Home » Айтарым бар » ӘСЕРЛІ САЯХАТ

ӘСЕРЛІ САЯХАТ

ӘСЕРЛІ САЯХАТ

Жақында Павлодар қаласының №5 жалпы орта білім беру мектебінің «Ақ шағала» жазғы сауықтыру лагерінің демалушылары қаламыздағы 2019 жылдың желтоқсан айында әлемнің ірі тарихи-жаратылыстану музейлерінің үлгісінде жасалған жаңа «Ертіс» мультимедиалық музейіне саяхат жасады.

Ғимараттың жалпы ауданы 2,4 мың шаршы метрді құрайды. Музей цифрлық заманауи технологиялармен жабдықталып, көне палеозой дәуірінен бастап, қазіргі уақытқа дейінгі геология, физикалық география, ежелгі флора мен фаунасынан, Ертіс-Баян өңірінің палеозой заманынан бергі тарихы қамтылған үш жүзден астам экспонат қойылған. Сондай-ақ, он мың жылдан астам бұрын табылған ең ежелгі бұғы мен бизонның қаңқалары, ең жаңасы – ежелгі аңдардың ерекшеліктері мұқият ескеріліп жасалған заманауи көшірмелері қойылған. Павлодар облысының геологиялық және қасиетті жерлерінің сызбасы да осында лайықты орнын тапқан.

«Балдырған» тобының демалушылары музей экспонаттарын қызыға тамашалады. Балалар мұнда бұрын-сонды  кездестірмеген сезгіш электронды кітап, алып жануарлардың қаңқалары, өңірімізден табылған көне жазулар мен бұйымдар тәрізді көптеген жаңа, таңқаларлық дүниелермен танысты. Бөлмелерді аралай жүріп, музей қызметкеріне сұрақтарын да қойып үлгерді. Экскурсия барысында естелік суреттерге түсіп, демалыс лагеріне көңілді оралды.

Айгүл МОЛДАШ,
Павлодар

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.