Home » Баяндамалар » Мамандыққа да махаббат керек

Мамандыққа да махаббат керек

Мамандыққа да махаббат керек
В профессии тоже нужно любовь
The profession also needs love

Сатмаханова Лаззат Ораққызы
Сатмаханова Лаззат Ораковна
Satmakhanova Lazzat Orakovna

Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа имени Жарылкасына Отарбаева» отдела образования Сарысуского района управления образования акимата Жамбылской области

State Institution “Secondary School named after Zharylkasyn Otarbayev” of the Education Department of the Sarysu District of the Education Department of the Akimat of the Zhambyl Region

Аннотация

Қазақстанда кәсіптік және техникалық білім беретін колледждерде тегін білім алу, мұғалімдердің кәсіби бағдар беру жұмысының жүйесі, кәсіби  бағдар беру  моделі, кәсіби  бағдар беру  жұмысының ішкі  саласы, білім беру жүйесінде кәсіптік бағдар беру жұмысы, мамандықтар бойынша үйірме, педагогикалық сынып жұмыстарын ұйымдастыру, бүгінгі күнгі мейілінше сұранысқа ие  мамандықтарға мектеп оқушыларын бағдарлау түсіндіру, кәсіби диагностикалар жүргізу бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталған.

Аннотация

Бесплатное обучение в профессионально-технических колледжах Казахстана, система профориентации учителей, модель профориентации, внутренняя сфера профориентации, профориентация в образовании, организация клубов, педагогических классов, он остановился на проделанной работе по разъяснению ориентации школьников на самые востребованные сегодня профессии, к проведению профессиональной диагностики.

Annotation

Free training in vocational and technical colleges in Kazakhstan, a system of vocational guidance for teachers, a model of vocational guidance, the internal sphere of vocational guidance, vocational guidance in education, the organization of clubs, pedagogical classes, he focused on the work done to explain the orientation of schoolchildren to the professions most in demand today, to carry out professional diagnostics.

Ел ішінде ер — азаматқа екі нәрсеге ерекше  мән беру керектігін ескертеді. Оның бірі-мамандық , бірі-өмірлік жар.

Иә,екеуі де адам өмірінде айрықша рөл атқаратыны бесенеден белгілі.Ғұмыры-дарияға бірге түсіп,сезім қайығының ескегін қатар есетін өмірлік  жарыңды көргеңге көзің қуанып,көзінің жайланса онда жар таңдаудан жаңылыспадым дей бер.Ия күніңнің көп уақытын өткізетін  қызметіңе қызығып,мақсат-мұрат жолында мандай теріңді төгетін мекеме мейлінше ерте барып, еркін жүріп,құлшына  еңбек етсең,бұлда жолыңның болғаны Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында «Білім мен кәсіби іскерлік дағдылар – қазіргі заманғы білім беру мен кадрларды даярлаудың басты бағыты» екендігін айрықша атап өтті.  Өсіп келе жатқан ұрпақты еңбек іс-әрекетіне дайындау – адамзат өз тарихының әр кезеңдерінде түрлі жолмен шешімін тапқан, маңызды әлеуметтік-педагогикалық мәселелердің бірі болып табылады. Ол үшін үкіметке бизнес қауымдастығы мен жұмыс берушілер өкілдерін қатыстыра отырып, кәсіптік-техникалық кадрлар дайындау жөнінде ұлттық кеңес құруды тапсырды.

Ендеше келешектің иесі бүгінгі ұрпаққа білім беріп қана қоймай, келешектің көкжиегіне қол жеткізетін мамандықтарға жол сілтеуіміз хақ.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында біздің мектепте  кәсіптік білім берудің еңбек нарығына қажетті мамандар даярлауға, қайта даярлауға, кадрлар біліктілігін арттыруға бағытталған үш бағдары белгіленді.

Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне, кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу, кәсіптік бейімделу жатады.

Кәсіптік ақпарат — орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылады.

Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастыру мен әдістері әр жас кезеңінде әр түрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуіміз керек. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады.

Кәсіптік ақыл-кеңес жұмысына ата аналар құрамынан, шептік мекемелер мен өндіріс орындарындарынан қызметкер мамандар тартылады. Кей жағдайда кәсіптік ақыл кеңес жұмысы өндіріс орындарында кәсіптік колледждер мен өндірістік оқу цехтарында, кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде жүргізілген өте орынды.

Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:

  • Оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру.
  • Кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту.
  • Мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауға жан- жақты ақыл кеңес, бағыт бағдар беру.
  • Оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.

 

Бүгінгі таңда әрбір оқушының жеке қабілеттері мен ерекшеліктерін , мүмкіндіктерін шеберлігін, қызығушылығын ескеріп бағыт-бағдар беру, жекелеген мамндықтар туралы терең білім беру біздің басты міндетіміз. Әрбір оқушының жеке-жеке қабілетін, бейімділігін анықтап бағыт беріп отыру, мамандықты дұрыс таңдауға жол сілтеу – үлкен мәселе.

Мектепте бастауыш сыныптардан бастап баланың бейімін анықтау үшін түрлі анкеталар, сауалнамалар, тесттер алынып, диагностикалық картамен жұмыстар жасалды.

 

 КІРІСПЕ 

Елбасы кәсіптік-техникалық білім беру саласын еш уақытта назардан тыс қалдырған емес. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 2017 жылғы 31 – қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты дәстүрлі жолдауында «Кәсіптік білім беру жүйесінде, мен айтқандай, экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек. Ол үшін кәсіптік стандарттар еңбек нарығының талаптарына және ең үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажет.» деген болатын. Себебі, мемлекетіміз үшін әлемнің 30 дамыған елінің қатарына қосылуда жастарға тегін кәсіптік-техникалық білім беру, адам капиталы, азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқаты ерекше маңызды. 2017 жылдан бастап Елбасының «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады. Жобаның мақсаты – алғашқы жұмысшы мамандығын тегін алуға жағдай жасау. Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Мемлекет басшысы баса назар аударып отырған баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасы үкіметтің қаулысымен жылдам қолға алынып, ол үшін жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылуда

Қазақстанда кәсіптік және техникалық білім беретін колледждерде тегін білім алуға мүмкіндік пайда болды

Ақысыз негізде мектеп түлектері, колледждер мен ЖОО шығып қалған оқушылар және білімі жоқ өзін өзі жұмыспен қамтитын категориялардың өкілдері оқи алады. “ Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру ” жобасы білікті жұмысшы кадрларды даярлаудың көлемін 40% арттыруға және барлық тегін білім алуға тілек білдіретін адамдарды қамтуға, жұмыспен қамтуды арттыруда жастар арасында әлеуметтік ортаны жақсартуға, барлық тілек білдіретін адамдарды тегін жұмысшы біліктілігімен және орта буын мамандығымен толық қамтуға, жұмыссыздық көрсеткішін қысқартуға, көбірек табыс табуға, кәсіпорындарда кадрлар тапшлығының мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

 

Мұғалімдердің кәсіби бағдар беру жұмысының жүйесі.

  1. Кәсіби үгіттеуді және кәсіби насихаттауды,кәсіби ақпаратты енгізетін кәсіби ағарту
  2. Белгілі бір мамандыққа немесе басқа кәсіпке тұлғаның қызығушылығы

мен ерекшеліктерін  анықтауға  бағытталған алдын ала  кәсіптік диагностика

  1. Кәсіби кеңесшілер –мамандар тарапынан мамандық таңдауға  негізінен жекеше көмек көрсетуге бағытталған  кәсіби кеңес.
  2. Ең үлкен мүмкіншілікпен сол  кәсіпті табысты меңгере алатын және оған байланысты еңбек  міндеттерін орындай алатын тұлғаларды таңдау мақсатында кәсіби іріктеу таңдау.
  3. Әлеуметтік кәсіби бейімделу.
  4. Балаларда кәсіби абырой мен құндылық, жауапкершілік, парыз сезімін қалыптастыруды өз мақсатына қоятын кәсіби тәрбие.

Кәсіби  бағдар беру  моделі

Директордың тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары; оқушы; ата- ана; сынып жетекші; психолог; әлеуметтік  педагог; пән мұғалімдері.

