәйкестендіру,талдау, тұжырымдау,нақты материалдарды қорытындылау арқылы жасалды.

Зерттеу нысаны

Жылқы малына байланысты мақал-мәтелдер

Зерттеу болжамы

Егер бұл жұмыс іске асар болса, төрт түлікке байланысты мақал-мәтелдер арқылы сипатталатындығы ғылыми әдебиеттерде ескертіліп, бұл байқау әдісімізді  жануарлардың басқа түрлеріне де қолдануға болатындығын бағамдаймыз және оның танымдық,тәрбиелік мәні де зор деп білеміз.

Зерттеудің өткен орны: Нұр-Сұлтан қаласы «Гимназия №6» КММ 311 кабинет

 

  1. Бөлім. Зерттеу бөлімі. Жылқы малына сипаттама.

Төрт түлік малдың қазақ танымында алар орны биік. Бұған халқымыздың сонау ертеден келе жатқан ата кәсібі мал шаруашылығының ықпалы зор болады. Бұл жайында кезінде қазақтың ағартушысы, этнограф , ғалым Ш.Уәлиханов: «Қазақтың көрісіп, амандасқан кезде ең алдымен айтар сөзі: «Мал-жан аман ба?-дан басталады»,-деп айтқан сөзін келтірсек орынды болар. Тұлпар аттар қазақ тарихының- ұлы тарауы. Ол тарауларымыз даланы, туған жеріңді тану, сүю мүмкін емес. Белгілі шығыс зерттеушісі, түркітанушы ғалым В.В. Радлов: «Қазақтар үшін жылқының асыл тастай көркі, барлық сұлулық атауларының жиынтығы»,-деп жазды. Ерте заманда Қытай тарихшылары ғұндардың бәйге  бермес жүйрік тұлпарлар болғанын жазады. Қазақтар жүйрік аттарды тұлпар сәйгүлік, арғымақ деген. Қандай тұлпар аттар болғаны жайлы қазақ ауыз әдебиетіндегі көптеген аңыз, эпос жырларында керемет суреттеледі. Мысалы Қобыланды батырдың Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, 19 ғасырдағы тұлпар аттың ардақтысы Санырақтың Құлабестігі, Ақан серінің Құлагері.

Тарихи мәліметтерге қарасақ, қыпшақ қоғамында әрбір ру-тайпаның жылқылары өзінің ерекше түр-түсімен ерекшеленеді. Кейде белгілі бір тайпаның атауы жылқының түсі бойынша анықталған. Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи кесенесінде тай қазанды жоғалай «он сан Алаштың» ұшына он түрлі жылқы қылынан шашақтар тағылған он туы ілінгені халықтың назарын аудартады. Тулардың түстері: қаракөк, шұбар, торы күрең, құла, кері, боз, буыр, жирен, шабдар. Зерттеулер бойынша 250 –дей жылқы түсіне байланысты атаулар бар екен. Қамбар батырдың Қарақасқасы, Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Тарғынның Бозтарланы, Ақан серінің Құлагері, Балуан Шолақтың Ақбозаты, Жәңгірханның Ақмоншағы, Абылайдың Алшаңбозы, Райымбек батырдың Көкойнағы, Төлегеннің Бозжорғасы, Толыбайдың Шымқарасы және т.б.

Жылқы малының түр-түсіне байланысты наным-сенімдер де бар. Түркілерде Шығыс көк, Оңтүстік қызыл, Батыс ақ, Солтүстік қара  түспен белгіленген. Күлтегіннің мінген аттарының түстерінің Шығысқа жасаған сапарларында торы мен құла. Оңтүстікте жасаған сапарларында қызыл, Батысқа жасаған сапарларында ақ. Солтүстікке жасаған сапарында қаракөк түсінде болуы бізге бұл жылқы түстерінің оның дұшпанына қарсы бағытын білдіреді.

Қазіргі қазақ әдебиетінде халқымыздың ең жақсы көретін түсі ақбоз айтылып жүр. Қазақтың жылқы түлігіндегі жақсы көретін түсі «қаракөк» болған. Бұрын хандар,бекзадалар, ауқатты адамдар, бақсылар,сал-серілер астындағы атының түсімен бірдей киім тіккізіп киген. Абылайхан Алшанбозына мінгенде, ақ киім киіп шыққан. Ақан серінің үстінде қандай шапан болса, сондай ат мінген.

