Home » Мақалалар » Үйірменің үйретері көп

Үйірменің үйретері көп

Жайлаубаева И.Ж
Қостанай облысы, Рудный қаласы
Ы.Алтынсарин атындағы
Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің
арнайы пәндердің оқытушысы.

 

«Үйрете отырып  үйрену ғана жеміс береді» деген екен қазақтың қайсар ұлы Бауыржан Момышұлы. Шындығында  өзгелерді  мақсатты түрде  үйрете отырып  тынымсыз ізденеміз,  жаңашылдыққа ұмтыламыз, шыңдаламыз.

Осы орайда  биылғы оқу жылында колледж студенттері арасында «Жас қаламгер» үйірмесі жұмысын бастады. Үйірменің көздеген нысанасы білім алушыларды  құдыретті сөз өнеріне  баулу, жазба тілінде өз ойын ықшамдап қорытында жасай білуге  үйрету және  журналистиканың алғышарттарымен таныстыра отырып қабілет қарымын дамыту. Сонымен қатар  өңіріміздегі БАҚ — мен  тығыз байланыс жасай отырып білім ордасындағы талантты ұстаздар мен студенттердің толағай жетістіктерін шағын мақала жазу арқылы  насихаттау. Болашақта колледж жаңалықтарының жаршысына айналатын үйірменің    танымдық кездесулер мен  тағылымды кештер де ұйымдастыру жоспарында бар. Үйірменің алғашқы  басқосуында  мақсат міндеттер  нақтыланып, жұмыс жоспары таныстырылып, практикалық тапсырмалар берілді. Үйірме құрамында ШТ-02, МДТ-01, 02, 03, ББМ-01 топтарының   студенттері бар. Олардың әрбіреуі  өзіндік  көзқарасы қалыптасқан, шығармашылыққа бой ұрған өнерлі де өрелі тұлға. Бірі шабыттанып өлең шығарса, енді бірі әсерлі әңгімелер жазады. Армандары асқақ, жоспарлары жарқын, мақсаттары айқын жас қаламгерлердің үйірмеден үйренері көп.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.