Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
«Ұстаз … жаратылысынан алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деп әл-Фараби бабамыз айтқандай, осы қасиеттердің барлығы өн бойынан табылатын ұстаздар. Осы орайда өз өмірін ұстаздық жолына арнаған, басшылық қабілеті жоғары, мықты ұйымдастырушы, білікті де білімді маман БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінің директоры, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, аудандық Маслихат депутаты Султанова Кунслу Макуновна туралы сөз шертетін боламыз.
Султанова Кунслу Макуновна – 1969 жылы наурыздың 3 жұлдызында Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келді. 1986 жылы мектепті бітіріп, Орал қаласындағы педагогикалық училищеге оқуға түседі. Кейін Ақтөбе қаласындағы УПУниверінде бастауыш пәнінің мұғалімі мамандығын, Оралдағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетті орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1988 жылы Қазақстан станциясы №69 (қазіргі кезде №5 ЖОББМ) мектебінен бастайды. 1995 жылы №3 ЖОББ мектебіне ауысып, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет етеді.
2010 жылы ашылған №6 мектеп — лицейінің директоры болып тағайындалып, осы күнге дейін қызмет етуде. Әріптестеріне үнемі «Ұлттық тәрбие – ел болашағының діңгегі» рухани сенімі мол ұрпақты тәрбиелеу келешектің бізге артқан міндеті екенін ұдайы айтып отырады. Мектеп – бұл тек білім беру ұйымы ғана емес, сонымен қатар, мәдени орталық, онда қоғамдық өмірі қалыптасады, сонымен бірге «Оқушылардың бойында тәрбие кеңістігінде өмірге деген құнды көзқарас қалыптастырудың» жобасы мектептен бастау алатынын ұстаздар қауымына ескертеді. Еңбек жолында білімді шәкірт тәрбиелеп, қанаттарын қатайтты. Білім беру ісінде атқарған еңбектері бағаланып, Ы.Алтынсарин төс белгісімен марапатталды.
Мектебіміз 2010 жылы ашылып, тұрғындарды қуанышқа бөледі. Жаңа зәулім мектеп, толық жабдықталған, барлық керек-жарақпен қамтамасыз етілген мектептің жаңа басшысы болу, әріптестермен жаңа қарым-қатынас құру, оқушылармен бірге болу, оларды тыңдай білу, кіші қызметкерлермен тіл табысу, ішкі, сыртқы жұмыстардың барлығын білу және қадағалау Кунслу Макуновнаның қолынан келетін іс болды.
«Қазақтың тағдыры, келешегі мол ел болуы да мектептің қандай негізге құрылуына тіреледі. Мектебімізді сау, берік, һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізге тайынбай серттесуге болады. Ал сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт» — деп ұлы педагог М. Жұмабаев айтқандай, біздің болашағымызды мектеп айқындайды деп білікті басшы үнемі ұстаздарына айтып отырады. Оқу процесі жүйелі құрылған. Мықты, білікті мамандар оқушыларды жан-жақты дайындап, жоғары көрсеткіш көрсетуде. Педагогтардың шығармашылық байқауларға, оқу-әдістемелік кешендерге, сараптама жасауға қатысып, озық педагогикалық тәжірибе таратып, жұмыстануда.
Мұғалім-бүкіл білім беру жүйесінің негізі, жаны мен жүрегі” Н.Ә.Назарбаев айтқандай, әр мұғалімнің еңбегі әрқашан өзінің істеген еңбегімен бағаланады. Жас жеткіншектер мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап білім нәрімен сусындандырады. Өзге үшін күйетін мамандығын сүйетін ұстаз зор тұлға екі аяқты пенденің барлығы ұстаздың алдын көреді. «Тарыдай» болып табалдырық аттағанда жылы жүзбен қарсы алып, бар білгенін бала бойына сіңіріп, «таудай» етіп шығаратын да осы ұстаздар. Мектебімізде жыл сайын «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлерінің түлеп ұшуы мұғалімдердің ерен еңбегі. ҰБТ қорытындылары бойынша облыстың үздік 20 қатарына кіріп, жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр. Кунслу Макуновна басқаратын мектеп оқушыларының басым көпшілігі жоғары балл жинап, мемлекеттік грант иегерлері атанып келеді.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде оқушылардың белсенді, өз бетімен ізденуге көбірек еркіндік бере отырып, олардың өз жұмыстарына сыни көзқараспен қарауына, өзіндік пікір қалыптастыруына қолайлы жағдай туғызады. Кунслу Макуновна дайындаған оқушылар аудандық пәндік олимпиадаларға қатысып, үнемі жүлделі орындарға ие болып отырады. 2016 жылы Жамбулатова К, Ерланова А, 2017 жылы Бекбулатова А, 2018 жылы Бекбулатова А, 2019 жылы Жусупкалиева М, Бекбулатова А. аудандық олимпиаданың орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша жүлдегерлері. 2020 жылы Жусупкалиева М облыстық пәндік олимпиадаға қатысты.
