Home » Мақалалар » «Ұстаз-ұлы есім»

«Ұстаз-ұлы есім»

Баянбаева Дилназ Жалғауқызы
Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша
4 курс студенті

«Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» — дей отыра ұстаздық мамандығы туралы өз пікірім мен бөліскім келіп отыр.

«Мұғалім – бүкіл білім беру жүйесінің негізі, жаны мен жүрегі».  Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Мен Баянбаева Дилназ Жалғауқызы   17- ші қаңтар мен 18- ші наурыз аралығында  Жамбыл облысы, Қордай ауданы №31 Сарыбұлақ орта мектебідегі кәсіби педагогикалық практикамен бөліскім келіп отыр.

Кәсіби педагогикалық практикамды 2″Ә» сынып оқушылары мен өткен болатынмын. 2″Ә» сыныбың сынып жетекшісі Сулейменова Салтанат Мырзашовна ұстаздық жолында еңбек етіп жүрген білікті маман иесі.

Таңдаған бастауыш оқыту педагогика мен әдістемесі мамандық бойынша күнделікті сабақ жоспары ҚМЖ жасап құруды үйреніп, сабақ өтіп, тәжірибе жинақтадым. Сабақ өту барысында күнделікті құрылған сабақ жоспар бойынша қазақ тілі пәнінен тақырыбы: Ертегі құрастырамын. «Дара және күрделі зат есім» ашық сабағын өткіздім. Ашық сабақты жаңа әдіс- тәсілдер мен өткізуге тырыстым. Сабақ жүргізу барысында оқушыларды қызықтырып, түрлендіріп өткізуге дағдыландым,барынша қазіргі технологияға сай өткізіп, оқушылардың назарын өзіме аудара білдім. Олардың орындаған жұмыстарын тексеріп,кері байланыс жүргізе білдім. Сыныптан-тыс іс-шара «Ана-гүл,ана-жыр, ана-өмір шуағы» тақырыбында ертеңгілік кеш өткізді. Іс-шара өте жоғарғы деңгейде өтті. Балалар белсене қатысаты. Іс-шара барысында оқушыларға ата-анаға деген құрмет, сонымен қатар аналарды сыйлау керек екендігі туралы түсіндіріп айтып өттім. Анаға деген құрмет ерекше екенін оқушылар түсіне білді. Жоғарыда айтылған дүниелерді жүзеге асыру барысында мұғалімнің рөлі жоғары екенін ұғындым.

Кәсіби педагогикалық практика барысында өзімнің сынып жетекшім Сулейменова Салтанат Мырзашовнаға  өзімнің  салмақтылығымен  сонымен қатар сабырлы, қызығушылығы мол, өзіне қойған мақсатына қол жеткізе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, жан-жақты жоғары деп айта аламын деп қорытынды жасаған болатын..

Мен  болашақта білімді, өз жұмысыма  адал, еңбекқор, жұмысты жақсы атқаратын, жауапкершілігі мол, шебер, білімді маман иесі боламын деп сенімдемін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.