Жылқы малына байланысты наным-сенімдер де көп. Жылқыны отқа, яғни жайлауға қоярда, ең алдымен шылбырын шешіп алып, сонан кейін жүгенін алады. Шылбырды аттамайды. Қазақ ғұрпында жылқышының ққрығында, желіден аттамайды, бие сауатын жүгенін бермейді. Ертеде батыр жауға аттанғанда ауылдағылар оның атының сілекейін алып қалып отырған.

Ат әбзелдеріне де көп көңіл бөлген (ертоқым, қамышы). 19 ғасырда белгілі Күреңбай, Шоқай, Кикібай деген ат сыншылары болған. Сондай-ақ, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың да ақындықпен қоса сыншылық қасиетін қазақ қауымы «Аттың сыны» өлеңінен танып біледі. Осылардың ішінде Күреңбай сыншының жүйрік аттың әрбір мүшесін айтқан мына сыны айрықша: «тәует бас,қамыс құлақ, қой жұтқыншақ және т.б.

Атты баптау тәсілдері: Бапкерлік, жылқыға қатысты халықтық өлшемдер (фразеологизмдер) және Аспани ат -қазақ ауыз әдебиетіндегі дастандар мен эпостардағы ат бейнесі. Қазақ халының ұғымында ғарыш қиял-ғажайып дүниесіне толы болған.

Қазақ халқы үшін жылқы киелі, таза, қасиетті малдың бірі. Жылқы жануарларының түрі мен түсіне,жынысы мен мінезіне қарай қалай баптау керек екендігін де жақсы білген. Жылқы малына қатысты мақал-мәтелдер де қаншама. Жылқы малының өсуіне байланысты құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, сойтал,  дөнен, қулық, бесті, бие, ат, сәурік, айғыр деп жа сына, түріне қарай ажыратады. «Ат,айғырлар, биелер, бүйірі шығып ыңқылдап» (Абай). Бұрынғы ел қорғаған ерлер жылқы ішіндегі таңдауларын жорға, сужорға, жүйрі, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, наз бедеу дүлділ, арғымақ….деп сипаттап ерекше дәріптеп бағалаған. «Көз салдым жүйрігі мен жорғасына» (Н.Ахметбеков). Жалпы халық жылқыны жоғары бағалап және оны көп өсірген. Тіпті оның жүрісіне дейін жіктеп аяң, жорға, жортақ, бүлкек, бөкен желіс, сар желіс, текірек,шоқыту, шыбыс деп түрге бөлген. Басқа малға қарағанда жылқы түсі де көп, тебіл, күрең, жирен, шабдар, ақ боз, боз, көк, қызыл, қара, шұбар,теңбіл, тебіл көк, мұр, құлагер, қарагер. Жылқының жаманын мәстек, тулақ дейді. Айт, ас,тойларда аттың бас бәйгесіне мол дүние, жиһаз тігілетін болған. Тіпті бас бәйгеге елу бие, өлі атау, бір бас тоғыз,  тоғыз түйе, Жабулы қара нарға қалы кілім, аты озған олжаға болады ие». (Н.Ахметбеков).

Жылқы-қазақтың кәделі,бағалы, орны бөлек қымбат қазынасы. Сый-сипат, кәделі жерлерде халық ер-азаматтарға ат мінгізіп, шапан жапқан. Демек ол құрмет белгісі ретінде ұсынылатын үлкен сый орнында жүреді. Малдың қадірін біліп, қасиетті бағалаған бабаларымыз адам есіміне де мал атауларын қосуды әдетке айналдырған. Мысалы: Жылқыбай, Жылқайдар, Құнанбай.  Тіпті,ертедегі халықтың жыр, әңгіме, ертегілерінде,мал қасиетті түлік есебінде батыр, ер, сұлулармен қоса дәрптеліп айтылып жүрген. Мұның бәрі халықтың малсақтық, малжанды ерекшеліктері мен ұғымынан туған.

Мал сүтінен жасалатын тағам түрлері де көп. Жылқының қымызы денсаулыққа аса пайдалы шипалы сусын.

