Home » Мақалалар » Тараздық жас шинкиокушинкайшылар халықаралық турнир жүлдегерлері

Тараздық жас шинкиокушинкайшылар халықаралық турнир жүлдегерлері

       (Шин)киокушинкай  атты каратэ түрін Масутацу Ояма в 1957 жылы ойлап тапқан. Бүгінгі таңда әлемге әйгілі спорттың бұл үлгісі жұртышлықтың көңілінен шығып, шинкиокушинкайға қызығушылық толастар емес. Әйткенмен, бұл қарапайымдылығымен, күш-қуатымен ерекшеленетін каратэнің қатаңдау бүр түрі деуге әбден болады.

      Яғни, шинкиокушинкай – атлетикалық, динамикалық және  белсенді каратэ стилі. Оны бұл спортқа қатысушы әуесқойлар анағұрлым тиімді әдіс-тәсілдер арқылы сипаттайды.

Шинкиокушинкай  спорттық жарыстары соққының күш-қуаттылығымен ғана емес, сонымен қатар спортшылардың ерік-жігерінің мықтылығымен тәнті етеді. Десек те аталғанспорт  ең мықты, жігерлі жастарға арналған. Және мұнда спорт саласында  ең биік шыңға жетуге болады. Рухани әрі тұлғалық қасиетті дамытуға себепкер болған шинкиокушинкай жамбылдық жеткіншектердің де жүрегін жаулап, олардың беріктігі мен мықтылығын сынап жүр.

       Дүбірлі додада  Әсетаев Асылжан Жеңісұлы, Слан Нұрсұлтан Бауыржанұлы, Шәмші Нұрдаулет сынды жастар топ жарып,  бірінші, екінші, үшінші  орындарды иеленуде. Жамбыл аудандық каратэ федерациясының мүшесі А.Ж.Әсетаев Тараз қаласының жас спортшысы. Бапкері  Жолгелді Марат шәкірттерінің мықтылығын баптай түсіп, шинкиокушинкайдың қыр-сырын 2017 жылдан бері үйретіп келеді. Әзірге А.Ж.Әсетаевтың қанжығасында «облыс чемпионы» деген атағы бар. Он алты жасар Асылжан Әсетаев өз жетістіктерімен бұл спортқа досатырының қызығушылығын тудырған.

Слан Нұрсұлтан Бауыржанұлы да 2017 жылдан бері осы спорт түріне қатысады. Қазақстан чемпионатында халықаралық турнирдің жүлдегері. Елордада өткен халықаралық турнирде 3-ші орын иеленген. «Жалпы, бұл спортқа келгеніме өкінбеймін. Өйткені бұл өте мықты спорт, тәртіп бар. Бұл спортқа ата-анам алып келген. Жамбыл облысы Тараз қаласындағы №42 орта мектептің оқушысымын. Барлық достарыма осы спортқа қатысуға кеңес беремін. Арманым – осы спорт түрінен әлем чемпионы болу. Қазақстанның атын шығарғым келеді. Бапкер болу болашақ мақсатым», — дейді жігерлі жас спортшы Нұрсұлтан Бауыржанұлы.

Ал, Шәмші Нұрдаулеттің бұл спортқа келгеніне 6 жыл болған. «Көкемнің өзі осы жерге алып келген. Анам да оның шешіміне қарсы болған жоқ. 6 сыныпқа көштім, Тараз шаһарындағы №48 орта мектептің оқушысымын. Облыста, Қазақстанның түкпір-түкпірінде орын алып жүрмін. Қырғызстанда халықаралық турнирде бірінші орын иелендім. Өз еліміздегі халықаралық сайыста 2-ші орын алдым. Қордай, Шымкент, Меркі, Тараз, Қызылорда да спортқа жарысқа барып тұрамыз. Алдағы уақытта Нұр-Сұлтан қаласында өтетін турнирде бірінші орын алып, чемпион болғым келеді. Сыныптастарым қызығып сұрап жатады. «Қиын емес пе?» — дейді. Тренер де болғым келеді», — деп арманын да айтып қалған кішкентай Нұрдаулеттің талабының жоғарылығын байқадық. Алдағы сын-көпірден сүрінбей өтуіне тілекші болып, сәт-сапар тіледік. Ең әуелі жастардың рухы жоғары болсын!

Үсен Сара Ғаниқызы,
Жамбыл облысы Тараз қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.