Home » Білім және тұлға » Ел ардақтысы-Есенгелді Мусанұлы.

Ел ардақтысы-Есенгелді Мусанұлы.

Железнов ауылының тұрғыны Киргенев Есенгелді Мусанұлы бүгінде  зейнеткерлікте отырған кісі. Жасынан адал  кәсіпкерлікке ұмтылған, бүгінде өзінің жеке кәсібіне қол жеткізіп, Киргенов шаруа қожалығымен танымал болды.

Аталары айдауда болып ресей асып балалық шағы ресейдің Красноармеец ауылында өткен.  Жұмысшы жанұясында дүниеге келген. Еңбек жолын 16 жасынан бастаған.Перелюб ауданында механизаторлар мектебін бітіріп, онан кейін Куцубеде комбайнер курсын жалғастырған. Саратов обылысының Базар-қарабұлақ  мектебінің механизаторлық курсын бітірген. 1966 жылы Қазақстанның Зеленов ауданы, Ульяновский  совхозына көшіп келіп, механизатор болып жұмысқа орналасты. Сол жылы Егіншілік-тракторлық №3 бригадасында тракторшы болып жұмыс жасады.

Адал кәсіпкер Есенгелді Мусанұлының  айтарлықтай  ел үшін қызмет етіп, жеткен жетістіктері өте көп.  Ең алғашқы  В. И. Лениннің 100 жылдық мерейтойына арналған Ерен Еңбегі үшін медалімен, одан кейін үлкен жетістіктерге жеткені үшін КСРО жоғары Кеңесі Төралқасының жарлығымен Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. 1973-1976 жылдары Ленин ордендерімен екі мәрте марапатталған. Сонымен қатар 1979 жылы Бүкілодақтық механизаторлар байқауының жеңімпазы атанды.

Есенгелді Мусанұлы 1986 жылдан бастап, К 700 тракторымен №6 бригадада жұмыс істеген.  Астық ору науқанында 1986 жылы аса үздік  жетістіктері үшін Еңбек ардагері медалімен марапатталған. 1991 жылы Ерен Еңбегі  үшін медалімен марапатталған.

Есенгелді Мусанұлы еңбек сүйгіш адам.  маңдай терін төгіп еңбек еткен, және айналасындағылардан да адал еңбекті талап еткен жан. Кешегі тоқырау тұсында бір мың егіс алқабына тұқым шашып іске кіріскен Киргенев қожалығының бүгінгі қуаты он мың гектарға жетеді.

Қазіргі уақытта ауданымыздың ең ірі қожалықтарының бірі болып саналады. Климаттық жағдайларға қарамастан тұрақты нәтижелерге жетті.

Киргенев шаруа қожалығы ауданға ғана емес, обылыс көлемінде тиянақты ісімен толайым табысымен танымал. Бүгінгі күнде шаруашылық қожалығын ұлы Киргенев Кайыржан Есенгелдіұлы басқарады.Ол кәсіпкерлігінен бөлек жеке адамдарға демеушілік қолдау көрсетіп жүреді. Киргенев Қайыржан Есенгелдіұлы жақсылық жасауға әрқашанда дайын тұрады.

Қайыржандай ел ағасының ауыл мектебіне деген қамқорлығы ерекеше. Тек 2004 жылдан бері, мектепке 15.676.521 теңге көлемінде демеушілік жасап, елдің алғысына бөленді. Әр жыл сайын жаңа жылдық мерекенің бүкіл жауапкершілігін мойнына алған кәсіп иесі, бірде-бір шарадан тыс қалған емес. Тек қаржылық қолдау көрсетіп қана қоймай, ауыл балаларының тәрбиелік жағына үлкен мән беретін Қайыржан аға, қоғамдық шаралардың үнемі басы-қасында, ауылдың үлкен кішісі бірдей сыйлайды. Осындай елге сыйлы ұл тәрбиелеген ,елі ардақтаған ер ағасы, бүгінде ардагерлер кеңесінің мүшесі,  ауылмыздың ақыл айтар ардақты азаматына ,Зеленов ауданының құрметті азаматы атанған ел ағасына айналып отыр.

Есенгелді Мұсанұлы Киргенев, Лениннің екі орденінің  кавалері,
«Ульяновский» совхозының атақты механизаторы

Қ,Қ, Жақыпов Е.М. Киргеневті «Зеленов
азаматы» атағымен құттықтау рәсімі

Алтай Көлгінов «Киргенев» шаруа
қожалығының қысқы алқабында .

Е.М. Киргенев және қызы А.Е.Киргенева
Ульянов ЖОББМ-нің құрметті қонақтары.

Ульянов ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі Латипов М.М.

Ульянов ЖОББМ-нің ДТІЖО Кайдагалиева З.З

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.