Кәсіби  бағдар беру  жұмысының ішкі  саласы

Директордың тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары; оқушы; ата- ана; сынып жетекші; психолог; әлеуметтік  педагог; пән мұғалімдері; технология  пәнінің  мұғалімі; медициналық қызметкері; кітапханашы.

1.Қызығушылық  қалай  пайда  болады?

Қызығушылық – сол мамандықты ұнату ата-ана мамандығына еліктеу , өмірге көзқарасын болуы.

  1. Бейімділік дегенді қалай түсінесің?

Бейімділік  ата-ана жолын  қууы -орындау икемділіг, мамандықты игеруге құштарлық.

Кәсіптік  бағдар  беру.

ҰБТ-да  дұрыс таңдау  жасау.

Жақсы  маман

Мамандық  таңдау  факторлары.

Мұғалім,

қабілеті,

беделі,

оқудың жақын орналасуы,

тәжірибенің болуы,

оқиғаның әсер етуі,

досымен бірге, отбасы.

Кәсіптік іріктеу- (профотбор) мамандықты  меңгеруге жарамдылығын арнаулы әдістеме арқылы анықтауға бағытталған зерттеу  процесі. Қоғамда кәсіптік  іріктеу белгілі бір  мамандықтың  түріне зорлықпен жүргізілетін «бейімдеушілік» түрінде болса, кәсіптік іріктеудің (профотбор) негізіне оның гуманистік, тәрбиелік мәні, жастардың жаңа жағдайда жұмысқа «үйренуі» жатады.

Кәсіптік бейімделу (профадаптация) жұмыс орнында , тәжірибелік еңбек әрекетінде іске асады.  Кәсіптік  бейімделу  дегеніміз —  мамандыққа  жаңа жағдайда  бейімделу. Онда  жастардың алғашқы  әсерлері, олардың  еңбек әрекетінің мақсатын саналы түсінуі мен сезінуі және мамандыққа  қызығуын қанағаттандыруының мәні  ерекше. Кәсіптік бейімделудің тиімділігі тек қана  нақтылы еңбек нәтижелерінен көрінбейді , ол сонымен  қатар өндіріс ұжымында  еңбекке  жаңа  араласқан  жастармен  жүргізілетін  жүйелі жұмыстың нәтижесінде іске асады.

Мектеп бітіретін 9-11сынып  оқушыларын «Қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін»деген ойлар мазаламайтыны анық.Бұл  әрине үлкен өмірге қадам басардағы ең жауапты сәттердің бірі.Себебі ,осы бағыт бағдар адам ғұмырының алдағы болашағына өз әсерін тигізеді.Дұрыс жол тапсаң дүниеге пайдасы бар кірпіш ретінде қаланудың мүмкіндіктеріне қол жеткізесің Демек оқушыларға дұрыс жол сілтеу ұстаздардың пайымды пікірлерін таңдау мен түрлі саладағы мәртебелі мамандық иелерімен кездесудің маңызы өте зор. Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай,білік пен дағды арқылы дербестік,ізденімпаздың,дені сау,өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау.Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына  қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда.Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп  оқушысы.  Сондықтан мектепте  берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады.Жалпы білімнің басты үш міндет бар олар баланың өзіндік жалпы дамудың  жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету,және оны болашақ,белгілі бір кәсіпке даярлау.Осы үш міндеттің ішінде қоғамдық даму күрделенген сайын баланы жастай алдағы кәсіпке бағдарлай,әзірлеу-ең көкейкесті мәселеге айналып отырғаны дәлелденді.Қәзіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті-баланың жалпынама дамуын қамтамасыз ету ғана емес,ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай  белгілі бір мамандықтарда арнайы бағыттай білу.

Оқу үдерісіндегі кәсіптік бағдарлау кезінде әртүрлі психологиялық тестілерге дайын бағдарламалық өнімдерді пайдалануға болады, мысалы: қызығушылық картасы (кәсіптік бағдарлау); Йовайшитесті (кәсіптік бағдарлау); Шмишека тесті (характертің акцентуализациясының деңгейін анықтауға арналған тест); Айзенка темперамент сынағы; кәсіби қалаулар тесті; коммуникативтік және ұйымдастырушық қабілеттерін сынау тесті және тағы басқалар.