Халық ұғымында әр малдың иесі, пірі бар деп түсіндіріледі. Мысалы жылқының пірі- Қамбар ата. Өріске шақырғанда жылқыны «құрай-құрай» деп тұрғызады, өргізеді, айдайды. Сондай-ақ әр малдың үні де бар. Жылқы кісінейді. Жылқының ауруы: жамандату, шеміршек, маңқа. Қазақ малды топтап бағады. Жылқы тобын үйір деп атайды. Жегін көілктерді жеккенде,байлағанда да оның жеке атаулары бар. Жылқыда- ноқта, матайды. Әр мезгілде малдың жүнін, қылын алудың да атау түрлері көп.жылқыны күзейді. Мал балаларын төл деп атайды. Жылқы 10 айда төлдейді. Жылқы құлындайды.

Малдың қадір, қасиетін бағалай келіп тәжірибелі , малсақ халқымыз жылқы-мақтан дейді. Жылқы көлік ретінде пайдаланылады, шанаға,арбаға, малға жегеді, салт мінеді. Жаугершілікте ат, ағыр мінетін болған.

Мал шаруашылығының қыр-сырын жете меңгерген еңбекшіл де епті халқымыз мал өнімдерін де тұрмыстық салада қолдана біледі. Оның сүйегінен де , қылынан да , терісінен де тұяғынан да үлгіртіп қолдана білген. Жылқы сүйегін өңдеп қобди сандықтардың бетін өрнектеген. Күзеп алған жал, құйрығынан арқан есті. Мал терісін шаруашылықтың  әр саласына қолдана білетін де осы қазақ халқы. Жылқы терісінен аса бағалы «жақы» деп аталатын тон тігіп, оны «құлын жақы» деп атаған. Аса құрметті адамдарға «жақы» кигізген.

Сонымен аттың бейнесіне бірнеше жағдаймен салыстырып қарауға болады. Біріншісі, ат-береке. Оның жанында жақсылық бар. Екіншісі, ат –ер жігіттің сәні мен сыйы. Үшіншісі, ат-ер жігіттің абыройы. Ер жігіт атқа мінгенде бойын түзеп, көкірегін керіп өзін абыройлы сезінген. Аты бар жігіттің әлеуметтік жағдайы да жақсы дегенді блдірген. Төртіншісі, ат- ер жігіттің ыстығын да, суығын да көтеретін қасиетті жануар. Қасындағы сенімді серігі, арқа сүйер досы десек,  артық айтқан болмаймыз.

Міне қасиетті төрт-түлікке орай білім, тәрбие, тіл,өнеге, үлгілердің өзі бір төбе екен. Демек мал мәдениеті мен этнографиясы біздің білім, таным саласында да қызмет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Бөлім. Жылқы малына байланысты мақал-мәтелдер.

Жылқы малы қазақ дәстүрінде сый-сипаттың символы ретінде де жүреді. Айталық, кәделі, бағалы орындарда қазақ сыйлы қонақтарына ат мінгізіп, иығына шапан жапқан. Енді жылқы малына қатысты айтылған мақал-мәтелдерге тоқталар болсақ, оның түрі мен жас ерекшеліктеріне қарай сан түрлі мақал-мәтелдер бар.

Төрт түлік мал ішінде киеіл, қасиетті деген ұғымда «Жылқы-малдың патшасы, түйе-малдың қасқасы», адамның тез тіл табысу қасиетін айтқанда, жылқы малын да осыған ұқсатып: «Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше , би шешендер өзара дауға түскенде : «Ердің құны- жүз жылқы, ары- мың жылқы», ал сөзіне қатысты қажырлық пен қайраттылықтың символы ретінде  : «Ер қанаты-ат», «Ант ұрмай, ат жығылмас» ақыл-кеңес ретінде : «Ат сатсаң, ауылыңмен ақылдас», тіршілікте қолы қысқа, шарасыз қалып қойғанда: «Атсыздың атасы құнсыз кетеді», ұлан-ғайыр ас пен дүбірлі тойларда шабылатын аламан бәйгенің бағын сынарда: «Ат жүйрігі-асқа, тіл жүйрігі-басқа», аттың мінезі баптаушысына тән: «Атының сыры иесіне мәлім», ат үйіріп қорғаушы келеді, мінез-құлқына байланысты: «Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас, жаман адамға мал бітсе, жанына қоныс қондырмас», «Ат айналып қазығын табар, су айналып жазығын табар», т.б.мақалдар бар.

