Home » Мақалалар » Қауіпсіз интернет

Қауіпсіз интернет

Рабилова Айгерім  Орынбасаровна
№102 ЖББМ
қазақ тілі мен әдебиет  пәнінің  мұғалімі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 4 сәуір – Халықаралық интернет күніне орай дәстүрлі түрде  «Қауіпсіз интернет»  тақырыбына арналған сынып сағаттары  және  ата-аналар  жиналыстарын өткізуді   білім  беру ұйымдарына  тапсырма ретінде берді.   Осыған  орай №102 ЖББМ  мектебінде  13.04.2021ж 1-11 сыныптар  арасында  «Қауіпсіз инетернет» тақырыбында  сынып сағаттары және ата-аналар жиналыстары өтілді.

Іс –шараның өтілу  мақсаты – кәмелетке толмағандардың ортасында интернет ресурстарды қолдану мәдениетін қалыптастыру, балалардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға  қатысты Интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату үшін білім беру ұйымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Мектеп бойынша барлық сыныптарда  сынып сағаттары  өтіліп,  түсіндірме жұмыстары  жүргізілді. Көптеген қызықты  мәліметтер беріліп,  интернеттің зияны мен пайдасы  туралы  айтылды.

Жиырмасыншы  ғасырдың аяғында пайда болған  Интернет  қазір  жер шарының  әр  түкпірін байланыстырып сан алуан  адамдарды,  елдер мен  құрлықтарды  біріктіріп  отыр.  Интернет 1960 жылдары АҚШ –та дүниеге келді.  Оны соғыс  бола қалған  жағдайда   бір-бірімен  телефон  арналары  арқылы  қосылған  компьютер   желілерімен  байланыстырып  отыру  үшін  АҚШ –ның орталық  барлау  басқармасының  қызметкерлері  ойлап тапқан.
Қазіргі заманда қажеттілікті тудырып отырған бүкіл ғаламдық күш ретінде ғаламтор адамдар өміріне әсер етуде. Оның адам баласына берер пайдасы мен зияны да жетерлік. Адам ұялы сымтетіктер мен компьютерлерге отырған кезде міндетті түрде интернетті пайдаланады VK, YouTube, Google, Instagram, WhatsApp, Facebook сынды санмың желілер алысты жақындатып, осы шақтағы уақытта адамдардың бір-бірімен байланысуына және түрлі мағлұматтар алуына, тіпті бейнебайланыс орнатуға септігін тигізуде. Әрине техника дәуірінде жан-жақты болған жақсы ғой, бірақ әр нәрсенің өз уақыты, орны болуы керек деп ойлаймын. Ғаламтор – бұл  біздің күнделікті  қажеттілігімізге  айналып барады.  Тіпті  интернет болмай қалса  өмір тоқтап қалғандай сезім пайда болатыны да өтірік емес. Адамзаттың әлемдік  қазынасы іспеттес.  Интернетсіз өмірімізді елестету мүмкін емес  сияқты. Ия,  қазіргі  уақытта интернетсіз алдыға  жылжи алмайтынымыз белгілі.  Дамыған елдің қатарында болу үшін, иық тіресіп тұру үшін  бүкіләлемдік өркениеттен  қалыспауымыз керек. Осы орайда біздің  өмірімізде интернеттің  алатын орны ерекше.  Бірақ,оның пайдасы  мен зияны қандай?  Біздер оқушылар мен ата-аналарға нені  айтуымыз керек және  неден қорғауымыз керек  деген сұрақ әркімді  болса да мазалайтыны анық.   Сол себепті  «Қауіпсіз интернет» тақырыбындағы өтілген сынып сағаты, ата-аналар жиналысында  ақпараттық  нұсқаулық беру  жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, іске асырылды. Сынып сағаттарын әртүрлі форматта  өтті.  Ғаламтордың зиянды тұстары мен пайдасын   жіктеп  айтып, интернеттің ұтымды  тұстары  мен адам өміріне кері әсерін  тигізетін  жақтарында  толық жеткізіп жатты. Осы шаралардан соң мектеп оқушылары интернет желісін пайдалану қағидаларын жетік меңгеріп , өмірлеріне  қажетті мәліметтерді  ала алды деген ойдамын

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.