Home » Баяндамалар » «Тұлғаның «Жеңіс баспалдағы»  білім берудің дербес маршруты»

«Тұлғаның «Жеңіс баспалдағы»  білім берудің дербес маршруты»

Жамбыл облысы  әкімдігінің білім  басқармасы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
«Жарылқасын Отарбаев   атындағы 
орта мектебі»    коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің  директордың бағдарлы оқыту
жөніндегі орынбасары
Сатмаханова Лаззат Ораққызы

Қазіргі таңдағы білім беруді дамытудың басым бағыттарының бірі тұлғаға бағытталған педагогикалық іс-әрекет. Осы іс-әрекетке баса назар аударудың өзіндік себептері бар.

Олар!

Еліміздің, қоғамның динамикалық дамуы бүгінгі өзгермелі заманға лайық өмір сүре алатын тұлғаны қалыптастыруды талап етуде.

Бүгінгі мектеп оқушыларының іс-әрекетке бейімдігі, еркіндігі, тәуелсіз болуы педагогтарға оқушылармен қарым-қатынаста, жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдануды қажет етеді.

Бүгінгі мектептегі балалар мен үлкендер арасындағы қарым-қатынастың адамгершілік, демократиялық жағынан басым болу қажеттіліктерінің туындауы, қазіргі білім беру жүйесінің парадигмасының өзгеруінен болуда.

Тұлғаға бағытталған көзқарас: үш компоненттен тұрады: негізігі түсініктер, ережелері мен бас жағдайы, педагогикалық іс-әрекеттің технологиясы.

Тұлғаға бағытталған біздің мектептің мақсаты:

Әр педагогтың, оқушының дара  тұлға ретінде қалыптасуына ерекше педагогикалық, психологиялық жағдай туғызу.

Әр адамның қанаты бар, бірақ тек алға талпынушылар ғана қалықтай алады екен. Әр бала бұл дүниеге белгілі себеппен келген: Ол туылу керек болғандықтан туылды, ол адамдардың шақыруы бойынша келді. Оның біз білмейтін өзіндік өмірлік миссиясы бар. Сол үшін де оған рухтың ең үлкен энергиясы берілген. Оны орындауға көмектесу – біздің  парызымыз.

Еліміздің  дамуымен өркениетке  қол  жеткізуінің  жалғыз жолы – ұлт  болашағын, ұлттық  тәрбие және  жаңашыл  білім  нәрімен  сусындату  болып  табылады.  Біз  көбіне  білім  туралы  айтамыз, ал  тәрбие  қалыс  қалып  барады. Сапалы  білім  алса  деген  ұмтылыс  қазір  ерекше көрініс  табуда, әлеуметтік,  белсендік , жаңа  кәсіпкерді  меңгертуге  тырысу айқын  байқалады. Сонымен  қатар тәрбие  жүйесінде  жағадан  алған  жаһандану үдерісімен  шиеленісіп  отырған  бір проблемалар  бар. Жастар  мен  оқушылардың  батыстың  бұқаралық – мәдени  делінетін  құндылық смағына  еліктеуі  сескентеді. Жастар  ортасында  радикальдық идеялар мен көзқарастардың  енуі , әлеуметтік  жетімдік,  суицид,  секталарға  қатысу т.б қоғамды  қатты  алаңдатып  отырғаны  анық. Мұндай  кемшіліктердің  негізгі  себептерінің  бірі – оқыту  процесінің  тәрбие  жұмысынан басым  болуы деп  білемін. Мен  бұған білім  мазмұнының тәрбиелік  әлеуетінің  әлі де  болса  жеткіліксіздігінің қосар  едім. Дұрыс  ұйымдастырылған  оқу  процесінің  өзі  де  оң  тәрбие.

Отбасы  тәрбие  институты ретінде  ролі  төмендеп  кеткендігі. Қоғамда  жантүргішігерлік  оқиғалар кездесіп  қалып  жатады. Өз  баласының  өмірін  қию,  не оны   біреуге сату, оқушылардың  бір – біріне  жасаған  қаныпезерлік  қылмыстары  туралы  айтпай кетуге  тағы  болмайды.  Отбасында  көп  жағдайда  рухани  адамгершілік  және  ұлттық  құндылықтар  екінші  орынға  ысырылып қалуда. Бізге  бала  тәрбиесіне ата – ананың  жауапкершілігін  күшейту  керек деп  ойлаймын. Отбасы мен байланысын  да  нығайта  түсу  қажет. Сондықтан  да  баланың  бойына  өзіне  деген  сенімді  ұялату  үшін ол әр  ісіне , сөзіне  жауап  беретін,  көргенді ,  тәрбиелі ата- ананы  көріп  өсуі тиіс.

