Home » Мақалалар » ЖАҢА ЗАМАН ТАЛАБЫ — ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ МҰҒАЛІМ

ЖАҢА ЗАМАН ТАЛАБЫ — ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ МҰҒАЛІМ

Абдреева Бахыт Тоқтасынқызы,
Ілияс Қабылов атындағы
№32 мектеп-лицей директоры
Қызылорда облысы,
Жалағаш ауданы,
Мәдениет ауылы
Kz_sch_32@mail.ru

Білген адам білімді өмір бойы іздейді.
А.Иүгінеки

Еліміздің ірге тасы берік қаланып, экономикасы жедел қарқынмен алға басып даму кезінде, жас буынға оқу мен оқытудағы  жаңа әдіс-тәсілдерді игертуде  мектептеріміздің алатын орыны ерекше.  Қазіргі кезде мектеп басшылары үшін де, мұғалімдер үшін де «ХХІ ғасырда нені оқытамыз?»  және «Оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге қалай дайындайды?»  деген  сұрақ басты мәселе болып отыр. Бүгінгі таңда мұғалімдерге тек қана дәстүрлі форматта сабақ берумен шектелуі шәкіртті қанағаттандыра алмайды. Мұғалім өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен қоса сол ортада көшбасшы бола білу керек. Қоғамды соңынан ертуге қауқарлы, ісіне берік әрі тиянақты болғаны жөн. Көштің басын бастау әрине қиын, дегенмен бұл жаңа дамыған дәуірдің талабы.

Қазіргі бар  проблемалар орта білім жүйесін қазақстандық қоғам  дамуының қазіргі заманғы талаптарына және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына  сәйкес жаңғыртуды талап етеді.  Осы кемшіліктерді жою үшін не істеуіміз керек? Ең бастысы адами капиталдың сапасын арттыру керек. Олар  білім алушы – оқушы,  білім беруші – мұғалім, ата-ана  болып табылады. Сондықтан мұғалім өзінің кәсіби дамуына баса назар аударып, білімін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Білім беру саласында жүргізілген әлемдік зерттеулердің нәтижелері тиісті кәсіптік қасиеттерге ие, оқыту және оқу үдерістерінің қажетті дағдылары мен терең түсініктерін игерген мұғалімдер жастардың білімін сапалық тұрғыдан өзгерте алатынын  көрсетіп отыр. Сондықтан да алға қойылған мақсаттарды іске асыруда мұғалімнің алатын орны ерекше екеніне ешкімнің таласы жоқ. Ұстаз үшін шәкірттің білім әлемінде құлашын кеңге жайып, елінің абыройлы азаматы болғанынан артық бақыт жоқ. Енді осы жаңа үлгідегі мұғалім қандай болуы керек. Жаңа үлгідегі мұғалімдер оқушылардың бойына өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманға табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз етуі қажет.

Білім беру қоғамдастығы – оқушылардың оқу үлгеріміне игі ықпал етіп, өз мектебінде және мектептер арасында оқыту мен оқуды жақсартатын бірқатар іс-шараларды бірлесіп жоспарлау, жүзеге асыру және бақылау үшін басқа әріптестермен бірігуге мүмкіндік беретін орын. Мектептердің желілік қоғамдастығы – оқушылар жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін бірнеше мектеп арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс-әрекеттерді жоспарлау, іске асыру және оның мониторингін жүргізу мақсатында бірлескен мектептер тобы (оның интернет желісі арқылы жұмыс істеуі міндетті емес). Қоғамдастықтың «жұмысы» қолдау көрсетуші күшке айналады. Осыған орай мектебімізде білім берудегі тиімді, жаңа әдіс-тәсілдермен бөлісу, оқытуда жаңа тәсілдерді қолдану және оның тиімділігін байқау, жаңа идея, тәжірибелермен алмасу, мұғалімдердің кәсіби өсуіне жағдай жасау, қолда бар ресурстарды бірігіп пайдалану, оқу мен оқыту сапасын көтеруде критериалды бағалау жүйесін қолдану жұмысын жалғастыру мақсатында деңгейлік бағдарлама курстарының тыңдаушылары арасында  аймақтық желілік қоғамдастық құрылған.

Мен қызмет атқаратын басшылық жұмыста оқыту мен оқудағы АКТ-ны пайдалану, оқытуды басқару және көшбасшылық, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулі стратегияларын меңгерту барысында мұғалімдерге түрлі іс-шаралар ұйымдастыра отырып, сабақ үрдісінде кеңінен қолданысқа енгізуді дұрыс деп ұқтым.

Елбасымыздың «Мәңгілік Елге» бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жолында білімді шәкірт дайындаудан шаршамайық. Әлемнің озық елдері арасында Қазақстанның білімді жастарының орны ерекше болып шарықтай берсін. Еліміздің  ертеңі –бүгінгі мектеп партасында отырған балалар болса, сол балалардың тағдыры ұстаздардың қолында. Сол балалаларымыздың болашағы сапалы білім мен саналы тәрбиеде. Саннан сапаға көшу жолындағы мұғалімнің жаңа ғасырға берер жауабы дайын болу керек. Өйткені талабы күшті қоғамның ағысы да күшті. Ал сол ағысқа қарсы шәкіртті дайындау  да мұғалімнің еңбегі.  Біздің алдымызда үлкен  ұлы міндет тұр. Осы ұлы  міндетті  абыроймен атқаруға тілектеспін. Өйткені, қазіргі таңда мемлекетімізде білім саласына деген қолдау мен көзқарас өте жоғары деңгейде.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.