Home » Жаңалықтар » ЕРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАН АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

ЕРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАН АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

Елордада Академиялық адалдық лигасының Жалпы жиналысы өтті. Қауымдастықтың құрамына еліміздің 11 жоғары оқу орны кіреді.

Жиын барысында М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті Басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан бірауыздан Академиялық адалдық лигасы Кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Кездесуде жаңа басшы Лиганың дамуына қатысты көзқарасын білдірді: «Менің ойымша, Академиялық адалдық лигасы тек академиялық сапасы жоғары және кез келген академиялық әділетсіздікке жол бермейтін университеттермен ғана байланысты болуы керек. Лига ҚР Білім және ғылым министрлігінің сапасыз жоғары оқу орындарын жабу мен сұранысқа ие емес мамандықтардың лицензиясын қайтару бойынша қазіргі саясатын қолдайды».

Кеңес төрағасы жоғары білім саласындағы мәселелерге қоғамның назарын аудару үшін бар күшін салып, медиа саласындағы кәсіби тәжірибесін барынша пайдаланатынын айтты. Сондай-ақ Академиялық адалдық лигасын жоғары білім саласындағы кез келген өзгеріске дайын бренд ретінде қалыптастыратынын мәлімдеді.

Осы уақытқа дейін Ерболат Мұхамеджан «Atameken TV» арнасы бас продюсерінің орынбасары, ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі және ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

Анықтама. Академиялық адалдық лигасы – Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы. Лиганың басты мақсаты – академиялық адалдық қағидаттарын алға қою арқылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім сапасын арттыру. Қауымдастық 2018 жылы АҚШ-тың жекеменшік университеттері мүшелік ететін танымал «Лига Плюща — The Ivy League» үлгісі бойынша құрылған болатын.

Академиялық адалдық лигасының баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.