Home » Ашық сабақтар » Заттарды салмағына қарай салыстыру

Заттарды салмағына қарай салыстыру

Нурганым Елтаевна Хамидоллина
ЖББ Жырақұдық орта мектебінің
мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі
Сырым ауданы БҚО

Заттарды салмағына қарай салыстыру
(ұйымдастырылған оқу қызметі)

Білім беру салалары: Таным. Коммуникация.
Бөлімі: ҚМҰҚ.
Мақсаты: заттардың салмағы және оларды өлшеу туралы ұғымдарды бекіту.

Міндеттері: «жеңіл – ауыр» сөздерін пайдалана отырып, салыстыруды үйрету; заттардың салмағын өлшемі бойынша анықтауды үйрету; кеңістікте орналасуды сипаттау білігін дамыту жұмысын жалғастыру; зейінді, ойлауды, сөйлеу дағдыларын дамыту. Дербестікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: заттарды салмағы бойынша салыстыруды сипаттайтын сөздерді айтуды: «ауыр– жеңіл», «ауырлау–жеңілірек»;
игереді: заттарды қарапайым таразының көмегімен немесе екі қолға салып, салмағы бойынша қалай салыстаруды; заттың өлшемі мен оның массасының байланысы туралы (біртекті заттарға қатысты);
меңгереді: заттарды қолға салып, көзбен салыстырып, қарапайым таразының көмегімен салыстыруды.
Қажетті материалдар: №1жұмыс дәптері, екі бірдей балалар арқақоржыны, демонстрациялық материал №9.
Сөздік жұмыс: Ауыр, жеңіл, өлшеу.
ҰОҚ-нің барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог үстелге екі бірдей балалар арқақоржынын қойып, балаларға сұрақ қояды: Мына арқақоржындар туралы не айта аласыңдар? Олар бірдей ме, немесе әртүрлі ме?
Масса туралы не айтуға болады? Олар бірдей ме, немесе әртүрлі ме?
Мұны түсіну үшін не істеу керек?
Балалар арқақоржындардың пішіні, өлшемі, түсі, материалы бойынша бірдей екенін айтады. Салмақ туралы болжамдар айтады. Балалар салмақты көзбен анықтау мүмкін емес, қолға алып, салыстыру керек деген қорытындыға келеді.
Негізгі кезең.
Қорытындылап, массаның өлшемге байланысты емес екендігі туралы қорытынды жасайды.
тапсырма. Суреттерге қараңдар. Жағдаяттың сипаты бойынша ауыр және жеңіл арқақоржынды анықтап, белгіле.
Сергіту сәті.
Орман алаңына жеңіл адымдап, ешқандай жүксіз шыққанымызды елестетіңдер.
Бұталар мен төмпешіктен Аттап өтіп жеңілдікпен,
Бұтақтар мен томарлардан Секіріп өтіп оңайлықпен Ұзақ-ұзақ жүріп келдік, Шаршадық деп берілмедік. Енді жеттік, тоқтадық, Кел, достарым, жайғасып, Отырайық демалып.
Тынығамыз, күш жинаймыз, Одан кейін сапарға
Аттанамыз қайтадан.
тапсырманы педагог түсіндіреді. Балалармен бірге қарбызды теңестіру үшін неше алма салу керектігін анықтайды. Ал енді арқақоржынға саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектерді толтырып алғанымызды елестетіңдер. Қалай қимылдаймыз?
«Ауыр – жеңіл», «бірдей» дидактикалық ойыны. Педагог балаларға сыныпта бар заттарды қолға қойып, салыстырып, заттардың қайсысы жеңілірек, қайсысы ауырлау екенін салыстырып білуді ұсынады: кітап және қарындаш, тас және қағаз парағы, текше және кесек, әуе шары және футбол добы, моншақ және шеге, шеге және дән және т.с.с. Сондай- ақ салмағы бірдей жұптарды анықтауды ұсынады.
тапсырманы орындауды ұсынады.
Педагог тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді. Балалар тапсырманы орындайды.
Балалар «жүксіз» және «тола» арқақоржынмен қимылдар жасайды. Педагогпен бірге орындайды.
Алманың суретін салады.
«Өлшеу» бойынша жұптық жұмыс.
Тексерген кезде жұптардың әрқайсысы өз жауабын түсіндіреді.
Педагог таразының үлгілерімен таныстырады, №9 демонстрациялық материалды пайдалануға болады. Балалар таразыдағы әр жұптан ауыр затты қоршап сызады. Заттарды массасы бойынша қалай салыстыруға болатынын түсіндіреді.

Рефлексия.

Оқу қызметін қорытындылайды. Балаларды көтермелейді. Рефлексиялық шеңбер. Егер оқу қызметінде қызықты болса, қол соғыңдар. Егер тапсырмалар ауыр болса, аяқпен еденді топылдатыңдар.
Педагогті тыңдайды. Оқу қызметіндегі өз қызметін бағалайды.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.