Home » Мақалалар » Еңбектің соңы жақсылыққа жетелейді

Еңбектің соңы жақсылыққа жетелейді

«Ана  тілі бала тілі» болу керек деген ақын сөзінде жатқан шындық ұлт болашағы –оның ана тілінде дегенді меңзегені болса керек. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып ұлттық тәрбиемен сусындаса ұстаз үмітінің ақталғаны.
16 желтоқсан Тәуелсіздік күні. Бұл күн ұлттық мереке. Өскелең ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие сіңіруде маңызды рөл атқаратын айтулы күн. Міне, осындай бағыттағы игі шараның бірі  15 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласындағы № 44 «Үркер» балабақшасында өтті. Әр шәкіртін Отансүйгіштікке баулып, өнегелікке үйретіп, белсенділікке ұмтылдырып, патриоттық рухты көтерер жырлар, қанатты сөздермен шыңдай білген ұжымның жұп-жұмыр ешбір үзіліссіз дайындалған концерттік бағдарламасы керемет шықты.
Қазақтың ақжаулықты аналарының арманы орындалып, Егемен елдің ақ таңын сүйінші сұрай айқайлаған қазақ баласының аузынан естіген қандай ғажап!Осындай қойылымынан бастаған  ертеңгіліктің тақырыбы «Тұғыры биік Тәуелсіздік» деп аталған.
Мектепалды даярлық топтарының 75 ке жуық тәрбиеленушілерін қамтыған шараға ұжымдағы әр педагог үлес қосқан. Бір жұдырықтай болып жұмылған ұжымның қос әдіскері басшы, меңгерушісі Сарсебаева Жанерке Абылайханқызы қолдаушы бола білді.
Видео слайд арқыл Тәуелсіздіктің әржылдағы жетістіктерін көрсетіп отырған шараны мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері  Әділхан Ақәділ мен Бақытжан Айғаным  еш мүдіріссіз жүргізді. Ойын анық  қатесіз  жеткізген қос бүлдіршіннің тіл тазалығына қарап сүйсінесің!
«Балдәурен» тобының би шашуымен жалғасып, көрерменге қазақы салт-дәстүрмен шашу шашты.
Үлкен залға бейнекамерасымен шыққан Каппасов Алан мен болашақ тілші Рамазан Дария достарынан Тәуелсіз елге жырдан тарту сұрады. «Балдырған», «Балдәурен», «Тоты» мектепалды даярлық топтарымен «Айгөлек» ересек тобының тәрбиеленушілері екі тілде еркін самғады. Әр сөзді нақты әрі дұрыс айта білген  қазақтың ұл-қыздарына қарап марқаясың….
Әр педагог тіл маманы болмаса да балаға жыр жаттатарда дәл осы «Үркердің» ұстаздарындай ұстамды болса қазақтың ана тілі өз мәнін жоғалтпай ұрпақтан ұрпаққа жалғасар еді. Балаға көп үйреткенде емес аз болсада тазалықпен жеткізер сөз салғанға не жетсін. Елбасының бүгінгі Президентіміздің есімін, Қазақстан Республикасының рәміздерін жатқа білетін бал тілдерінен айналдық.
Көк туды тәрбиешісі көтере шыққан «Тоты» тобының биі адамға рух сыйлар тамаша қойылым болды. Шынымен де мәдениет дегеніміз елдің рухани байлығы, асыл мұрасы. Ертеңгілікте мектепалды даярлық топтарының жетекшісі Кульмаганбетова Жанар ақын Өмірбек Бекмұраттың «Үркер» балабақшасына арнап жазған өлеңін мәнеріне келтіре оқып, «Үркер жұлдыздарының» өнерімен жалғауы ұтымды тұсы болды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына береке бірліктің жемісі  ата-ана, бала мен тәрбиеші қолы тиген салмағы 15 келі, ұзындығы 10.5 метр болатын бір айға жуық тоқылған әр жылдың өрнегі бар «ірге шиды» «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасына» сыйға тартты. Қазақтың ұлттық киіз үй жиһазы саналар өнер туындысын аталмыш кітапхананың ғылыми қызметкері Саягүл Құрбанқызы қабылдап алып балабақша меңгерушісімен осы өнер туындысының  идея авторы балабақшаның инновация әдіскері Багдал Майгүлге «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасының»директоры Бақытжан Берікбайұлы Темірболаттың Алғыс хатын, өнер көрсеткен әр тәрбиеленушіге арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Тәуелсіз Қазақстанның талай  бұралаң жолдардан өтіп, биік белестерді бағындыруында өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Ұлы тұлғаның атындағы кітапханаға осындай сый жасау «Үркер» балабақшасының айтулы мерекеге қосқан елеулі үлесі болды.
Барлық іске береке-бірлік пен табандылық арқылы жетуге болатынын дәлелдей білген ұжымның әдіскері Абежанова Алма, педагогтар Кусаинова Марал, Орынбекова Мадина , Мусатаева Талмагүл, музыка жетекшісі Байнукенова Мейрамгүл, Сагынбекова Гүлзада, сахналық қойылымда өнер көрсеткен Кусаинова Базар, Казбекова Назира, Отызбекова Айнұр, Айтмагамбетова Гүлжан нағыз талант иелері.
Оған дәлел  Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Майра Сәрсеханқызымен қаладағы барлық балабақша меңгерушілері атынан сөз алған №77 «Қошақан » балабақшасының меңгерушісі Назгүл Гадылханқызының сөзі дәлел. Қонақтар  айтулы мерекемен ұжымды құттықтап, жас болсада өз ісіне жетік балабақша меңгерушісі Жанерке Абылайханқызына сәттілік тіледі.
2010  жылдан бастап «Үркер» атымен жұмыс жасап келе жатқан білім ордасының әр іске жауапкершілікпен қарай білетін педагогикалық ұжымы өздері айтқандай шын мәнінде ғұмырын балаларға арнаған бақытты жандар! Ұстаз бала алдындағы күнін жұмыс уақытым деп емес, шынайы сүйіспеншілікпен кіршіксіз бала көңілі сенімділікпен қарайтын, адалдықтың бейнесі болардай жанашыр жан  ретінде өткізсе ұстазбен шәкірт арасындағы шын құрметке ұласа бермек.
«Үркерде» өткізген аз уақыт маған осы құрметті көрсеткендей болды.  Жүйелі жұмыс, бірлесе атқарған еңбек әрқашан жемісін берерін ұмытпайық! Алдағы күні де ұжымның береке бірлігі арта түсеріне сеніміміз мол!

 Әлия Ғалымбекқызы,
Білім айнасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.