Батыс Қазақстан облысында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды.
Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауының бірінші кезеңінде ұсынылған жұмыстар іріктеуден өткізілсе, екінші кезеңде оқушылар өз жобаларын қорғаған.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған облыстық кезеңінің екінші кезеңі – бейіндеу пәндері бойынша тестілеуге 79 оқушы қатысып, 55 батысқазақстандық оқушы
республикалық кезеңнің екінші турына өтті. Байқаудың қорытынды жобалар қорғау кезеңі ZOOM платформасында онлайн режимде өткізіліп, оған облыс бойынша 27 оқушы 21 жобамен қатысты.
Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен Батыс Қазақстан облысы бойынша 11 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олардың төртеуі – бірінші, жетеуі – үшінші орындарға ие болса, алты оқушы ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамоталарына ие болды.
Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ
«BILIM AINASY»
БҚО