Ат жылқы малының тегі мен табиғи ерекшелігіне байланысты айтар болсақ: «Жапалық сипағанмен сұңқар болмас, жабыны мақтағанмен тұлпар болмас», «Арғымақ аттың баласы, аз оттап, көп жусайды, Асыл ердің баласы, аз сөйлеп, көп тыңдайды», «Жүйрік ат аяғынан қалады», «Жүзден-жүйрік,мыңнан-тұлпар», «Тұлпардың өз тұяғы өзіне ем», «жылқы малын баптағанда», «Ат болатын құлынның бауыры жазық келер, адам болар баланың маңдайы жазық келер». Т.б.

 

Қазақ халқы бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Көп жасаған, көпті көрген кәрі құлақты ата мен әжелер балаға тіл шыққаннан бастап қысқаша әңгіме, ертегі айтып береді және әңгімені баланың өзі күнделікті көріп, біліп жүрген жануарлар дүниесінен бастайды. Әсіресе жылқы малына байланысты мақал-мәтелдерді ұтымды пайдаланған. Мысалы: «Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды», «Тұлпардың өз тұяғы өзіне май» деп ата-ананың ойлағаны балалың қамы мен оның пайдасы, олардың ұрысқаннан кек ұстамау керек дегенді аңғартады.

 

Жер мен ел егіз, бірінсіз бірі жоқ. Соны түсінген халық «Атың барда жер таны -желіп жүріп, асың барда ел таны-беріп жүріп» жер мен елді әрқашан қатар атайды. Әр адам өзінің жерінде ,елінде қадірлі, сондықтан «Тұлпар тегіп табар, ер жігіт елін табар» дейді.

Мақал-мәтелдердің бірсыпырасы халқымен, қауыммен бірге болуға, өмірдің қызығын бірге көруге, қиындығын бірлесіп көруге шақырады. «Көнектеп шошыған бие оңбас, көптен бөлінген үй оңбас», «Ат үйірін сағынса, артқы аяғын қағынар, ер үйірін сағынса, ер тұрмайын тағынар» деген мақалдардың мағынасы соған сай.

Бірлік,ұйымшылдық-қай заманның адамдары үшін де ескермейтін қасиет. Сондықтан халық қашаннан бері-ақ: «Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату ьолса, ас көп», жастарды татулыққа, сыйластыққа үндейді. «Алыс жол атты сынайды, ауыр жол ерді сынайды», «Жүйоікті шапқанда көр, ерді сасқанда көр» деп ер, батыр ел үшін, елінің еркіндігі үшін күресіге тиіс деп біледі. «Жора-жолдас не керек, жауға бірге шаппаса, арғымақ мініп не керек, жабыдан озып артпаса»,деп жасанды жауға білек сыбанып, тізе қосып бірігіп баруды уағыздайды. Ел қорғау, ерлік жасау- абыройлы әрі ауыр іс. Сондай ер жолындағы ауыртпалықты да қиыншылықтарды да халық өзінің даналық сөздерінде ескере отырады. «Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер, ер басына күн туса, етігімен су кешер»деп ерді күн бұрын ширатады, шыңдайды.

Халық ақылды, мінезді адамдарды бір сөзбен жақсы, ал ақылсыз,мінезсіз адамды жаман деп атаған. Халық өзінің мақал-мәтелдерінде жақсы мен жаманды салыстырып, біріне-бірін қарсы қойып қатар айтады. Тыңдаушысын жамандықпен жиіркендіріп, жақсылыққа сүйсіндіріп отырады. «Ақылды ердің ішінде алтын ерлә ат тажыр, ақылды жардың ішінде алтын айда ұл жатыр»,дейді халық. Жаман адам жасық, жалтақ, тұрақсыз келеді. Қорыққаннан ғана сыйлайды. Онысын өзінше өнер көреді. Ондай адам жайында «Жорға жүрісмен пұл болады. Жаман жүрісімен құл болады» дейді.

