Home » Мақалалар » Тәуелсіздік 30-жылдық  мерей тойына тарту. «Ірге ши»

Тәуелсіздік 30-жылдық  мерей тойына тарту. «Ірге ши»

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
МКҚК  №44 «Үркер» балабақшасы

Идея авторы – инновация әдіскері: Багдал Майгүл

Қолдаушы – балабақша меңгерушісі: Сарсебаева Жанерке Абылайхановна

Жұмысты ұйымдастырушы – әдіскер: Абежанова Алма Алимжановна

Қатысушы-тоқушылар: №44 «Үркер» балабақшасының ұжымы , педагогтары, ересек тобы мен мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері және ата-аналары.

Жалпы ірге шидің салмағы: 15-кг

Ұзындығы: 10м,50см

Тоқылған уақыты: бір ай

Иә, бүгін міне 2021 жылдың  қазан айының 11-і дүйсенбі жұмыс күні өте сәтті басталды.

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында  өшкеніміз өсіп, ескіміз жаңарып, жоғалғанымыз табылып, тәуелсіздіктің 30-жылдық мерей тойына дайындық басталып та кетті. Алға қойған мақсат үлкен тәуелсіз еліміздің жетістігі жетерлік.

1991- жылы  еліміз Егемендігін  алып ел іргесін бекітті.

— Ірге демекші бала кезімізде әжелеріміз:

Іргеден кірген жел жаман ,

Іргеден келген жау жаман – деп киіз үйдің іргесіне ірге ши құрушы еді.

Ірге ши дегеніміз – киіз үйдің сыртындағы төменгі бөлігінде  тұратын  шиден тоқылған биіктігі жарты метр, ұзындығы әр түрлі болатын ұлттық үй жиһазы.

Ірге шиге неге тоқталып отырмыз. Мағынасы тереңде  жатқан ірге шидің бүгінде қолданыстан шығып ұмыт болғаны. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында  ескіні жаңартып жаңа заман талабына сай жасап келешек ұрпаққа өзінің тарихымен, салт дәстүрін, қол өнерін жалғастыру.  Қазақ халқының әрбір қол өнерінде терең сыр бар. Соның бірі ши тоқу өнері. Ши негізінен бірнеше түрге бөлінеді  ақ ши, шым ши, ораулы ши және ірге ши.

Бұл шилердің әр қайсының жасалу әдіс тәсілдері мен қызметі әр түрлі болады. Бүгінде ши тоқу өнерін мектептерде сирек кездестіріп жүрміз. Ал, балабақашада ши тоқу өнерін мүлдем қолданбайды деуге болады. 2019- жылдан бастап №44 «Үркер» балабақшасында ши тоқу өнері қолға алынып педагогтар арасында, «Шебер сынып» өткізіліп ши тоқу, ши орау әдіс тәсілдерімен толық таныстырылды.  Мәселен, «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында  педагогтарымыз «Аң стилі», «Алтын адам»,   «Қазақстан қызғалдақ пен алманың отаны»,  «Атқа міну мәдениеті», т.б. тақырып бойынша шиге бейне салып орап тоқып шығарды. Ал, 2020 жылы мектепалды даярлық тобында ши тоқу, ши орау, шиге сурет салу жұмыстары өте жақсы нәтиже көрсетті.

Ши тоқу мен ораудың пайдасы.

Ши ораудың пайдасы кез келген адамның ой санасын  дамытып, шығармашылық қабілетін арттырады. Барлық адами құндылықты бойына сіңіріп, мінез құлқына әсер етеді. Адамды сабырлы салмақты, ақылды, мейірімді болуға  тәрбиелейді. Ептілікке, әдемілікке, еңбекқорлыққа  баули отырып, қол саусақ моторикасын жетілдіреді. Сонымен қатар, туған жердің табиғатымен танысып қол өнерге деген қызығушылығын оятады. Тіпті  ши орап отырған түрлі қызықты әңгімелер, ертегілер мен  әндер де айтылып адамның есте сақтау қабілеті, сөйлеу дағдысы  қалыптасады. Шиге салынған бояуы арқылы  адамның көзі сұлулыққа әдемілікке бейімделеді.

