Home » Мақалалар » Самғатқан сан қыранды алтын ұям

Самғатқан сан қыранды алтын ұям

Уралбекова Анара Рамазановна
Ақмола облысы Қорғалжын ауданы
«Ақтан Төлеубаев атындағы
жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

2022 жылдың 15 қазан күні «Самғатқан сан қыранды алтын ұям» тақырыбында мектептің 50 жылдық мерейтойы өтті. Оқу ордасында өткен мейрейтойға мектеп ұжымымен қатар аудан әкімі Жанбаев Берік Амантайұлы,  аудандық маслихат хатшысы Рыспаев Берік Оралбайұлы,  ауылдық округ әкімі Байкадамов Бауыржан Шукенұлы, аудандық білім бөлімі басшысы Омарова Сауле Қуанышқызы, мектеп директорлары,  ардагер ұстаздар және
осыдан 15, 20,30, 40, 45, 49 жыл бұрын  мектеп бітірген түлектер қатысты. Бағдарлама бойынша ұйымдастырылған мерекелік іс шара өте жоғары деңгейде өтті.

Ісім оңсын десеңіз сол істің маманы болыңыз, Даңқым шықсын десеңіз, көпшіліктің адамы болыңыз- деп ғұлама Әль-Фараби атамыз айтқандай өз қалаған мамандықтарыңыздың ел кәдесіне жарап, өздеріңізге қуаныш сыйлауға, жұмыстарыңызда табысты брлуларыңызға тілектеспіз. Бүгін бізбен бірге болып, алтын уақыттарыңызды бөліп, мектебіміздің мерейтойына арнайы келіп қатысқандарыңызға көп-көп рақмет айтамыз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.