Қазақ қоғамы ауылдан басталады. Ауылдастардың көбінесе тілегі бір, мүддесі бір. Сондықтан халық даналығы «Ағацынның аты озғанша , ауылдастың тайы озсын»,  деп ауылдың ауыз бірлігіне насихаттайды.

Тұрмыс-салтпен байланысты туған мақал-мәтелдердің барлығы ыдыс-аяқ жөнінде болып келеді. Мұнда да жылқы малының қатысуыжүзеге асқан. «Көнектен шошыған бие оңбас», «Бір бие саба болмас» дейтін мақалдардан шаруаның кейбір көне ыдыстарының аты сақталған.

Өнер мен білімді жас кезінен үйреніп игереді. «Жүйрік тай- құлыннан, өнер жас ұланнан» деп текке айтылмаған. Кісінің кемел жасы отыз бен қырық. Сондықтан халық «Қырықтан артық жас жоқ, қымыздан артық ас жоқ» дейді.

Халық даналығы өмірдің көңілді, мақсатты болуын қалаған. Мәселен, «Боларыңда болып өт, боз жорға аттай желіп өт» деген соны дәлелдейді.

Қазақ дәстүрінде басы бос бойжеткен қызды кәрі-жас, бай-кедей, жақсы-жаман демей, қалаған адам айттыруға ерікті, хақылды. Оны ешкім айыптамайды. «Қызды кім айттырмайды, қымызды кім ішпейді» деген аталы сөз бар.

Сонымен жылқы малына байланысты мақал-мәтелдердің тәрбиелік жағынан мәні зор екенін білеміз. Бұл мақал-мәтелдер жа ұрпақтың ғасырлар бойы төрт түлік мал өсірген қазақ халқымыздың тұрмысын-тіршілігімен қатар оларға жақсы тәрбие, қажырлы, қайратты, жақсф азамат болуына ықпалын тигізеді.

 

Жігітте де жігіт бар,

Азаматы бір бөлек.

Жылқыда да жылқы бар,

Қазанаты бір бөлек.

 

Арыстан-аң патшасы,

Жылқы-мал патшасы.

 

Ер қанаты-ат.

 

Атың барда жер таны желіп жүріп,

Асың барда ел таны беріп жүріп.

 

Жылқының үсті жел, сүті ем.

 

Ат айналып қазығын табады,

Ер айналып елін табады.

 

Ат аунаған жерде түк қалады.

 

Жылқы-малдың патшасы,

Түйе-малдың қасқасы.

Ат ұстаған азабынан құтылады.

 

Аттылы ақысын жаяуға жібермес.

 

Аттының несібі алтау.

 

Сауын саусаң, бие сау-

Бозқырау түспей суалмас.

 

Жігіттің сорлысын-аттың жолдысы теңейді.

 

Ер жігіттің ішіне ер тоқымды ат сияр.

 

Жақсы ат- жанға серік,

Жақсы ит — малға серік.

 

Тағаны шеге сақтайды,

Таға жүйрікті сақтайды.

Жүйрік жігітті сақтайды,

Жігіт елін сақтайды.

 

Арытам десең суға сал,

Болдыртам десең құмға сал.

 

Шабар аттың тоғы игі.

 

Аттың сыры иесіне мәлім.

 

Бестігі бетінен сақта.

 

Алуан-алуан жүйрік бар,

Адамның бәрі бапкеремес.

 

Ұстараның жүзінде жүгіреді.

 

Ат шаппайды, бап шабады.

 

Айғыр үнді, құлын жүнді.

 

Жақсы ердің келген жасын сұрама,

Жақсы атты тісін ашып қарама.

 

Ат үйірін сағынса, артқы аяғын қағынар.

Ер үйірін сағынса, айыл-тұрман тағынар.

 

Жүйрікте сын болмайды.

 

Құлын жатырына,

Бала нағашысына тартады.

 

Айғыр алмауыт болмай, ат қажарамайсың

 

Қасқа айғырдан қасқа тумаса да төбел туады.

 

Жүйрік атты бәйгесі көптікі.

 

Ат сатқан байымайды,

Атты сатып алған баййды.

 

Жылқы өсерде айғыр үйірсек,

ел өсерде жігіт үйірсек.