Дұрыс таңдалған мамандық еңбек үдерісіне және оның нәтижелеріне қанағаттанушылықты арттырады, шығармашылық қабілеттердің барынша көрінуіне, эмоционалды көңіл-күйді жақсартуға, олардың өмірлік жоспарларын толығымен іске асыруға мүмкіндік береді. Осылайша, перспективалық мамандықты таңдау сияқты жеке даму саласындағы ақпараттық технологияларды енгізу кәсіби бағдар беру жұмыстарының тиімділігін айтарлықтай жақсартуға көмектеседі Интернет желісінде өзінің жеке парақшаларына ие және танымал іздеу жүйелерінің немесе білім порталдарының дерекқорларының көмегімен оларды оңай табуға болады. , «кәсіптік бағдар бағытындағы мұражайларды» жасауға болады, сонымен қатар, тікелей желіде түрлі іс-шараларды өткізуге болады.

Кәсіпке баулу-бұл әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін және халық шаруашылығына,жеке салаларға қажетті сұранысы бар мамандықтарды ескере отырып білім алушыларды еркін және өзіндік мамандық таңдауда дайындаудың ғылыми негізделген жүйе.Кәсіби бағдар біраз-жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты сапалы талдап алуға дайындауға бағытталған  іс-әрекеті.Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде олардың мазмұны,ерекшеліктері жеке тұлға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып,өндіріс ,шаруашылық сапаларының даму міндеттеріне оның нарықтық,экономикалық жағдайындағы рөліне сай.саналы таңдалып алынған мамандығыңызға мүдделігін тәрбиелеуді қажет етеді.

Мамандық туралы жеткіліксіз білу-мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соқтырар.Мамандық таңдауда қателесу сайын келгенде,таңдаған мамандығын жек көріп,жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.Мектептегі кәсіпті бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері.

-Оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;

-Кәсіптін қызығуы мен бейімділігін,қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу.

-Мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;

-Оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгертуге бейімдеу;

Бүгінгі күні мектептің білім алушының кәсіби бағдар беру жұмыстары қайтадан жаңдана бастады.Жоғарыда атап өтілген кезеңдерді талдай отырып,кәсіби бағдар беру жұмыстарының маңызын үлкен сұранысқа ие болуда деп білеміз.

Кәсіптік бағдар беру бағытында  жүргізілген жұмыстарға тоқталатын болсам.

Кәсіптін бағдар беру жұмысы біздің  мектепте жоспарын түруге жыл бойы жүргізілуде.

Елбасының «Баршаға арналған тегін кәсіби -техникалық білім» бағдарламасы міндеттерін орындаудың алғашқы қадамдары да басталып кеткені белгілі. Аталған  міндеттерді жүзеге асыу  мемлекеттің ғана емес,қоғамның әрбір мүшесінің міндеті,соның ішінде білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып отыр.Ол білім беру жүйесінде кәсіптін бағдар беру жұмысы арқылы жүзеге асады.

Кәсіптік бағдар беру жұмысына мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар,сынып жетекшілері мен қатар ата-аналар да қатысуда.Көптеген  ата-аналар өз балаларының болашақ мамандығын таңдауда баласының білімін,қызығушылығын немесе таңдалған мамандығының еңбек нарығындағы сұранысын ескермей кәсіптін бағыт береі. Сондықтан да мектептің ата-аналармен жұмыс жоспарында кәсіптік  бағдар беру мәселелері бойынша әр түрлі ағартушылық шаралар орын алуда.Ол ата-аналар жиналыстарында,түрлі тренингтер,әлеуметтік психофизиологиялық сауалнамалар,әңгімелер,дәрістер ұйымдастыру арқылы ата-аналардың балаларына кәсіби бағдар беру туралы көзқарасына,ұстанымдарына әсер етуде.

Мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысының жүйесі модулъге бөліп қарастыруға болады. Олар:

Кәсіптік ақпарат;

-Кәсіптік ақыл-кеңес;

-Кәсіптік іріктеу;

-Кәсіптік бейімдеу;

-Кәсіптік ақпарат.   

-Мамандықтардың түрі,ерекшелігі,маңызы мен мәні туралы түсінік.Мамандарға қойылатын талаптар.Дайындау барысындағы жағдайлар.Қабылдау ережесі «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы қолдауларымен таныстыру.(Ашық есік күні,ата-аналар жиналысының сағаттары ).

