Home » Мақалалар » Бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасын дамыту және тез оқуға үйрету

Бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасын дамыту және тез оқуға үйрету

Куншигарова Сания Капизуллаевна
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласындағы
№ 7 жалпы білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі 

Функционалды сауатты адам қалыптастыру қазіргі мектептің маңызды міндеттерінің бірі. Функционалды сауаттылық  бастауыш сыныптарда қаланады.Бастауыш сатыдағы «Әліппе», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің басты мақсаты оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту, оқырмандық мәдениетке баулу, оқушының әдеби сауатын ашу, рухани дүниесін байыту, көркемдік-эстетикалық талғамын байыту, ізгілікті, елжанды дара тұлға тәрбиелеу.

Сынып оқушысының тұлғасы дамуының ерекшелігін оның оқудағы жетістігі, оқу іс-әрекетінің компоненттерін меңгеруі, жалпы оқу біліктілігі мен дағдыларының бір саласы – оқу техникасы. Аталған дағдыны жоғары деңгейде қалыптастырмайынша оқушының әрі қарайғы  сапалы біліміне қол жеткізу мүмкін емес.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу сабақтарында жіберген қателерді топтап көрсететін болсам:

  1. Әріп, буын немесе сөз қалдырып кететін оқушылар;
  2. Кейбір буындарды, сөздерді екі рет қайталап, ежелеп оқитындар;
  3. Тілі келмегендіктен немесе әдеттеніп кеткендіктен бір әріпті екінші әріппен алмастырып оқу7

Өз тәжірибемде  мұндай кемшіліктердің  алдын алуға, оқушыларды дұрыс оқуға үйрету үшін В.Н. Зайцевтің  («Резервы обучения чтению») технологиясындағы шапшаң оқуға үйретудің 8 резервін іс-тәжірибемде пайдаланамын.

  1. Дайындық жаттығуларының ұзақтығы емес жиілігі маңызды.

Балаларға қандайда бір біліктілікті меңгертіп, оны дағды деңгейіне жеткізу үшін  белгілі бір уақыт аралығында олармен күнде-күнде көлемі шағын жаттығулар жүргізу қажет. Біз күнделікті өмірде мынадай жайттарды жиі естиміз: «Мына ертегіні оқы, оқып болмайынша, ойнауға шықпайсың …» Баласының оқу шапшаңдығы төмен екенін біле тұра, анасы күрделі педагогикалық қате жібереді.  Сондықтан үйдегі дайындық әр 5 минут сайын шағын абзацты оқып, мазмұнын айтып берумен аяқталады. Бір екі сағаттан соң тағы 5 минут оқиды . Бұндай дайындық бір отырғанда  бір жарым, екі сағат отырып оқығанға қарағанда  әлдеқайда тиімді. Мен осы әдісті балаларға белгілі бір уақыт аралығында  сабақта, сабақтан тыс уақытта күнде-күнде көлемі шағын жаттығулар және тіл дамыту жаттығуларын жүргіземін.

  1. Ызыңдап оқу. Ол не? Бұл барлық оқушы бір мезгілде бөгет жасамас үшін жартылай дауыспен оқу. Әркім өз жылдамдығымен, біреулері тез оқыса, енді бірі баяу оқиды. Ызыңдап оқуды сабақтың кез келген жерінде жүргізе беруге болады. Математика сабағындағы есептің немесе кейбір пәндердің тапсырмаларының мазмұнын түсіну үшін оқудың осы түрін пайдаланған өте тиімді. Ызыңдап оқуды кез келген пәндерден, сабақтың кез келген кезеңінде жүргізу арқылы жалықтырмай оқуға деген қызығушылығын арттырамын.
  2. Әр сабақтағы 5 минуттық оқу. Бұл әдіс өте тиімді. Мұғалімнің үлесіндегі әр сабақ сайын (математика, қазақ тілі, дүниетану, әдебиеттік оқу, еңбекке баулу, дене шынықтыру, бейнелеу) балаға 5 минут оқуға мүмкіндік беру апталық жаттығуды 120 минутқа дейін ұзарта алады. Мысалға, түсініп оқитын балалар ғана математика пәніндегі мәтінді есепті шапшаң шығара алады.
  3. Ұйықтар алдындағы оқу. Ұйықтар алдындағы оқу жақсы нәтиже береді. Өйткені күннің соңғы сәттері адамның (жадында) көңіл-күйінде жақсы сақталады. Сегіз сағат ұйқының барысында адам сол сәттің әсерінде болады. Осы әдістің тиімділігін ата-аналармен пікір алмасуда айтып түсіндіріп отырамын.
  4. Үзінділермен оқу. Егер бала оқуды ұнатпаса, онда осы оқу түрін пайдалануға болады. Бұндай жағдайда балаға 1-2 жолдық үзінді оқуды ұсыну керек. Біраз демалып, содан соң оқу қайта жалғасады. Оқудың бұл түрін ата-аналарға кеңес ретінде беремін. Оқудың қай түрі болмасын балаға қолдау көрсетіп, мақтау, көмектесу керек екенін үнемі назарымда ұстаймын.

