Home » Мақалалар » «Ғарышқа саяхат»

«Ғарышқа саяхат»

Салғиева Майгүл Таніберліқызы
Сарина Маржанкуль Картаевна
Қарағанды облысы  Шет ауданы Ақадыр кенті
«Балбөбек» бөбекжайы» КМҚК тәрбиешілері

 Кіріктірілген  оқу қызметі

Тақырыбы: «Ғарышқа саяхат»

Мақсаты: Балалардың білім беру салалары бойынша алған білімдерін қорытындылау.Балаларға зымыран, ғарыш айлағы , ғарышкерлер туралы мәлімет беру. Ойын элементтерін пайдалана отырып, балалардың сөздік қорын, ой – өрісін, тілін, сөйлеу мәдениетін дамыту, сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту.Әр түрлі тапсырмаларды орындауда өзара жолдастық, достық қарым – қатынастарын кеңейте отырып, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ғарышкерлер, мамандар, көліктер, жыл мезгілдері суреттері, геометриялық пішіндер,сандар, слайд ,ойыншықтар.

Әдіс — тәсілдер: Шаттық шеңбері, ғажайып сәт,ойындар, құрастыру, бояу, жапсыру,сергіту сәті, сұрақ- жауап, аудио, слайд көрсету,қорытындылау.

Қостілді  компонент: ғарыш – космос, ғарышкер – космонавт, зымыран – ракета, жер – земля, күн – солнце.

Тәрбиеші: — Балалар, ең алдымен келген қонақтармен амандасып, бір- бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.

Шаттық шеңбер: Армысың,  шапағатты күніміз!

                                Армысың, мейірімді жеріміз!

Армысың, табиғат анамыз!

Әдеппен бас иер баламыз!

Тәрбиеші: — Балалар, бүгінгі біздің оқу қызметіміз ерекше болмақ, қане , алдымен үш топқа бөлініп алайық.

1 топ «Жұлдыздар»

2 топ «Алғырлар»

3 топ «Қырандар» болсын.

Ғажайып сәт: «Ақылды қонжық»

Тәрбиеші: — Балалар, бүгін бізге «Ақылды қонжық» қонаққа келіпті,ол сендердің жыл бойына не үйренгендеріңді, не білгендеріңді көргісі келеді.

Қане, өздеріміздің білімдерімізді көрсетейік.

  • Балалар, айтыңдаршы, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?

Балалар: — Иә, біз ертегіні жақсы көреміз.

Тәрбиеші: — Олай болса,мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.

Ойынның аты «Бұл қай кейіпкер?» — деп, аталады.

Ойынның шарты: Мен сендерге ертегі кейіпкерлеріне байланысты сұрақтар қоямын, соған жауап берулерің керек. Әр топқа бір сұрақтан беріледі.

(әр топтың алдында үш түрлі ойыншықтар қойылған, дұрыс жауап болатындай бір ойыншықты көтеру керек)

1 сұрақ: «Бауырсақ» ертегісіндегі кейіпкерді тап?

1.Қарға  2. Қоян  3.Сиыр

2 сұрақ: « Шалқан» ертегісінде қай кейіпкер қатыспайды?

1.Қой   2.Әже   3.Ит

3 сұрақ: «Жеті лақ» ертегісіндегі жағымсыз кейіпкерді тап?

                      1.Ешкі   2.Лақ   3.Қасқыр

Тәрбиеші: — Өте тамаша,сендер ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер.

  • Балалар, алдымызда қандай мереке келе жатыр?

Балалар: —  «Ғарышкерлер күні»

Тәрбиеші: — Иә, балалар, алдымызда «Ғарышкерлер күні» мерекесі келе жатыр. Ал осы аспан әлеміне ұшатын, оны зерттейтін адамдарды кім деп айтамыз?

Балалар: — Ғарышкер деп айтамыз.

Тәрбиеші: — Олай болса, экранға назар аударайық.

Слайд көрсету «Ғарышкерлер»

Тәрбиеші: — Балалар, біз де бүгін ғарыш әлеміне саяхат жасап қайтайық, ал ғарышқа бару үшін бізге не керек?

Балалар: — Ғарышқа бару үшін бізге зымыран керек.

Тәрбиеші: — Өте дұрыс, балалар, зымыран қандай көлік түріне жатады?

Балалар: — Зымыран – әуе көлігіне жатады.

Тәрбиеші: — Өте тамаша, ал сендер тағы да қандай көлік түрлерін білесіңдер?

Балалар: — Жер, әуе көлігі, суда жүретін көлік түрлері бар.(ойыншық көлік түрлерін көрсету, кеме, ұшақ, машина)

Тәрбиеші:— Балалар, ал осы көлікті жүргізетін адамдар қалай аталады?