Кәсіптік ақыл кеңес;

9-11  сынып оқушыларының назарына мамандықтарды ұсыну.

Кәсіптін іріктеу – (сауалнама,әңгімелесу,тренингтер арқылы) оқушылардың алдын-ала болжамды білім деңгейін тексеру.

Кәсіптін бейімдеу-

Мамандықтар бойынша үйірме,педагогикалық сынып жұмыстарын ұйымдастыру. «Ашық есік» күнін ұйымдастыру. «Кездесу ұйымдастыру» «Мамандық -өмірлік таңдау» Мультимедиялық презентация  өткізілді.Мамандық таңдауға септігін тигізу мақсатында өз ойларымен бөлісті,тың пікірлері мен ақыл-кеңісін айтуға қонақтар шақырылды.Олар өздерінің еңбек жолындағы жетістіктерін өздері білім алған колледжі туралы айтып берді.

Қыркүйек айында жас кәсіпкер Жылқыбаев Досбол Мәлікомарұлы келіп 9-11 сынып оқушылармен кездесіп өзінің кәсібін өркендетуде атқарған қиындықтары мен жетістік теріне тоқтала отырып,ақыл- кеңестерін бере отырып,білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.Оқушылардың кәсіби бейімділігін анықтайтын 76 сұрақтан тұратын Аиетхаур тестісі қолданылды.Бұл тест 4 бөліктен тұрады.Тесті мектеп психолог Зулхарнаева мен бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары Сатмахановалар жүргізді.

1.бөлімінде жалпы сұрақтар

2.бөлімінде классификация

3.бөлімде өзара байланысы бар сөздерді табу

4.бөлімде оқушының математикалық даму қабілетін анықтауға арналған сұрақтар болды. «Менің болашақ мамандығым» 5-7 сыныптар сурет сайысы болды.Сайысқа оқушылар мамандық туралы суреттер салды.Қараша айында оқушыларды пәндік олимпиадаларға қатысты. «Өз ісінің шебері», «Мамандық таңдауым» тақырыптарында онлайын сынып сағаттары өткізілді.8-11 сынып оқушыларына  арналған аймақта орналасқан өндірістер мен кәсіпорындарының өкілдерініің қатысуымен «Өз ісінің шебері» «Мамандық-өмір таңдауы»тақырыптарында онлайын кездесулер өткізілді  8-9-10 сыныптарда оқушы мен ата-ананың «Кім боламын» тақырыбында сауалнама жүргізілді. «Менің мамандығым менің  болашағым» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларынан шығарма алынды.9 сынып оқушыларынан диагностикалық дәптер арқылы кім,арнаулы орта оқу орындарына баратын және мектепте қалатын  бөлігін анықтайтын тестер алынды. Өз қалауын жасауға бағыт беру мақсатында сауалнама,тестер алынды.Бағдарлы сынып оқушыларының сапалық көрсеткішін анықтау үшін диагностикалық сараптама жұмыс жүргізілді.Мамандық таңдаудағы ата-ананың балаға әсерін зерттейтін сауалнама алынды.

Мамандықтар әлемімен таныстыру үшін кітапша жинауы жасалды.Кәсіптік техникалық білім беру мақсатында №11кәсіптік колледжі,Тараз қалалық колледжі туралы онлайн бейнеролик көрсетілді.

Бағдарлы оқыту-кәсіпке баулу бастамасы тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылды.Оқушылардың кәсіпке икемділік дәрежесін анықтайтын идея,аукцион өткізілді.Кәсіби бағдардағы сабақтар,экскурциялар кәсіби бағдар бойынша сынып сағаттары,мамандармен кездесу,кәсіби графикалық зерттеулер ;ата-аналар жиналыстары өткізілді. Мектеп  оқушыларының кәсіби бағдарына бағытталған іс-шараларға тоқталатын болсам

-Пән олимпиадаларына қатысу, әртүрлі бағыттағы конкурстарға ,жобаларға,іс-шараларға,сайыстарға қатысу, жоғары сынып оқушылар сауалнамасы мен тестілеуі,кәсіби бағдар ойындары. Таныстыру мақсатында өнеркәсіптер мен ұйымдарға экскурция;оқу орындары ұйымдастырған көрме-жәрменкелерге қатысу (жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп);Кәсіби білім беру мекемелерінің Ашық есік күндерінде қатысты.