 

Жақсы ат қабір қамшы,

Жаман ат қамың қамшы.

 

Жақсы атын мақтар,

Жаман қатынын мақтар.

 

Жақсы аттың тісін ашпа,

Жақсы адамның жасын сұрама.

 

Жақсы аттың жалын сатқанша,

Жақсы жігіттің арын сақта.

 

Жақсы аттың терісі,

Қайыс болар, көп болмас.

Жақсы адамның баласы,

Ғарып болар, құл болмас.

Жақсы жігіт ат алады,

Жаман жігіт ет қарыз алады.

 

Жақсы аттан жал кетсе де,

Әл кетпейді.

 

Жақсы аттан жығылса,

Жаман табашыға тұрады.

 

Жақсы атты ү.дірде сына.

 

Жақсы айғыр бастауық болады,

Текті айғыр жеңімпаз болады.

 

Жақсы айғыр үйірін бөріге алдырмас,

Батыр жігіт ауылын ұрыға алдырмас.

 

Жақсы айғыр кіндікті келеді,

Бөкселі айғыр бауырлы келеді.

 

Жақсы бала қонаққа үйір,

Жақсы тай атқа үйір.

 

Жақсы жігіт мен жақсы ат көптікі.

 

Жақсыда мін жоқ,

Жүйрікте сын жоқ.

Жақсыдан жаман туады,
Жүйріктен шабан туады.
Жалғыз бие саба болмас,
Жалғыз ағаш пана болмас.
Жалғыз аттың пайдасы көп,
Жалғыз жігіттің айласы көп.

Жарлы болатын жігіт байталын атқа сатады,

Жалғыз болатын жігіт ағайынды жатқа сатады.

Жорға жүрісінен пұл болады,

Жаман жүрісінен құл болады.

 

Жомарт жоқтығын білдірмейді,
Жүйрік ат тоқтығын білдірмейді.

Жаман ерден жайдағым жақсы,
Жаман қатыннан бойдағым жақсы.

Тай атқа жеткізер,
Ат мұратқа жеткізер.
Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.
Жолға салсаң-жорға,
Жонға салсаң-жүйрік.
Алдыңғы айылдың батқанын,
Иесі білмес ат білер.

Азаматтың қадірін,ағайын білмес,жат білер.

Жақсы атты тай жағалайды.

Жақсы аттың жалын сатқанша,
Жақсы жігіттің арын сақта.

Жаңбыр-көктің ырысы,
Қымыз-көптің ырысы.

Ағайын тату болса, ат көп,
Абысын тату болса, ас көп.

Адам құлақтан азады.
Ат тұяқтан азады.

Ақ пейілді аты арып, тоны тозбайды.

Ақыл-жас ұланнан,
Жүйрік –тай құлыннан.

Ақылсыз атқа мінсе,
Атасын басып кете жаздайды.
Алтын ерің атқа тисе,
Алтынын ал да отқа жақ.
Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай жүгірер.
Алып анадан туады,
Ат биеден туады.
Алысты жақындатар-ат,
Жақынды алыстатар-жат.
Тон кимеген тон кисе, қаға-қаға бітірер.
Аттан тай озады.
Атадан  бала озады.
Аты барға тай мінсе де жарасады,
Асы барға сұрап ішсе де жарасады.
Атына қарай тұрманы, еңбегіне қарай қырманы.
Жылқы-жаным, қымыз-қаным.

  1. Практикалық бөлімі

«Жылқы -жаным, қымыз-қаным» -демекші қазақ халқы төрт түліктің төресі деп төбесіне көтеретін жылқының қасиетін тауысып айту мүмкін емес. Мен қымыздың қасиеті жайлы көптеген мақалдарды оқып, зерттедім. Соның кейбірі жайлы айтатын болсам, «Жаңбыр-көктің ырысы,Қымыз-көптің ырысы»- дейді. Шынында да қымыз көп дертке дауа. Ең бастысы адам иммунитетін арттырады, түрлі аурулардың алдын алады.

«Жылқының үсті жел, сүті ем»- демекші, бие сүтінде С дәруменінің мол болуынан, қымыз туберкулез ауруын емдеуде өте шипалы. Қымыз туберкулезбен ауыратындардың ағзасындағы дәрумендер алмасуының бұзылуын тоқтатады.