Осындай  керемет қасиеттерді бойға сіңіретін  қазақ қалхының  қол өнері  «Ши тоқу» өнерін бұдан әрі жалғастырып  ұрпаққа жеткізу бүгінгі күні бізге аманат іспеттес.  Ата-бабамыздан қалған қасиетті қара шаңырақтың әрбір бөлшегі нағыз өнер туындысы, тарихи сыры терең таусылмас қазынамыз болып есептеледі.

Ел тәулсіздігінің 30-жылдық мерей тойына  орай жүрегі қазақ деп соғатын әр бір азамат пен азаматша өз үлесін  қосуда.

№44 «Үркер» балабақшасы да қалыс қалмай Ел іргесінің бүтін, елдің бірлік-берекесінің  берік болуын тілеп ірге ши тоқыды.

Тәуелсіз Қазақстан  30 жылда қандай жетістіктерге жеткенін бейнелей отырып шиге орап тоқыды. Ши тоқу  барысында  әр тал шиге бір тамшы тер төгіп жұмыс жасаған адамдардың жұмыс кезеңіндегі  іс-әрекеттері өте керемет, бірі ішкі жан дүниесін  сыртқа шығарып сырын айтса, екінші бірі әдемі әуенге салып ән салды, енді бірі түрлі қызықты бастан кешкен оқиғаларын айтып мәре-сәре боп жатты.

Осындайда  қайран ақ жаулықты аналарымыз-ай нағыз психолог болған екен ғой деген ой туады.  Бүгінде өзге ғалымдарды зерттеп солардың іс-әрекетін өзімізге негіздейміз деп әуре боламыз. Қазақ халқының қол өнері тұнып тұрған Мария  Монтессори, арт терапия.

 

30-ЖЫЛДЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

Багдал Майгүл

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі
Кетпесін еліміздің берекесі.
Берік болсын әрқашан ел іргесі,
Кең болып мәңгілікке  керегесі.

Сөзімді мен бастайын,
Жырдан шашу шашайын.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Өздерін талай батыр құрбан еткен.

70-жыл Одағында орыс болып,
Үндемей бәрін дағы жеңіп келдің.
Талай асу тауларды басып өттің,
91-де Тәуелсіздік тарту еттің.

Ғарышқа ұшып Тоқтардай азаматың,
Әлемге танылды қазақ атың.
Көк туың көкте желбіреп,
Мерейің тасып көркейіп.

Ата заңым қабылданды айбатты,
Төл теңгеміз келіп төрлетті.
Қазақстан ядродан бас тартты.
Табиғаттың тынысында жақсартты!

Беске келдің бестігі боп Шанхайдың,
Басқа елмен де қарым-қатынас жасадың.
Алматыдан Ақмолаға көш бастап,
Ел ордасын Астана қылып өзгерттің,
Бірлігі артып елімнің ,
Тарихын зерттеп халқының.
Рухани жаңғыруға бет алдық,
Өнер мен мәдениетті қолдадық.

Шақырып Иоаан Павел Рим папасын да,
Есілдің әсем жағасында.
Бас қосып дүние жүзі қазақтары,
Киелі Түркістан қаласында!

Алыстан  көрінеді Бәйтерегі,
Жайқалып жағасында көк желегі.
Жарқырап көрінген де Хан шатыры,
Адамға алыстан-ақ күш береді.

Алты құрлық атыңды біліп алды,
Жастары шар тараптан білім алды.
Осылай Қазақстан өсіп жатты,
Мерейі еліміздің тасып жатты!

БҰҰ-на мүше болдық,
19-да үйде отырып құса болдық.
Әлемді жайлап вирусың,
Тарылды адамзат тынысың.

Жақсылығы Алланың көп екен ғой,
Бұлт астынан шығатын күн екен ғой.
Үйде отырып ата-ана, бала-шаға,
Мейірімділік танытты  отбасына.

Онлайн, офлайн сөздер енді
Заманымыз цифырлы боп көп өзгерді.
Қазақстан цифырлыққа бет бұрды,
Естігенді міне тағы көз көрді.

Қазақ елі дархан жүрек кең ел ғой,
Бәрін дағы бірлікпенен жеңді ғой.
Еңселі егеменді елдің жастары,
Еріктілер игі істерді бастады.

Алты қанат ақ ордамыз шайқалмасын,
Елімізде еш жамандық байқалмасын.
30 жас орда бұзар  құтты болып,
Қыран құстай көк аспанда қалықтасын!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.