Каникул кезінде оқушылардың уақытша еңбекпен қамтылуына ықпал ету.Мектеп сайтында кәсіби бағдар бойынша ақпараттық материалдар жариялануда.

Мектеп кітапханасында «Мен мамандықты таңдаймын» стендісін ақпараттық материалдармен толықтырған .Кіріктірілген кабинетте «Сенім жәшігіне  кәсіп» таңдаудағы сұрақтар салынады. «Мамандыққа саяхат» 6-7сыныптар арасында өткізілді.Аймақтық кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылды (8-11 сыныптардың оқушылары).Сынып сағаттарын өткізілді. Мақсатқа жетуді жоспарлауға өзін тәрбиелеудің  рөлі. Жоғары оқу орындары мен колледждегі ашық есік күніне қатысуда (онлайн).Оқушыларды «Жаңа кәсіптер арнасы» деп аталатын жаңа мамандықтардың анықтауға негізделген жобамен таныстырылды.

Әлем тез әрі түбегейлі өзгеріп жатыр.Тез өзгергені сонша,адамдар оған дайын емес.Болашақта не боларын нақты ешкім айтып бермейді.

Әркімнің өз ерекшелігі бар.Соны негұрлым ерте тапса,соғұрлым жақсы.Ол қарапайым болуыда мүмкін.Екіншісі уақытты сол ерекшелікті дамытуға жұмсау керек.Оған қоса,ата-аналар мен балалардың арасында байланыс болуы керек.Өйткені ата-ана баласының барлық сабақтан жақсы болғанын қалайды. Ия, кей кезде бала бір салаға негізделіп,оны дамыса,жаксы нәтиже көрсетеді.Шәкірттерді кез келген жағдайда өмірдің соққысына дайын болатындай тәрбиелеу керек.

 

Қорытынды:

«Жарқын болашақтың кепілі – жаныңа жақын кәсіп таңдау» демекші , қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге  икемді, жеке басының пайдасына қарай өзін – өзі толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге  қабілетті тұлға болуды талап етеді. Сондықтан да  қазіргі кезден бастап,  өз –өздерінді, бір – бірлерінді танып, өз қабілеттерін мен икемділіктерінді дамытыңдар.

Соған сәйкес болашақ  мамандықтарынды таңдаңдар.

Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың

2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл- ауқатын өсуі: табыс пен

тұрмыс сапасын » атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі

іс-шаралар жоспарының 33 – тармағында «Орта білім беруде балалардың аса

қажетті  мамандыққа  кәсіптік бағдарлануын диагностикалау және айқындау

жүйесін енгізу» жөніндегі  тапсырма берілген болатын.  Пандемияға байланысты, биылғы оқу жылында  оқу процесі екі түрлі форматта ұйымдастырылғаны белгілі.

Жоғарыда көрсетілген тапсырманың маңыздылығын ескере отырып,  орта білім  беру  ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша іс-шараларды  жандандыру қажет  осыған  байланысты, бүгінгі күнгі мейілінше сұранысқа ие  мамандықтарға мектеп оқушыларын бағдарлау түсіндіру, кәсіби диагностикалар   жүргізу  бойынша   жұмыстар баршылық.

 

https://youtu.be/lWvPKpA5mvA

Кәсіби  бағдар бойынша атқарылған

жұмысының сілтемесі

Әдебиеттер тізімі:

  1. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.-А.,1991
  2. Богословский В. Т.б. Жалпы психология-А.,Мектеп,1980,13 тарау.
  3. Хабаршы вестник, 2017 жыл
  4. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында білім ұйымдары басшыларының кәсіби құзырлығын дамыту,2011 жыл, Алматы.
  5. Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары, 2018 жыл, Тараз.
  6. Қазақстан қоғамын әлеуметтік жаңғырту жағдайындағы білім мен ғылым. Алматы қ., 2013ж.
  7. «Жаршы» энциклопедиясы 2013 жыл, Қырғызстан.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.