Home » Білім және тұлға » Блабақшам – терең мақтанышым

Блабақшам – терең мақтанышым

Жылқайдарова Мөлдір Құрманбекқызы
Алматы облысы, Алакөл ауданы
Бұлақты ауылы, Нұрай балабақшасы
тәрбиешісі

Балабақшам – терең мақтанышым

Ұлылар мекен еткен өлкенің ертеңі балабақшадағы бүлдіршіндердің  қолында болатыны хақ. Ұядан берілетін тәлім мен тәрбиенің  уығын мықтылау жолында,  біздер, тәрбиешілерге қойылар міндет ауқымды.

«Нұрай» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің еңсесін тіктегеніне алты  жыл уақыт. Бүлдіршіндерге нұрын төгетін балабақша менің ғана мақтанышым емес, қараша халықтың мақтанышына айналғанына алты  жыл. Ашылғанына көп уақыт бола қоймаса да, өзіндік қолтаңбасын қалтырып  үлгерген мекеме. Ұлттың жарқын  болашағы мен кемел келешегі бүгінгі балдырғандардың тізгінінде екендігі белгілі.  Мекемеде 10 педагог қызмет етеді. Аз уақыт болса да тынымсыз еңбектің нәтижесі болар, бүгінде аталмыш мекеме ауданға ғана емес, облысқа да танымал қабылетке ие болған.   Балабақша қызметкерлерінің алға қойған мақсаты: «Балалар қолдарының ұсақ моторикасын дамыту арқылы сөйлеуді және ақыл-ойының шығармашылығын жетілдіру»  Мұнда балдырғандардың шығармашылық қабілеттерін  және ақыл-ойын шыңдау үшін «Топ-топ, балақай», «Құм терапиясы», «Көңілді қуыршақтар», «Шұлық театры» жүзеге асырылуда. Бөбектерге орыс тілі, бес білім беру саласы бойынша оқу қызметі жүргізіледі.  Еш жерде кездеспеген «Сыйқырлы текемет» жаңа ойын түрін ерекше айтуға болады. Рухани дамудың алғышарты болатын бұл ойын ұлттық болмыстың көкжиегі іспетті.

Толассыз қарбаласқа толы әрбір еңбек  күнімнен ләззат аламын. Жанарларынан жарқыл сезінген балалардың  баянды сәттері мен бақытты күндері мені биіктерге жетелейді, мейірімімді өсіреді. Бала жүрегі қылдан да нәзік, судан да тұнық. Мектепке дейінгі білім беру Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлігі ретінде  маңызды рөл атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі…» делінген мемлекеттік білім беру стандартында. Осы мәселе аясында мен қызмет ететін мекемеде халықтық педагогиканың  алғышартын бала бойына сіңіру көзделінген.

Сөз соңында айтарым,  «Нұрайдың» нұрлы да шуақты әрбір  күні  балаларға тәлім мен тәрбие, өнеге мен өнер үйретуде зор еңбек сіңіруде.  Тәрбиеші   ретінде балабақша ұжымының талап үрдісінен  көрініп, елдің  ертеңіне қалтқысыз қызмет ететініне сенімдімін.

ҮЗДІК ӘДІСКЕР ҮШІН

Жаңа өмірге келген әр перзент дүниенің барлық құбылыстарын білуге құмартады, білсем дейді, көрсем дейді. Бұл процесс, әсіресе, сәбилердің бойында көбірек болады. Ынтасы мен зейінін ашу, талабын ұштауда ең басты қасиет ата – анадан соң балабақшадан дариды, шыңдайды, жетелейді. Сол құмарлық үлкен өмірге жол салады, адамды нұрландырады.

Мен Құрманбекқызы Мөлдір «Нұрай» балабақшасының әдіскері ретінде толассыз қарбаласқа толы әрбір еңбек  күнімнен ләззат аламын. Жанарларынан жарқыл сезінген балалардың  баянды сәттері мен бақытты күндері мені биіктерге жетелейді, мейірімімді өсіреді. Бала жүрегі қылдан да нәзік, судан да тұнық. Мектепке дейінгі білім беру Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлігі ретінде  маңызды рөл атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі…» делінген мемлекеттік білім беру стандартында. Осы мәселе аясында мен қызмет ететін мекемеде халықтық педагогиканың  алғышартын бала бойына сіңіру көзделінген.

Алакөл ауданындағы Бұлақты елдімекенінде орналасқан заманауи үлгіде салынған «Нұрай» балабақшасының тынысы кең, әдістемелік жұмысы ізгілендірілген. Аталған мекемеде тәрбиеші қызметінен әдіскер қызметіне жету жолдарында сан мәрте шыңдалдым, тәжірибе жинадым. Әдіскер ретінде  ұжымның бүлдіршіндердің кемел келешегін нұрландыруы жолында әдістемелік жұмыстарды  заманның талабына орай ұйымдастыруды басты борышым деп білемін. Балабақшаның іргетасы қаланғанына аз уақыт өтсе де, жинақталған тәжірибе мен жеткен жетістіктердің саны орасан. Білімі мен білігі тоғысқан мекемеде 10 педагог қызмет етеді. «Ұйымдаса білген ұтады «демей ме қазақ бабамыз. Еңбегіміздің нәтижесі сан алуан. Атап айтсам,

