Home » Баяндамалар »  «АУЫЛ  МЕКТЕБІНІҢ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ БАСПАЛДАҒЫ»

 «АУЫЛ  МЕКТЕБІНІҢ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ БАСПАЛДАҒЫ»

«Жарылқасын  Отарбаев   атындағы  орта мектебі»
коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  директоры
Идирисова Дариға  Түймебайқызы

       К І Р І С П Е

   Ұлтымыздың  ұлы  ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Білім  біліктілікке  жеткізер  баспалдақ, ал біліктілік  сол  білімді  іске асыра білу  дағдысы», — деп  бағаласа, халық  даналығы «Қыран түлегіне қайыспас қанат сыйлайды,  ұстаз  түлегіне  алға  бастар талап  сыйлайды» — деп  бекер  айтпаған.  Бүгінгі  ауыл  мектебінің  өзекті  мәселелері  баршылық. Оны  бірден  мектептен  бастау  үстірт  ұғым. Бұл бағытта  шешімдерге  қол жеткіземіз  десек  онда, төмендегі  мәселелердің  шешімін  іздеу  керек.

  • Ауылдағы тұрмыс  тіршілік;
  • Ауыл экологиясы;
  • Отбасын сақтау, отбасын құру, ұрпақтың қалыптасуы;
  • Ауыл мәдениеті;
  • Ауыл мектебі, оның оқу-тәрбиені  сапалы  беру  мүмкіндігі;
  • Ауыл , мектеп, жаһандасуға дайындық;
  • Ауыл мектебі басшысы,  педагог, тәрбиешілерінің  сапалық  деңгейі;
  • Ауыл мектебі — даму  болашағы.

АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА

Атауы:   Жарылқасын Отарбаев  атындағы  орта  мектебі

                 коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі

Негізгі мекен жайы:  М.Абишов №1

Телефоны: (72634) 2-15-45 директор, (72634) 2-15-45 факс, қабылдау бөлмесі,

                    (72634)2-12-56 директор орынбасарлары кабинеті

Email:       shotarbaev72@mail.ru

2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ МЕКТЕП ЖҰМЫСЫН ТАЛДАУ

Мектепте 177 оқушы оқиды, 20 сынып-комплект орта есеппен

15 оқушыға есептелген.

Бастауыш кезеңінде 1- 4 сыныптарда – 66 оқушы (7 сынып-комплект), негізгі орта кезеңде 5-9 сыныптар – 95 оқушы(9 сынып-комплект), жоғарғы кезең 10-11 сыныптар (16 оқушы (2 сынып-комплект).

Үш жылға арналған сынып-комплект саны

Оқу жылыБастауыш сыныпНегізгі ортаЖалпы орта
2017-20181 сынып – 25 сынып-210 сынып — 1
2 сынып – 22 сынып – 26 сынып-211 сынып – 1
3 сынып – 23 сынып – 27 сынып-2 
4 сынып – 24 сынып – 28 сынып-2 
  9 сынып-2 
Барлығы:  808 сынып10 сынып2 сынып
2018-20191 сынып-25 сынып-210 сынып — 1
 2 сынып-26 сынып-211 сынып – 1
 3 сынып-27 сынып-2 
 4 сынып-28 сынып-2 
  9 сынып-2 

 

Мектептің мұғалімдер ұжымының кадрлық құрамы

Мектептегі әкімшілік жұмысының негізгі бағыты кадрлық құрамын нығайту қызметі болып табылады.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы мен Мектеп жарғысы негізінде мұғалімдер ұжымының құрамын білім беру ұйымының  басшысы қалыптастырады, қызметкерлерді жұмысқа қабылдауеңбек шарты негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің №252-ІІІ сәйкес 2010 жылдан бері қабылданған мұғалімдердің барлығымен еңбек шарты жасалған.

Мектептің педагогикалық кадрлық құрамының саны қажеттілікке байланысты анықталады (2017-2018 оқу жылы — 56 мұғалім, 2018-2019 оқу жылы – 53 мұғалім),осыған орай 2019-2020 оқу жылында 53 адам анықталды.

 

Педагогикалық кадрлардың білім деңгейі:

2019-2020 оқу жылында педагог қызметкерлерінің білім деңгейі жоғары білімді мұғалімдер саны көп болуына байланысты тұрақты деңгейді көрсетеді, 92% құрайды (53 мұғалім).

 

Педагог қызметкерлердің жас ерекшелігіне қарай орналасуы:

 
Мұғалімдер саныЖоғары білімменАрнаулы орта білімменМұғалімдер саныЖоғары білімменАрнаулы орта біліммен
2017-20181311243421
2018-20191311240391
2019-2020121023939

 

Педагог қызметкерлерінің білім беру және сапалық деңгейі жоғары,

53 педагогтың ішінен:

жоғары біліммен – 51 (95,5%);

жоғары және 1 санатты – 16 (21%);

шебер — педагог – 1 (10 %) ;

педагог- зерттеуші — 9 (18%);

педагог-сарапшы — 9 (18%);

педагог — модератор – 4 ( 7 %).

Санаты бар мұғалімдер  бөлшегі 80 %, оның ішінде жоғары санат 10%, бірінші санат — 8%, педагог-зерттеуші – 18%, педагог-сарапшы – 11%  педагог- модератор -7 %, яғни лицензия талаптарына сәйкес келеді.

Бүгінгі таңда мектепте деңгейлік курстарды жаңа форматта бітірген

6 мұғалім жұмыс істейді, бұл мұғалімдердің жалпы санының 11% құрайды.