Өз тәжірибесімен бөлісу мақсатында түрлі басылым, журналдарға мақалалар, сабақ жоспарларын жариялап отырады. Республикалық «Начальная школа» журналында, «Новые парадигмы и новые решения в современный лингвистике» ғылыми журналында мақалалары жарық көрді.
2015 жылы Минск қаласында өткен халықаралық конференцияда «Повышение качества обучения физико – математическим дисциплинам – актуальная проблема школы» баяндама оқыды. 2020 жылы Сарыағашта өткен «Сындарды білім беру диалогі – сапалы білім беру парадигмасының негізі» атты І халықаралық әдістемелік конференциясына қатысып, дипломмен марапатталды.
Жыл сайын мектеп оқушылары облыстық, республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері атанып келеді. Мектепте 100-ден астам педагог қызмет атқарса, сараптама жұмыстарына қатысып, озық тәжірибе таратушы ұстаздар. Мақтанышпен айта кететін жайт, 2020 жылы «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын жеңіп, 34 млн. қаржы көлемінде ақшалай сыйақыға ие болды. Бөлінген қаржыны мектеп-лицей ұжымы үш ІТ сыныпты жасақтады.
Білім беру ісінің Құрметті қызметкері – Абдрахманова Алла Сагиндыковна – тарих пәні мұғалімі; ҚР БжҒ министрлігінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хатына» ие болған педагогтар саны – 8; Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталған педагог саны -10.
Халықаралық жетістіктерге тоқталып өтсек:
- Сарсенова Сабрина І- орын, 2020 жыл ,30 қазан Әл- Фараби атындағы халықаралық олимпиада (Жетекшісі: Тулеуова Акмарал Кабиевна)
- Сарсенбаева А. 3- орын, 2020 жыл ,30 қазан Әл- Фараби атындағы халықаралық олимпиада(Жетекшісі: Тургунбаева Сания Садыковна)
- Едлиева З. 3- орын , 2020 жыл,30 қазан Әл- Фараби атындағы халықаралық олимпиада (Жетекшісі: Тургунбаева Сания Садыковна)
- Доскалиева Ш. 3- орын, 2020 жыл ,30 қазан Әл- Фараби атындағы халықаралық олимпиада (Жетекшісі: Тургунбаева Сания Садыковна)
- Сарсенов Исмаил — Түркияның Анталия қаласында өткен ХІІ Халықаралық пәндер олимпиадасынан ІІІ орын.(жетекшісі – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Султанова Кунслу Макуновна, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Таубаева Айгул Нургазиевна).
Сондай-ақ, Кунслу Макуновна өнерге құштар, шығармашыл тұлға. Оның ән өнеріне деген махаббаты мен қызығушылығы мектепте «Арман» атты вокалдық топтың құрылуына септігін тигізді. «Арман» тобының өнерпаздары дарынды, әншілік қабілеттері жоғары, ән кеңістігінде қалықтап жүрген оқушылар. Кунслу Макуновна ән өнеріне баулып қана қоймай, оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, еңбекке, парасаттылыққа тәрбиелеп, эстетикалық талғамын байытып келеді.
Білікті басшы Кунслу Макуновна оқушылары мен ұстаздарының білімі, біліктілігіне ғана емес, сондай-ақ олардан ұқыптылықты, жауапкершілікті, еңбекқорлықты, талапшылдықты талап етеді, сондай еңбектің арқасында басқарып отырған мектеп ұжымы аудан, облыс бойынша үнемі алдыңғы қатардан көрініп келеді.
Кунслу Макуновна — қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтік парызына жауап беретін, жаңалыққа жаны сергек, педагогикалық құбылыстардың барысын идеялық адамгершілік тұрғысынан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлігі мен қабілетін, өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын әрі шығармашылықпен еңбек ете алатын, мектебіне жан-тәнін салатын біздің тұлға деп толықтай айта аламыз.
БҚО,Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының
№6 мектеп-лицейінің
педагог-ұйымдастырушысы
Акбасова Дания Абаевна