Home » Жаңалықтар » Бөрлілік балалар – жазғы мектепте

Бөрлілік балалар – жазғы мектепте

Батыс Қазақстан облысына қарасты Бөрлі ауданында жазғы мектептер жұмысы жалғасуда.

Бұл жөнінде аудандық білім беру бөлімі хабарлады. Ауданда оқу сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 маусымынан басталған жазғы мектеп жұмысы өз жалғасын табуда. Оқушылар қашықтан оқу кезінде игере алмаған тақырыптарын қосымша сабақ үстінде үйрену үстінде. Сабақ барысы оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында зерттеу, зертханалық жұмыс білім платформалары арқылы жүзеге асырылады. Жазғы мектепті тиімді ұйымдастыру мақсатында таза ауада демалыс сағаттары өткізіледі және психологиялық тренингтер ұйымдастырылады.

Оқушылар үшін жазғы мектеп сабақтары мен демалыс сағаттары сәтті өтуде. Олар онлайн оқу барысында дұрыс түсінбей қалған немесе меңгеруде қиындықтар туындаған пәндерін жеңіл игеруде. Бүгінде Бөрлі ауданы бойынша 2722 оқушы жазғы мектепте білім алуда.

Ләззат ҚАЖЫМОВА
«Bilim ainasy»
Батыс Қазақстан облысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.