Қазір мына әлемді жаулаған Короновирус ауруынан да айырылу жолдарының бірі-қымыз. Мұны әлем де мойындап отыр.

Осыған орай зерттеген тақырыбым жылқы малымен  байланысты болғаннан кейін мен зерттеу нысанының бір түрін қымызды оның қасиетін, пайдалылығын зерттеймін  деген шешімге келдім.

  1. Қымыз.

Қазірде қазақ қана емес, көп ауруға ем саналатын қымызды   дамыған Еуропа елдері де мойындап отыр. Шетелдік зерттеуші-дәрігерлер  бие сүтінің  40 түрлі ауруға ем болатындығын мойындады. «Сонда несімен пайдалы?» -деген сұрақ туындады. Мен өзім кітаптардан, ғаламтор жүйесінен пайдасы мен қасиетін іздеп, көп оқыдым.

Бұл жануардың сүтіндегі пайдасы келесі ауруларға ем:

  • жүрек, қан, тамыр ауруларына (қан тамырларын тазалайды)
  • бүйрек жұмысын жақсартуға
  • буын сүйектерінің сырқырауына
  • ішкі ағзаның дұрыс жұмыс жасауына
  • Ми қызметінің жақсаруына әкелер пайдасы мол
  • Созылмалы сары аурулар
  • Бас айналу
  • Ішектегі жара (гастрит)
  • Құрт ауруларының алдын-алу т.б.

Бұл сусын неліктен сонша ауруға пайдалы, қалай емдейді, несімен пайдалы- деген сұрақтар қызықтырған соң, өзім осы сусынды ішіп көрейін деп алдымен дүкенде сататын фабрикадан шыққан қымыздан бастайын деп шештім.  Бұрын сонды ішіп көрмеген қымыздың дәмі маған бірден ұнады деп айта алмаймын.  Түсі сүтке ұқсағанмен дәмі қышқыл, майлы. Бірден ұнай қоған жоқ, бірақ кейін бірнеше рет ішкен соң дәміне үйрене бастадым. Кейін қымыздың қалай дайындалатыны туралы оқыдым. Қымызды қазақ халқы ауырғанда, шөлдегенде, әсіресе мереке күндері ішетіні жайлы білдім. Қымыз – ауруға ем, сауға қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсың.

Менің сыныптастарым бұрын ішіп көрдіме, олар қандай сезімде болды, дәмі ұнады ма жоқпа?,- деген ойға келіп олардан сауалнама алуды шештім.

  1. Сауалнама
  2. -Сен білесің бе, қымыз қай халықтың ұлттық тағамы?
  3. – Сен қымыз ішіп көрдің бе?
  4. — Саған ұнады ма?
  5. – Қымыз дәмін неге ұқсатасың?
  6. – Қымыздың емдік қасиеттерін білесің бе?
  7. – Ұлттық сусын туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Сауалнама жауаптары-21 жауаптың ішінде:

  1. Қазақ халқының ұлттық тағамы-100%
  2. 18 оқушы ішіп көрген, 3 оқушы ішіп көрмеген
  3. 17 оқушыға ұнады, 1 оқушыға ұнаған жоқ
  4. Дәмі қышқыл, сүтке, лимонға ұқсайды, аздап газдалған, айранға ұқсатады, өзінің ерекше дәмі бар, дәмді және пайдалы, сұйық газдалған ірімшік, құрт сияқты
  5. Асқазанға пайдалы, сүйекпен асқазанға пайдалы әсер етеді. Қымыз асқазанға пайдалы, ас қорыту мүшелерінің секреторлық қызметін қалыпқа келтіреді, асқазанмен он екі ішектің айық жарасына жақсы әсер етеді, дизентерия мен іш сүзегі ауруларына пайдалы. Адам ағзасына керекті дәрумендерге бай.
  6. «жаңбыр-көктің ырысы, Қымыз-көптің ырысы», «Қышқылды кім ішпейді, қызды кім көрмейді», «Қымыз -адамның қаны, Ет-кісінің жаны»,
  7. Практикалық бөлімнің қорытындысы.