Көру диктанттарын жаздырту. Оқу техникасының қарқыны көп жағдайда оперативті жадының нашар дамуына байланысты тежелетіні анықталған. Ол қалайша? Мәселен, оқушы 6-8 сөйлемнен тұратын сөйлемді оқиды.Үшінші, төртінші сөздерді оқуға келгенде алғашқы бірінші сөзді ұмытып қалады. Соның әсерінен оқушы сөйлемнің мағынасын түсінбей қалады. Бұл жағдайда оқушының оперативті жадын жақсарту, жаттықтыру керек. Бұл профессор И.Т.Федоренко жасаған көру диктанттарының көмегімен жүзеге асырылады. Әрбір 18 жинаққа 6 сөйлемнен  енгізілген. Жұмыстың жүргізілу тәртібі: тақтаға 6 сөйлемнен тұратын алдын ала бірінші жинақ ілінеді. Балалар диктантты жазуға дайын болған кезде бірінші сөйлемді ашамыз. Бала сөйлемді оқып еске сақтайды. Берілген уақыт аяқталысымен мұғалім тақтадағы жазуды өшіреді. Оқушылар тақтадан есте сақтаған сөйлемді дәптерлеріне көшіреді. Осылайша келесі сөйлемдер ашылып отырады. Бастапқы кезде кейбір оқушылар естеріне сақтай алмай не істерін білмей  қалады. Мұндай жағдайда балаға  «әзірше көршіңнен қарап жаз, келесі сөйлемді өзің есіңе сақтауға тырыс» деген көмек беріледі. Әр диктантты жүргізуге 5-8 минут уақыт жұмсалады. Әр сабақта пайдаланып тұрса оқушының оперативті жады жылдам қалыпқа келеді.

  1. Бірнеше дүркін оқу. Бұл үш типті жаттығулармен жұмыс болып табылады.

а) бірнеше дүркін оқу  (жай ғана дауыстап оқу)

ә) жаңылтпаш қарқынмен оқу  (минутқа оқу)

б) мәнерлеп оқу (бір дауыспен  ұжым болып оқытылады)

Бұлардың барлығын дауыстап оқу шарт. Шамамен балалардың үштен бір бөлігі дауыстап оқуда қиналды. Бұл балалардың ауызша сөйлеу дағдысының дұрыс қалыптаспауынан. Көп жағдайда бұндай балалардың сөйлеуінің дамуында кемшіліктер бар. Мысалы тілі кеш шыққан балалаларда көптеген дыбыстарды дұрыс айтпайды, айтқан дыбыстары анық емес т.с.с. Бұндай балалар ерекше назар аудару тобына жататды. Өйткені бұндай балаларда тілінде аздаған кемшіліктер сақталып отырады. Бұл дыбыстың бұзылып айтылуы, сөздік қорының аздығы, сөзді дұрыс қолданбауы, суреттеу мен әңімелесудің балаға қиындық туғызуы. Сондықтан да осы балалармен тіл дамыту жұмыстарын жүргізу керек. Тіл дамуының жоғарғы деңгейі ғана баланың оқу жылдамдығын арттырады және бала оқып тұрғанын тез түсінеді.

Бірінші сыныптағы кейбір балалар мектепке оқып келеді. Бірақ оқу тәсілдері әр түрлі. Біреулері буындап  оқиды, енді біреулері буындап және тұтастай оқиды, үшіншілері тұтас оқиды, ал төртіншілері тұтас сөзбен  және сөздердің тобын оқитындай  дәрежеде. Яғни балалар оқу техникасын меңгерудің әртүрлі кезеңдерінде орналасады. Ал мектепте мүлдем басқа жағдай орын алады: бала буындап оқиды, яғни сөзді тұтас оқи алмайды, оның оқу техникасының деңгейіне сәйкес келмейтін мәтін ұсынылады. Әрі оқу жылдамдығын тексереді. Ғалымдардың пайымдауынша, баламен оның мүмкіндігінше  сәйкес жүргізілуі керек. Егер бала буындап оқыса, оған соғұрлым көбірек буын саны аз сөздер ұсынылуы қажет. Әрине мәтінді де оқу керек, бірақ оның көлемі шағын болғаны жөн. Егер бала буындап және тұтас сөзбен оқыса, онда буындық  құрылымы қарапайым  және күрделі сөздерді оқыту маңызды. Мәтіннің көлемі  ұлғая түседі, бала біртіндеп тұтас сөздер және сөздер тобын оқи бастайды. Әрі қарайғы міндет – бұл тәсілді  тұрақты ету, яғни оны дағдыға айналдыру. Авторлар бұны балалар көтерілетін баспалдақ  түрінде бейнелейді. Олар бұл баспалдақты әртүрлі игереді: біреуі тез көтеріледі, енді біреуі әр баспалдақтан бөгеліңкіреп барып жоғары өрлейді. Уақыт өте береді, баланың оқу қарқыны көтеріле түседі, мұғалім оның жетістігін дәптер арнап белгілеп отыруы тиіс.