  1. «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Дала сазы» атты байқауында «Вокал» номинациясы бойынша жоғарғы деңгейде өнер көрсеткен үшін Садарова Милана III-ші орынмен марапатталды.
  2. Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Дала сазы» атты байқауында «Вокал» номинациясы бойынша жоғарғы деңгейде өнер көрсеткен үшін Шаншархан Кәусар дипломмен марапатталды.
  3. Аудандық мектепке дейінгі ұйымның «Ең үздік жоспары» сырттай байқауына қатысып балабақша әдіскері М. Жылкайдарова III-ші орын иеленді.
  4. Балабақшам –терең мақтанышым» эссе байқауында балабақша әдіскері қатысып

М. Жылкайдарова III-ші   орын иеленді.

  1. Аудандық балабақша тәрбиешілері арасында «Үздік балабақша тәрбиешісі-2019» байқауынан тәрбиеші Г. Калидолдаева II -ші  орынмен марапатталды
  2. «Заманауи сабақ-педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбында аудандық үздік сабақтар фестивалінде балабақша тәрбиешісі А. Стамбекова қатысып III –ші орын иеленді.
  3. Бескөл ауылдық округі «Әнші, биші балапан-2019» балалар шығармашылығы байқауында би номинациясы бойынша I-орынмен Нұрай балабақшасы марапатталды.
  4. Бескөл ауылдық округі «Әнші, биші балапан-2019» балалар шығармашылығы байқауында ән номинациясы бойынша Нұрай балабақшасының тәрбиеленушісі Сәрсен Әдемі II-орынмен марапатталды.
  5. Аудандық «Ең үздік әзірленген флипчарт-сабақтар-2019» байқауында III орын иеленген тәрбиеші Л.Алибекова марапатталады.
  6. Аудандық үздік балабақша байқауында «Нұрай» балабақшасы 1 орынмен марапатталды
  7. Облыстық Жыл балабақшасы -2019 байқауында II орын иелендік.
  8. ҚР Білім және ғылым министірлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалынан балабақша меңгерушісі Г.Токтаганова құрмет грамотасымен марапатталды.
  9. Алматы облысы білім басқармасының құрмет грамотасымен балабақша меңгерушісі Г.Токтаганова марапатталды.

Аудандық 2018-2019 оқужылының  қорытындысы негізінде рейтингтің қорытындысы бойынша «Нұрай» балабақшасы  І дәрежелі  дипломымен марапатталып, көп функционалды түрлі түсті принтер құрылғысын иеленді.

Баспасөз беттеріне жарияланған материялдар:

  1. Өзін-өзі тану Республикалық журнал №4(112) Балабақшам- мақтанышым.

М. Жылкайдарова

2.Алакөл газеті: №37, 10 тамыз 2019 «Нұрайдың нұрлы күндері» Токтаганова Г.Т

  1. Алакөл газеті: №33, 17 тамыз, 2019 «Қызметімізге ізденіс көп қажет» Токтаганова Г. Т
  2. Облыстық әдістемелік кабинет «Білім берудегі инновациялық үрдістер: педагогтардың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы-білім берудің сапасы» журналына «Мектепке дейінгі білім берудің сапасын арттырудағы ізденістер» Токтаганова Г. Т

Заңа заманның жаңа ұрпағын даярлау мақсатында балабақшаның ғылыми әдістемелік әлеуметін кеңейту дағдысы негізінде  ұжымның  авторлық«Ертекші ақ әже»  әдісін жүзеге асырудамыз. Ұлттық педагогика  дәстүрлерін жас буынның санасына сіңіру үшін бұл  әдістің  маңызы  зор. «Топ-топ балақай» бала денесінің  бұлшық еттерінің дамуы мен музыка ырғағын терең сезінуі жолында іске асырылса,  ал «Сыйқырлы текемет»  ойыны  арқылы сәби ұқыптылық пен кеңістікті бағдарлай алады.  «Сыйқырлы қазақ үй» ойынында театрландырылған көрініс қойып, ертегілерді сомдайды, ертегі әлемінің кейіпкеріне айналады, сөйлеу дағдысын қалыптастырады. «Жиналмалы сандық» атты ойыны баланың  зейінін дамытып, хайуанаттар және үй жануарларының тіршілігімен танысады.

Сондай – ақ іс тәжірибе тарату жағдайында аудандық семинарлар жоспарлы түрде ұйымдастырылды. «Балалардың қолдары ұсақ қолдары моторикасын дамыту арқылы сөйлеуді дәне ақыл – ойының шығармашылығын жетілдіру» атты семинар, «Инновациялық технологияларды балабақшада қолдану » атты ашық есік күні әріптестерге үлгілі сабақ түрін ұсынды.

Сөз соңында айтарым,  «Нұрайдың» нұрлы да шуақты әрбір  күні  балаларға тәлім мен тәрбие, өнеге мен өнер үйретуде зор еңбек сіңіруде.  Әдіскер  ретінде балабақша ұжымының талап үрдісінен  көрініп, елдің  ертеңіне қалтқысыз қызмет ететініне сенімдімін.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.