Адамды тәрбиелеу және дамыту үшін оны барлық жағынан білу керек. Қазіргі таңда адам баласының психологиясы өзгеріске ұшырады. Мейірбандық, қамқорлық, аяушылық, адамгершілік қасиеттері жоғалып бара жатқан сияқты. Үлкенге құрмет, кішіге ізет, бір-бірін сыйлау, жоғарғы сынып оқушыларымыз кішіге қамқорлық  жоқтын  қасы.

Ұлы ғұлама, адамзаттың екінші ұстазы Әбу Насыр Әль-Фараби «Адамға ең бірінші, білім емес, тәрбие берілуі керек дегені, ол шындық.

Ауыл баласының бойында жалпыадамзаттың құндылықтардың қалыптасып, дамып, инабатты, кешіпейіл жеке тұлға болып өсуі үшін ауыл мектебі киелі орта болып табылады.

Ауыл мектебі мен қала мектебінде оқыған оқушылардың өмірінен аңғарғанымыздай, олардың арасындағы айырмашылықтарға тоқталатын болсақ: Оларды білім деңгейіне қарай ажыратамыз. Ал оның тәлім -тәрбиесіне аса мән  бермейміз. Олардың бойындағы тектілік, ізеттілік, имандылық баршылық, ал дарындылықты аңғармаймыз. Сөйтіп, ауыл мектебін бітірген текті баладан білікті маман шығара алмау себебін сырттан іздейміз.

Оның алған білім негіздерінің деңгейі, қала мектебіндегі ақпарат – жаңалықтардың көлемімен салыстырып, нәтижесінде, ауыл мектебі түлегінің білімі төмендегідей жансақ пікір орын алып келеді.  Әр адамның бойында ар, ұят, намыс, әділдіктен берілсе, бұл одақта күші асар ешнәрсе болмайды, егер бұл төртеуі ынсап, әділет, мейірім, яғни ұжданмен біріксе, мұндай адам имандылық нұрын шашқан, алып сәулеге  айналады – дейді халық даналары. Ерекше имандылықтың негізі де ауыл мектебінде қаланады. Сондықтан, ауыл  мектебінің  беретін біліміне күмән келтіруден гөрі, керсінше оның іс-тәжірибесіне тереңірек үңіліп, мән беру қажет.

Мектептегі жеке тұлға Зада Алинұрға жасалған  «Даму бағдарламасының» «Жеңіс баспалдағы» білім берудің дербес маршрут ,  жобасына тоқталатын болсам 7 қадамнан тұрады.

  1. Оқу – шеберлікке апаратын жол.
  2. Мейірімділігі әлемді құтқарады.
  3. Жаны саудың – тәні сау.
  4. Отан оттан да ыстық.
  5. Іске уақыт-ермекке сағат.
  6. Бақыттың кілті отбасында .
  7. Сыпайылылыққа барлық есіктер ашық.

«Жеңіс баспалдағы» даму бағдарламасының  мақсаты: Рухани дамыған, шығармашыл, саналы, дені сау, өз өмірінің ұстанымы бар тұлғаны қалыптастыруға жағдай жасау болып табылады.

Мектептегі жеке тұлға «Мен білемін» «Мен жасаймын» «Мен жасай аламын» баспалдағы арқылы «Мектеп бітіруші» «Азамат» баспалдағына жеткізу жолдары. Тұлғаны жетілдірудің, ең жоғарғы қажеттілік өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, адамның өмір жолында болу қажеттілігі өзін жүзеге асыру, реттеу, анықтау, тәрбиелеу, бекіту, оқыту, тану бойынша жүргізіледі.

Бағдарламаның іске асыру технологиясы 2 кезеңнен тұрады.

  1. Диагностикалық кезең ;
  2. Түзету, дамыту.

