Home » Мақалалар » «Тәрбиелі болашақ ұрпақ»

«Тәрбиелі болашақ ұрпақ»

Әлімжан Дархан Мұхитұлы
Алматы қаласы
№59 мектеп-гимназиясының
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

Орта білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәндес «Адал ұрпақ» еріктілер клубы Түрксіб ауданы №59мектеп-гимназиясында қарқынды түрде жұмыс істейді. Клубтың жұмысының мақсаты: өскелең жас ұрпаққа сыбайлас жемқорлықты болдырмау мағынасында онлайн тренингтер, сыныптан тыс іс-шаралар, тәрбие сағаттары, пікірталас Zoom платформасы арқылы дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады. Іс-шараның негізгі идеясы мектеп жасындағы орта буын, жоғарғы сынып оқушыларының санасына жемқорлықтың түбі өз болашағына балта шабуға әкелетініне көз жеткізу және олардың ойларын ортаға сала отырып «Тәрбиелі болашақ ұрпақ» деген қағидатты әуелі жүрегіне сосын санасына сіңіру.

Клубтың негізгі жұмысы 2021-2022 оқу жылында 18 қыркүйек күні 5-6 сыныптар арасында  Zoom платформасы арқылы қашықтан іс-шара өткізілді. Бұл іс-шара алдын-ала бекітілген жылдық жоспар негізінде жүзеге асырылып отыр. Жыл барысында бұл клубтың еншісіне келесідей жұмыс түрлері жүктелген: «Адамгершілік және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында сынып сағаттарын өткізу» іс-шарасы айына бір рет  өткізіледі. Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылық тақырыптарында, ата – аналар жиналысы өткізіледі. Жиналыстың негізгі мақсаты мектеп ұжымы мен ата-аналардың қолдауымен оқушылармен әңгімелесу, сырласуды үйде, көтеріңкі көңіл-күйде, баламен сөйлесу амалдарын ұсына отырып, баланың жүрегіндегі жылулықты ата-ананың ыстық ықыласы мен шексіз сүйіспеншілігін білдірумен қатар, баланың сеніміне кірудің маңыздылығын алға тарта отырып, адалдыққа баулуды үйрету арқылы баланың қоршаған ортаға бейімдеу, өзін-өзі ұстай білуді бала үшін ең жақын адамдары арқылы жеткізу.

Жыл бойы сыбайлас жемқорлық тақырыбын кеңінен аша отырып, жасөспірім баладан жеке тұлға қалыптастыруда адалдық пен  парасаттылықты алға тарту сабақтары жыл соңында өз нәтижесін көрсететініне сеніміміз мол.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.