Сыныптағы шапшаң оқитын оқушылар тобының динамикасы мен баяуырақ оқитын оқушылар тобының оқу жылдамдығының динамикасының көрсеткіштерін салыстыра отырып, оқу жылдамдығы мен оның динамикасының  өзара байланысын байқауға болады. Минутына 20 сөз оқитын оқушы минутына 70  сөз оқитынға қарғанда аз сөз қосады. Егер біріншілері 15 сөз қосса, екіншілері  екі есе көп 30 сөздей қосады. Минутына 20 сөз +  15 сөз. Минутына 70 сөз + 30 сөз. Енді оқудың дұрыстығы жөнінде. Оқудың дұрыстығы – бұл қатесіз оқу:

а) Әріптерді тастамай,түгел оқу;

ә) Әріптердің орнын ауыстырмау;

б) Артық әріп қоспау;

в) Басқа әріппен алмастырмау; (оқу стандарты)

Өз тәжірибемде мұндай кемшіліктердің алдын алуға, оқушыларды дұрыс оқуға үйрету үшін төмендегідей жұмыс түрлерін ұйымдастырамын.

  1. Оқу шапшаңдығына арналған жыл сайынғы тексеру дәптерін арнаймын (1-кесте).

 

Оқушылардың аты- жөні         қыркүйек     қазан
071115222830 
1Абдугалиев Дәурен464850565456       
2Абубакир Нұржайна757615011611598       
3Азиев Жансерік626474926585       
4Амандық Жұлдызбек788053111120104       

 

Уақыты Оқылған мәтіндер Үйге берілетін тапсырма (ескерту)
07.09Көңілді мысық 
11.09Ата мен бала 
15.09Сабақта 
22.09Шахматшы 
28.09Әжемнің әңгімесі 

2-кестемді апта сайын тексеруге арнаймын.  кесте әр баланың портфолиосында тұрады.

Оқушының аты — жөніМерзіміОқыған мәтініСөз саныОқу жағдайыСебеп салдары
1Абдугалиев Дәурен Көңілді мысық46Талаптан төменСөз қайталайды
2Абубакир Нұржайна Ата мен бала75Талаптан жоғары 
3Азиев Жансерік Сабақта62Талапты орындадыӘріп алмастырады
4Амандық Жұлдызбек Шахматшы78Талаптан жоғары 

 

Тілеулиев Нұрхаттың оқу шапшаңдығы бойынша мониторингі

Осылайша әр бір оқушы оқу шапшаңдығындағы өз деңгейін біліп отырады.

3-кестені оқушының оқу жағдайын ата-анасымен бірлесе  дамыту жұмыстарына арнап отырамын.

Абубакир Нұржайнаның  шапшаң оқу кестесі

Мерзімі Оқыған мәтіні  Сөз саны Оқу жағдайы Себеп — салдарыМұғалімнің бағасыАта- ананың қолы
102.09Көңілді мысық56Талаптан төменСөздерді қайталап, қате оқиды3 
207.09Ата мен бала61Талаптан төменБаяу созып оқиды3 
312.09Сабақта67Талапқа сайЖақсы4 
419.09Шахматшы72Талаптан жоғарыӨте жақсы5 

Осылайша В.Н.Зайцевтің әзірлеген технологиясын шапшаң оқуға үйретудің бірнеше резервін құрайтын бұл тәсілдерін өз тәжірибемде кеңінен қолданамын.

  1. Жады. Аталған себептердің барлығы да балалардың оқу қарқынына әсер етеді.

Нәтижесінде  үнемі жүргізілген қосымша жұмыстардың арқасында сыныптағы оқуға қызығушылығы аз оқу шапшаңдығы талаптан төмен оқушылар қатары азаяды. Оны  кезекті оқу шапшаңдығын тексеру барысында тексерушінің жасаған маниторингісінен 3 «Б»  сыныбының   оқу шапшаңдығы  айтарлықтай өскендігін көруге болады.

Бүгінгі  таңда жалпы білім беретін оқу орындарындағы білімдік процестің дамымалы мүмкіндігінен елеулі маңыз беріледі. Сынып оқушысының  тұлғасының  дамуының ерекшелігін оның оқудағы жетістігі, оқу іс-әрекетінің компоненттерін меңгеруі, жалпы оқу біліктілігі  мен  дағдыларының қалыптасу деңгейі анықтайды. Жалпы оқу дағдыларының бір саласы – оқу техникасы. Аталған дағдыны  жоғары деңгейде  қалыптастырмайынша оқушының әрі қарайғы  сапалы біліміне қол жеткізу мүмкін емес.  Қорыта айтқанда, оқушыны түсініп әрі мәнерлеп шапшаң оқуға дағдыландырған сайын оқытудың да мәні арта түсері анық.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.