Осы зерттеуден кейін шынында да қымыздың қасиеті керемет екеніне көзім жетті. Халық медицинасы бие сүтін ішкен адам ауырмайтынын айтады. Қымыздың емдік қасиеті көптеген ауруларды емдейтінін, тіпті Короновирус ауруын емдейтінін, бие сүтін көптеген халық, тіпті шетелде де бие асырап, сүтінен қымыз жасап отырған адамдардың көп екенін білдім. Бүгінде ата кәсіпті жалғастырушылар көп, бірақ нарықтық заманның әсері ме, жылқы асырап, сүтін емдік ауруларға пайдаланып отырған қазақ отбасылары аз. Сондықтан біздің елімізде ұлттық сусында жаңғырту академиясы құрылуы керек дер едім. Сонда біз ұлттық тағамдар арқылы тектілігімізді арттыра аламыз. Кейбір адамдар бие сүтін, саумалды ішпейді, әрине дәмі бәріне ұнай бермейді. Бие сүті ащы, дәмі қышқыл, асқазанды ауыртады т.б. деген ой-пікірлер қалыптасқан, жоқ, мен бұл пікірмен келіспеймін. Неге ендеше ата-бабаларымыз бір қойдың етін жеп, кейін кесе-кесе қымыз ішкен. «Жылқының үсті жел, сүті ем».- деген мақал да тамақты орынды жеп, ағзаға пайдалы етудің дәлелі іспетті. Біз бүгін үлкен қарияларға да, жастарға да, тіпті балаларға да ұлттық тағамдар мәзірін енгізуіміз керек. Сонда салауатты ұрпақ қалыптастыра аламыз деп ойлаймын.

Қорытынды

Жылқы-көшпелі өмір кешкен қазақтың ең қадырлі малы. Қазақ халқының салт-дәстүрінде, жылқы малына байланысты мақал-мәтелдердің де рөлі ерекше. Халық жылқыны қажет кезінде киетін киім, жейтін тағамы, үй және басқа да шаруалары үшін мінетін көлігі ретінде тиімді пайдалана білген. Сондықтан қазақ халқы жылқыны қастер тұтып, оларға қатысты ырымдарды қалыптастырып, нақылға, өсиетіне айналдырып мақалдатып айтып отырған. Жылқы малына қатысты айтылған мақал-мәтелдер мен тіркестері көп. Бұған қатысты мәліметтерді қазақ зиялылары сонау ерте заманнан бері жан-жақты талдау жүргізе отырып зерттеді және әлі де зерттеу үстінде. Жан-жануарлардың халық фольклорына орын алуы, мақал-мәтелдер арқылы оңай, әрі жеңіл түсіндірілуінен болса керек. Өйткені кез-келген оқиға мақал-мәтелдер арқылы тез жетеді. Бір ғана мысал келтірсек, «Сыныр білмеген аттың сыртынан жүрме» деген мақалдан жылқы мінезінің асау келетіндігі бірден түсінікті болып отыр. Қазақ «Жылқы-малдың патшасы», «Сауын саусаң, бие сау, боз қырау түспей сауылмас», «Жігіттің сорлысын аттың жалдысы теңейді» деп жылқыны жоғары бағалайды. Дана халқымыз айтқан әрбір мақал-мәтелдерден осы сынды нақты, тап басып айтылған сөз орамдарын көптеп кездестіруге болады. Осындай мысалдарға қарай отырып, халқымыздың әлеуметтік тіршілігі мен күн көрісінде жылқы малының маңызы қандай болғанын аңғару қиын емес.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Б.Адамбаев. Халық даналығы Алматы;1976.Б-158
  2. С.Кенжахметұлы. Жеті қазына .Алматы; «Ана тілі», 1997.Б-65-69
  3. С.Кенжахметұлы. Қазақтың дарқан дастарқаны .Алматы; «Кітап», 1997.Б-177
  4. Қазақ тілі мен әдебиет журналы №5,2000.Б-45-47
  5. Қазақ тілі мен әдебиет журналы №5,2008.Б-42-43
  6. Өтебай Тұрманжанов.Қазақ мақал-мәтелдері. Алматы. «Ана тілі» 1993. Б-82-89
  7. Ш.Уәлиханов.Таңдамалы. Алматы 1985.Б-208

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.