Home » Білім және тұлға » БІРЛІГІ МЕН ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛ.

БІРЛІГІ МЕН ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛ.

Ұлан ғайыр атырапты алып жатқан қазақ жері қандай кең байтақ болса, оны мекен еткен халқының да пейілі сондай кең-дархан.

Дана халқымыз «бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады», — деп бекер айтпағанынбайқаймыз. Оған себеп Қазақстан әртүрлі ұлттың бейбітшілікте өмір сүретін ел болып әлемге танылуы. 130 астам ұлттар  бейбіт өмір сүруде. Олар бір атаның баласындай бір шаңырақ астында еңбек етіп, тату тәтті күн кешуде. Қаншама жылдан бері ынтымақта, бірлікте өмір сүріп келуі қазақ халқының  қонақжай екендігін көрсетеді.

«Түрі басқа болса да, тілегі бір. Жүзі басқа болса да жүрегі бір», — дей отыра ұлты, діні, тілі, ділі, салт-дәстүрі қандай болмасын түсіністік танытып, теңдей қарап, құрмет көрсетуде.

Көпұлтты ел болу – біздің байлығымыз, мақтанышымыз.  Ұлттарды бір шаңырақ астына біріктіретін Қазақстан халқы Ассамблеясы жалпы халықтық, жалпы азаттық, орган қалыптасты. Оның Конституциялық дәрежесі бар. 1995 жылы құрылған Қазақстан Халықтары Ассамблеясы дүниежүзі үлгі ететін ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені.  Ассамблея – еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы.

Ұлтаралық татулық пен келісім – ұлттық идеяның негізгі өзегі болып табылады. Ұлттар арасындағы бірлік пен сенім – әділдіктің сипатын бейнелейді.

Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге жетелейтін де біздің ауызбіршілігіміз, татулығымыз. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы артпақ.

Алуан ұлтты бауырына басқан, бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі еткен, достық пен ынтымақ елі. Бұл қазақ халқының бірлігін, кеңдігін, ұйымшылдығын, ынтымақтығын білдіреді.

Еліміз тыныш, аспанымыз ашық, абыройымыз асқақ, бейбітте берекелі ел болып мәртебеміз өсе берсін!

Өмірбекова Жадыра
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Философия кафедрасының
оқытушысы

One comment

  1. Него лучше шығарма турынде қалай жазам сол проблема?

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.