Home » Мақалалар » ХАЛЫҚ   ҚАЛАУЛЫЛАРЫМЕН   КЕЗДЕСУ

ХАЛЫҚ   ҚАЛАУЛЫЛАРЫМЕН   КЕЗДЕСУ

Алматы  қаласы Жетісу  ауданы 
№57 жалпы  білім  беретін  мектебі 

           2022 жылдың  25-ақпанында  Алматы  қаласы Жетісу  ауданындағы  №57 жалпы  білім  беретін  мектебінде  Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс  депутаттарымен  кездесу  болып  өтті. Аталған  мектептегі кездесуді  Алматы  қаласы  Жетісу  ауданы «Nur Otan» партиясының  филиалы ұйымдастырды.

Кездесудің негізгі  мақсаты  — «»мектептің  қазіргі  таңдағы тыныс-тіршілігімен танысу, оқыту  мен  оқу  үдерісіндегі  негізгі  мәселелерді  талқылау шеңберінде  ұйымдастырылды.

Кездесуге Қазақстан  Республикасының Мәжіліс  депутаты, әлеуметтік-мәдени  даму Комитетінің мүшесі Сырым Айдос Өміроллаұлы,  Мәжіліс  депутаты,  «Nur Otan» партиясының фракция  мүшесі Вакиль Набиев,  Алматы  қаласы  «Nur Otan» партиясының  Жетісу  аудандық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Давов Ерлан Ескендірұлы, Жетісу ауданы әкімінің  бірінші  орынбасары Шайтұрсын Дәулет, Жетісу аудандық білім  бөлімінің  басшысы  Құсайынова  Салтанат Амангелдіқызы қатысып, білім  беру  жүйесіндегі  өзекті  әрі  маңызды  мәселелер төңірегінде  ой  қозғалып, пікір алмасты.  Кеш  қонақтарын  №57 жалпы  білім  беретін  мектебінің өзге  ұлт өкілдерінен  құралған  «Жетісу  жауһарлары» ұлт-аспаптық оркестері  қарсы  алып,  жырдан  шашу  шашты.

  №57 жалпы  білім  беретін  мектебінің  директоры  Тәуекелова  Гулбану  Қонысбайқызы қонақтармен  пікір  алмасу  барысында  жалпы,  мектептің оқыту  мен  оқу  үдерісінің  қазіргі  таңда  жаңашылдықпен болашаққа  бетбұрыс  жасалып  жатқанын,  оқушылардың  қызығушылықтары  мен  ой-өрісін  дамытуға  бағытталған   мектеп  қабырғасында  атқарылып  жатқан шығармашыл әрі  креативті,  ауқымды жұмыстар мазмұнымен  таныстырып,  оқыту  үдерісінде қол жеткізген нәтижелер мен   жетістіктерге,  жоспарлы  іс-шаралар  тізбегіне  кеңінен  тоқталды.

Сонымен  қатар,  кездесу қонақтары  №57 жалпы  білім  беретін  мектебінде  Алматы  қаласы  Әкімдігінің және Білім  басқармасының  қолдауымен  2021 жылдың  қараша  айында  қолданысқа  берілген  300 оқушы  орнына  арналған  қосымша-жапсарлас  ғимаратында  болып,  заманауи  үлгіде  жабдықталған  оқу  кабинеттерімен,  300 оқушы  орнына арналған  акт залымен, жаңа форматта безендіріліп,  жабдықталған  мектеп асханасы  мен  кітапханасында  болып,  атқарылған  жұмыстардың  нәтижесімен  танысып,  жоғары  баға  берді.

    Жетісу  аудандық  білім  бөлімінің  басщысы  Құсайынова  Салтанат   Амангелдіқызы жалпы  Жетісу ауданындағы білім  беру  мекемелерінің   аудан көлемінде  жоғары  деңгейде атқарып жатқан  іс-шараларына, соның  ішінде  мектептердің  заманауи   үлгіде жабдықталуы, мектеп  оқушыларының  бос  уақыттарын  тиімді  пайдалануы,  оқыту  мен  оқу  сапасын  жақсартуға бағытталған нәтижелер  мен  жетістіктерді  әлеуметтік  желіде  насихаттау, «Адалдық алаңы», «Оқуға  құштар мектеп» жобалары аясында атқарылған  жұмыстарға толық  сипаттама  беріп  өтті.

Мәжіліс  депутаты Сырым Айдос Өміроллаұлы  пікір алмасу  барысында  мектеп  мұғалімдерінің  сапалық  құрамы және   олардың ғылыми  дәрежесі, сапалы  білім  берудің  нәтижесі,  жан  басына  шаққандағы қаржыландыру  мен  мектеп  бюджетінің  тиімді әрі  сапалы  қолданылуы,  көп  балалы  және  аз  қамтылған  отбасындағы оқушылардың  ыстық  тамақпен  қамтамасыз  етілуі, мектеп  түлектерінің  шет  елде  білім  алуы және  оқу  сапасын  дамытуға  бағытталған  жұмыстарды  тиімді жүргізуі, мектеп  оқушыларының өмір  қауіпсіздігі  бойынша мектеп  директоры Гулбану  Қонысбайқызынан  толық  жауап ала  отырып,  өз  тарапынан  пікірлерін білдірді. Жалпы алғанда, мектеп  қабырғасында  атқарылған  жұмыстарға  оң бағасын  беріп, өзінің  ұсыныстары  мен көзқарасын  білдіріп  өтті.

Кездесу  соңында  Жетісу  ауданы №57 жалпы  білім  беретін  мектебіне  ат басын  бұрып, арнайы  келген Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс  депутаттары мен  кеш  қонақтары    мектептің  тыныс-тіршілігіне  жоғары  баға  беріп, жақсы  әсердегі  ризашылықтарын  білдірді.

Білім айнасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.