Балалар: – Жүргізуші, ұшқыш, теңізші т.б.(маман иелерінің суретін көрсету)

Тәрбиеші: — Өте тамаша.Ал енді, балалар, Қырандар тобы геометриялық пішіндерден зымыран бейнесін құрастырсын, Жұлдыздар тобы ай менен жұлдыздарды бояп шықсын , ал Алғырлар тобы құрастырған зымыранды, бояған ай мен жұлдыздарды аспан әлемі бейнеленген қағазға жапсыру арқылы ғарыш әлеміне саяхат жасайық .

  • Қырандар тобының балалары ,сендер зымыранды құрастыру кезінде

қандай пішіндерді пайдаландыңдар?

Балалар: — Үшбұрыш- төбесі,кеудесі- төртбұрыш, екі қанаты- көпбұрыш.

Тәрбиеші: — Өте тамаша, балалар, келесі тапсырмамызға кіріспес бұрын , бойымызды бір сергітіп алайық.

Сергіту сәті: Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Артқа қарай бір адым,

Алға қарай бір адым.

Жоғары- төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Тәрбиеші: — Біз құрастырылған зымыран арқылы ғарыш әлеміне де келіп қалдық, олай болса , назарларыңды экранға аударыңдаршы. Ол жерде аспан әлеміндегі ғаламшарлар көрінісі бейнеленген.

Слайд көрсету «Ғаламшарлар»

Қостілді компонент: ғарыш – космос, ғарышкер – космонавт,зымыран – ракета, жер – земля, күн – солнце.

Тәрбиеші: — Балалар, ғаламшарлардың бізге даярлаған құпия тапсырмалары бар , қане тапсырмаларды бірге орындайық.Әр топқа үш сұрақтан беріледі.

1.Күн: кемпірқосақта неше түс бар?(7)(түстер жайлы айту)

2.Меркурий: бағдаршамда неше көз бар?(3)(жолда жүру ережелеріне тоқталу)

3.Венера: қолғапта қанша саусақ бар?(5)(киім түрлеріне тоқталу)

4.Жер: бір жылда неше мезгіл бар?(4)(жыл мезгілдері жайлы айту)

5.Марс: Жұлдыздың неше бұрышы бар?(5)( геометриялық пішінге тоқталу)

6.Юпитер: адамда неше көз бар?(2)(дене мүшелері жайлы айту)

7.Сатурн: аспанда неше күн бар?(1)(табиғат құбылыстарына тоқталу)

  1. Уран: сиырдың неше мүйізі бар?(2)(үй жануарларына тоқталу)

9.Нептун: екі қоянның неше құлағы бар?(4)(дала жануарларына тоқталу)

Тәрбиеші: —Балалар, сендер ғаламшар тапсырмаларын жақсы орындадыңдар.

Ал енді, ортаға келіңдер, бір ойын ойнайық.

Ойын «Дұрыс және бұрыс»

Шарты: балалар тәулік мезгілінде айтылған сөйлемдер дұрыс болса, қол шапалақтайды, ал қате болса, бастарын шайқайды.

  • Тәңертең күн шығып тұрады (дұрыс)
  • Түнде біз ойнаймыз (бұрыс)
  • Күндіз ай шығып тұрады (бұрыс)
  • Тәңертең біз балабақшаға келеміз (дұрыс)

Тәрбиеші: — Ал енді , балалар, ғаламшардан қайтатын уақыт болған сияқты, ол үшін біз тура және кері санауымыз керек.Қане, кім санап береді екен?

Балалар:  1 – ден 5 – ке дейін тура және кері санайды.

Рефлексиялық – түзетушілік:

Тәрбиеші: — Ақылды қонжық, саған бүгінгі біздің балаларымыздың берген жауаптары ұнады ма?

Ақылды қонжық: — Иә,маған өте ұнады, балалардың барлығы білімді екен.

Енді мен қайтайын, сау болыңдар.

Балалар: — Сау бол, Ақылды қонжық.

Тәрбиеші: —  Балалар,ал сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

Балалар: — Иә, ұнады.

Тәрбиеші: — Қандай мереке  жайында айттық?

Балалар: — Ғарышкерлер күні.

Тәрбиеші: — Қазақстаннан алғаш  ұшқан  ғарышкер кім?

Балалар: — Тоқтар Әубәкіров

Тәрбиеші: — Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: — Көктем

Тәрбиеші: — Көктемде табиғатта қандай  өзгерістер болады?

Балалар: — Күн жылынып, құстар жылы жақтан келе бастайды, адамдар қалың киімдерін тастап, жұқа киінеді,жаңбыр жауады.

Тәрбиеші: — Өте тамаша, сендер барлық тапсырмаларды жақсы орындап шықтыңдар.Осыменен бүгінгі оқу қызметі аяқталды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.