Бірінші  қадамға  тоқталатын  болсам «Оқу- шеберлікке апаратын  жол»  мақсаты : Қазіргі әлемдегі тіршілікк әрекетінің шарты ретінде өмірдегі білімнің

жетекші рөлін түсінуі.

Жеке тұлғаның таңдауында көшбасшыларға жағдай жасау. Жеке және топтық жұмыстарды жасауда көмек беру. Берілген тапсырманың оқуға қонымды шектерде болуын қамтамасыз ету.

Екінші  қадам : Мейірімділік – әлемді құтқарады қадамының міндеті – қоршаған ортаға моральдік қатынасты қалыптастыру адам өмірінің құндылықтарын түсіну. Күтілетін нәтиже мейірімді адам болу қажеттілігін түсіру. Қоршаған ортаны жақсарту үшін – ізгілікті, мейірімді болу. Құрмет сезімін арттыру. Жауапкершілікті қалыптастыру.

Үшінші  қадам:  Жаны саудың – тәні сау қадамы : Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы қажеттілік. Дене шынықтыру мәдениеттің бір жиегі болғандықтан, адамның жұмыстағы, оқудағы  тұрмыс тіршіліктегі мінез-құлықты анықтайды.

  • Ұлт денсаулығын сақтау бойынша алдыңғы ұрпақтың тәжірибесімен, дәстүрімен таныстыру, өз денсаулығын сақтау және жетілдіру мәртебесін қалыптастыру.

Төртінші  қадам: «Отан оттан да ыстық қадамы: Тұлға құндылықтың мәдениеттің қалыптасуы, адамгершілік, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру проблемаларына байланысты құқықтық  білім беру мәселелерін шешуге үйрету. Өз елінің алдында адамзаттың борышын түсінуге үйрету.

Бесінші қадам: «Іске уақыт – ермекке сағат» қадамы:. Тұлғаның бос уақытты өзін-өзі дамыту құралы ретінде түсінуі. Сабақтан тыс уақытта жеке тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау.

Алтыншы  қадам: «Бақыттың кілті отбасында» қадамы: күтілетін нәтижесі.  Балалардың ата-аналарды адами борышын орындау, қамқорлығы мен шексіз махаббаты адамның парызын өткеру болып табылады.

Жетінші қадам: «Сыпайылылыққа барлық есіктер ашылады.  Күтілетін нәтиже «Төзімділік пен зұлымдықтарғы төзбейтін болу».

«Жеңіс баспалдағы» даму бағдарламасынан күтілетін нәтиже.

  • Өз дамуындағы жеке жауапкершілікті дамыту.
  • Білім деңгейін көтеру.
  • Физикалық даму өмірлік өзін-өзі басқару.
  • Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.
  • Тұлғаның өзін-өзі тануы және өзін-өзі жүзеге асыруы.
  • Барлық мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысуы.
  • Достарымен, жақындарымен, айналасындағыларымен достық қарым-қатынаста болу.
  • Пәндік олимпиадаларға жүлдегер болу, ғылыми-практикалық конференциялардың жеңімпазы, жыл оқушысы болу.

«Ұрпақтан – ұрпаққа» жалғасатын жеке тұлға, өз мақсаттарына жетеді; нені қалайтынын біледі, қалаған нәрсеге қол жеткізеді.Жеңіс мектебінің қалыптасқан шәкірті  мақсатқа ұмтылушы, сауатты, белсенді,  бойында  мәдениеті  қалыптасқан, құндылықтарды  бойына  сіңірген, достыққа  берік  жолдастарын  қорғай  білетін, қолдау демеу көрсететін;

  • Бірін — бірі  тыңдай  білетін , сөзінде  тұра  алатын, ешкім туралы  жаман  айтпайтын;
  • Командалық рух қалыптасқан , жоғары  сынып оқушылары һзінен кіші  оқушыларды қамқорлыққа  алатын;

Талапты өзіне  емес, өзіне қоя алатын , нақты  қол  жетімді  мақсаттар  қоя  алатын табысты түлек болып шығады.

Мектепті аяқтағанда,  бағдарлама бойынша   өмір  сүру мен  адам болуды , нағыз  тұлға болуды  үйреніп, игеріп шығатын нағыз  тұлға қалыптасады.

Табысты  мектеп  болу  үшін , біздің  шәкірттеріміз  табысты  болу  үшін  бізде  өзгеруіміз қажет деп  ойлаймын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.