Home » Білім және тұлға » «Біздің тұлға»

«Біздің тұлға»

Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмытылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыты есте қалатын шығар. Мектеп — білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде әр бала он бір жыл уақытты өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы тәрбие мен білім алып, таудай болып шығамыз. Осы ретте Ақбұлақ орта мектебінің түлегі, елімізге белгілі, сөзімен де, ісімен де басқаларға үлгі бола білген  Сарбасова  Роза  Маратовна өзгеге мақтанышпен айтуға болатын тұлға.

Сарбасова Роза Маратовна 1978 жылы 4 қыркүйек  Бөрлі ауданының, Ақбұлақ ауылында дүниеге келген. Сарбасова Роза Маратовна 1995 жылы Ақбұлақ орта мектебін бітіріп, сол жылы 1995-1996 оқу жылы Миргород орта мектебінде  қызымет атқарған.

1996 — 1999 жылдары аралығында Ақтөбе индустриалды — педагогикалық колледжінде білім алып,  өндірістік оқыту шебері мамандығын игерген.

1999 — 2003 жылдары Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білімін толықтырып, Биология, педагогика және психология мамандығын иеленді.

2003 — 2004 жылдары Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, педагогикалық факультеті, Педагогика және әдістемесі  кафедрасында оқытушы қызыметін атқарған.

2004 — 2006 жылдары   М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне магистратураға оқуға түсіп, Биология магистрі атағын алған.

2006 — 2008 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, педагогикалық факультеті, Педагогика және әдістемесі  кафедрасында аға оқытушы , 2008 — 2010 жж. Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы, Жаратылыстану — ғылыми пәндер кафедрасының аға оқытушы ,

2010 — 2014  жылдары Батыс Қазақстан инженерлік — гуманитарлық  университеті , Жаратылыстану — ғылыми пәндер кафедрасының кафедра меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2014 — 2018 жылдары Докторантура,  Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, философия докторы , 2018 — 2020 жылдары  Батыс Қазақстан инновациялық — технологиялық университеті, педагогикалық факультеті,  Жаратылыстану — ғылыми пәндер кафедрасының меңгерушісі 2019 жылы 13 қыркүйек айында  Алматы қаласында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті  диссертациялық кеңесінде докторлық диссертацияны қорғап,  философия докторы  дәрежесі берілді.

2020 жылдан  бастап Батыс Қазақстан инновациялық — технологиялық университеті, педагогикалық факультеті, Жаратылыстану — ғылыми пәндер кафедрасының доценті, философия докторы қызыметін атқаруда. Ол білім мен ғылым саласын басқарған басшылардың арасында саяси салмағы жоғары, білім мен ғылым саласындағы маңызды бастамалардың іргесін қалаған іскер азаматшалардың бірі һәм бірегейі болды. Иә, Роза Маратовна көп адам армандайтын лауазымды қызметтерді атқарса да, «білім мен ғылым саласының адамы» болып қала білген жан. Роза апамыз ешқашан өзінің сүйікті кәсібі білім мен ғылымнан қол үзген жан емес. Кейінгі ұрпаққа осы Роза Маратовнаның жеткен жетістігі, ғылымды бағындырған біздің тұлға ретінде мақтанышпен айтып жүреміз. Роза Маратовнаның жеткен жетістігіне шығармашылық табыс тілеймін.

«Ақбұлақ мектеп – бөбекжай — балабақша кешені» КММ
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
 Какашиев Айбек Темирханович

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.