Home » Мақалалар » ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫ

Шатемірқызы Ақмарал
Алматы қаласы №173 мектеп-лицейдің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
жоғары санатты, педагог-зерттеуші.
«Оқушылардың ғылыми-зерттеу жобасы»
атты элективті бағдарламаның авторы.
Қалалық байқауда авторлық бағдарламасы
3-орынмен марапатталды
.

 

Электронды поштасы: Shatemirkyzy@gmail.com

БАҒДАРЛАМА

элективті курс, гимназиялық (лицейлік) компоненттің арнайы курстары

7-10 сынып оқушыларына арналған аптасына -1 сағат, барлығы — 34 сағат

Пікір жазғандар:

Отарбекова Жәмила Керімбайқызы  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Филология институты, Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор.

Ибраймова Лира Әбділдәбекқызы   Қазақ ұлттық  қыздар педагогикалық университеті, Филология институты, Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының қауымд. профессор м.а., ф.ғ.к.

1.      Түсінік хат

Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне ену кезеңінде мектеп оқушыларын халықаралық деңгейдегі озық үлгілерді үйреніп, қолдануға және жасампаз болуға итермелейді. Жаңартылған мазмұндағы оқулар талабына сай, оқушылар шынайылықты бойына сіңіріп, ғылыми дамуды үйренеді, ғылыми тілде сөйлеуді, оқыған әдебиеттердегі оқиғаларды пайымдауды, әр тақырыптан өзекті мәселелерді табуды, түрлі тәжірибелер жасауды, ойларын қорытындылап, тұжырымдар жасауды үйренеді. Мектеп қабырғасында оқушыларды ғылыми зерттеу жұмыстармен айналысуға баулу, зерттеу кезінде инновациялық жаңалықтар іздеп табу дағдыларын қалыптастыру мәселесі ақсап тұр. Сол себепті аталған бағдарламаның негізгі мақсатына сәйкес оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес ғылыми жұмыс жазу қабілетін және зерттеу жұмыстарын жасау құзыреттілігін қалыптастыру аса маңызды. Оқушының таңдалған тақырыпты зерттеп, өз бетімен ізденіп, ғылыми жоба жазуына нақты бағыт- бағдар берілуі тиіс. Өйткені, ғылыми жобаны жазу – қазіргі таңда мектептерде аса өзекті мәселе. Ол үшін мектеп қабырғасында оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу жүйелі қалыптасу керек, яғни арнайы элективті курстар енгізілуі тиіс. Егер нақты ережесін, бағыт-бағдарын білсе, ғылыми жоба жазуға, болашақта мектеп бітіріп, жоғары оқу орындарына түскен соң, барлық оқушылардың өздеріне сенімділігі артып, дипломдық жұмыстар, ғылыми жобалар, мақалалар жазуға бейім болады. Сонымен қатар әр оқушының сөздік қоры жаңа сөздермен толығып, тілдік қоры байи түседі. Бұл 34 сағаттық бағдарламаны оқыған жасөспірімнің әдебиетті де, тілді де сүйіп оқыры сөзсіз. Ондай бала, қазіргі таңда өзекті мәселе болып тұрған кітап оқуға да бейім болады.

Бағдарламаны жазу үшін автор біліктілік көтеру курстарына қатысып, сертификатталған білімге ие болған. Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың ғылыми жұмыспен шұғылданатын дағдыларының дұрыс қалыптаспай жатқан олқылығының орнын толтыру үшін бағдарлама жазылған.

Бағдарламаның мақсаты:

Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқушыларды ғылыми жоба жаздыруға үйрету және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасау құзыреттілігі мен дағдыларын қалыптастыруға баулу.

Бағдарламаның міндеттері:

  • Белгілі бір тақырып бойынша өзекті мәселені тауып, жасампаздыққа баулудың жолдарын көрсету.
  • Оқушының жоба жазудағы шығармашылық ойлау қабілетін дамытудың әдістерін ұсыну;
  • Ғылыми жоба жазуға машықтандырудың жолдарын жүйелеу;
  • Академиялық адалдықты бойларына сіңірту;
  • Көркем әдебиеттер және ғылыми-зерттеу еңбектерімен терең жұмыс жасауды үйренуге бағыттау.
  • Тәжірибе, эксперименттік      жұмыстар          жасатуға                дағдыландырудың       әдіс-тәсілдерін пайдаланады.
  • Зерттеу жұмысы барысында оқушылар бойында азаматтық жауапкершілік, патриотизм, бірлесе жұмыс істеу қабілеті қалыптасады.

Бағдарламаның өзектілігі:

  • Мектеп оқушыларының жас ерекшелігі мен таным қабілетін ескере отырып, ғылыми- зерттеу жұмыстарын жазуға, түрлі тәжірибе, эксперименттер жасап үйренуге, сыни ойлауы мен зерттеушілік қабілетін қалыптастыруға септігі тиеді. Мектеп мұғалімдеріне оқушыларды зерттеу жұмыстарымен шұғылдандыруына тиімді әдістемелік құрал бола алады.

Бағдарламаның ғылыми-әдістемелік деңгейі:

  • Бағдарлама мектеп оқушыларының деңгейіне арналып бұрын соңды жазылмағандығымен, жаңашылдығымен ерекшеленеді.

Бағдарламаның практикалық маңыздылығы:

  • ұсынылып отырған бағдарлама оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға баулу үшін мұғалімге көмекші әдістемелік құрал бола алады.

Бағдарламаның ғылыми табиғаты:

  • Бағдарлама жаңартылған білім беру жүйесіне сәйкестендіріліп, түрлі әдістер мен оқыту технологияларын негізге алған.

Бағдарлама жаңартылған білім беру жүйесіне сәйкестендіріліп, түрлі әдістер мен оқыту Бағыттылығы:

  • Белгілі бір тақырып бойынша өзекті мәселені тауып, жасампаздыққа баулудың жолдарын көрсетеді және ел экономикасын көтеруге септігін тигізетін зерттеушілік, креативтілік, ізденімпаздық, жаңашылдық т.б. қабілеті мектеп қабырғасынан бастап қалыптасады.
  • Оқушының жоба жазудағы жас ерекшелігіне қарай шығармашылық ойлау қабілетін дамытудың әдістерін ұсынады;
  • Ғылыми жоба жазуға машықтандырудың жолдарын жүйелеуді үйретеді;
  • Академиялық адалдықты бойларына сіңіртеді;
  • Көркем әдебиеттер және ғылыми-зерттеу еңбектерімен терең жұмыс жасауды үйренуге бағыттайды.
  • Тәжірибе, эксперименттік      жұмыстар          жасатуға                дағдыландырудың       әдіс-тәсілдерін пайдаланады.
  • Зерттеу жұмысы барысында оқушылар бойында азаматтық жауапкершілік, патриотизм, бірлесе жұмыс істеу қабілеті қалыптасады.

Бағдарламада ЖОО ғалымдарының еңбектеріне талдау жасалып, олардың көзқарас- тұжырымдары әдіснамалық негіз етіп алынды. Атап айтар болсақ, әдіскер-ғалым А.А.Сатбекованың, сондай-ақ Е.С. Аскаров., Е.К.Балапанов, Б.А.Койшибаев, Т.Б. Абдигалиева т.б. ғалымдардың еңбектері авторлық бағдарламаның мазмұнын ашуға қолданылды.

2.   Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі

Бағдарлама 34 сағатқа арналған 4 бөлімнен тұрады.

Курс бойынша практикалық және шығармашылық жұмыстар қарастырылған.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.