Үшінші деңгей бағдарламасы бойынша: А.А.Сарсенбаев, А.А.Усманова, К.А.Жуматаева, Г.М.Бексейтова, Д.О.Сатмаханова , К.А.Тажибаева. «Мектепте мұғалімнің көшбасшылығы» бағдарламасы бойынша:  Д.Т.Идирисова, Б.С.Мырзахмет. «Желілік қоғамдастықтағы мұғалімнің көшбасшылығы» бағдарламасы бойынша  А.А.Усманова, О.Л.Сатмаханова, Б.С.Мырзахмет, К.А.Тажибаева, Г.Т.Абилдаева, Д.О.Сатмаханова.

Экомектеп” 2010 жылдан  «Өрлеу біліктілікті  жетілдіру институты»  тығыз  байланыста жұмыс  жүргізудеміз.

 

МЕКТЕП ЖЕТІСТІГІ:

Экологиялық  бағыттағы авторлық  бағдарламалар

Стратегиялық  мақсат  инновациялық қажетін мәдениетін игеру-адами потенциялды ашу. Жетістікке  апаратын стратегиялар  тиімді  болып  есептеледі. Патриоттық тәрбие, Тұлғаның білімдік  дамуы, Өзін  дамыту, Баланың  физикалық  психикалық  және  моральді  денсаулығы,

Көркем эстетикалық тәрбие. «Даму – 2020-2025» шағын  жинақталған  мектептің дамытудың стратегиялық бағдарламасы.

Өрлеудің 1 сатысы   «Педагог кәсібінің  жоғары  мәртебесін қамтамасыз

ету,  білім  беруді  үнемі  жаңғыртып  отыру»

Өрлеудің 2 сатысы   «Сапалы  білім  беруде  қауіпсіз  және жайлы  ортақ

құру»

Өрлеудің 3 сатысы   «Педагогтардың кәсіби  біліктілігін арттыру»

Өрлеудің 4 сатысы   «Білім  алушылардың үздік  практикалар негізінде

білім сапасына қол жеткізу»

Өрлеудің 5 сатысы   «Кәсіби  бағдар  беру  мен кәсіптік даярлау»

Өрлеудің 6 сатысы   «Тәрбиелік  құндылықтар және салауатты өмір»

Өрлеудің 7 сатысы    «Цифрлық инфо құрылымен, заманауи

материалдық-техникалық  базамен  қамтамасыз ету»

Өрлеудің 8 сатысы   «Басқару  және қажыландыру  жүйесі»

Өрлеудің 9 сатысы   «Сапалы  қосымша  білім  беру  алаңы»

Өрлеудің 10 сатысы  «Ғылыми зияткерлік әлеуметін нығайту»

 

Жарылқасын  Отарбаев  орта  мектебінде  2020 – 2021 оқу  жылында

жүзеге  асып жатқан   өрлеу жобалар

«Әрбір  бала  жарық  жұлдыз  жарқырауына  көмектес» жобасы;

«Жеңіс  мектебінің   тұлғасы» жобасы;

«Кел, балалар  оқылық!» жобасы;

«Мектептегі ЭКО» жобасы;

«Ұстаз  білім  айнасы» жобасы;

«Бақытты  мекен құндылықтары» жобасы;

«Эковолонтерлар қозғалысы» жобасы;

«Тәуелсіздікке  тарту» жобасы;

«Бақыттың  кілті  отбасында» жобасы;

«Болашаққа  нық  қадам» жобасы;

«Салауатты мектеп» жобасы;

«Ақпаратқа  ақиқат» жобасы;

«Әрбір  бала  жарық  жұлдыз  жарқырауына  көмектес» жобасы.

  • «Менің спорттық отбасым»
  • «Біздің отбасылық тәжірибе»
  • «Әжем – қамқоршым, анам-ақылшым»
  • «Үлгілі отбасына саяхат»
  • «Анам жайлы әңгімелесейікші…»
  • «Мен үшін ең қымбат жан»
  • «Рухани жаңғыра» алдық па?
  • «Отбасымның дерек дәстүрі»
  • «Балаңызды жұмысқа апарыңыз»
  • «Табысқа жетелер баспалдақ»
  • «Мамандығым — мақтанышым»

«Бала бағдар болашақ»

Жобасын жүзеге  асыру – бүгінгі  қоғам алдындағы  басты  мақсат өмірдің барлық саласында  белсенді, шығармашылық іс- әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу ісінде бала  тәрбиесімен айналысатын отбасы, мектеп, қоғам  және  жұртшылықтың  тәрбие  ісі  кіріктіріліп,  жүзеге  асуын  қамтамасыз  ететін  шаралардың  бірі.

Жобаның  мақсаты:  тәрбие жұмысында , алуан  түрлі  бірлескен

іс-шаралар  барысында оқушы, ұстаз, ата – ана арасындағы  берік  ынтымақтастықты  қалыптастыру , отбасы  тәрбиесінің  үздік  үлгілерін  анықтау  және  тарату.  Жоба іске асырылатын мерзім: 2021 жылғы   наурыз – сәуір айлары.

«Жеңіс  мектебінің     тұлғасы» жобасы

 Жеңіс  мектебі

           Жеңіс  мектебі  Жобаны  жүзеге  асыру – бүгінгі  қоғам  алдындағы  мақсат  өмірдің  барлық  саласында  белсенді,  шығармашылық  іс – әрекетке  қабілетті, еркін  тұлға  тәрбиелеу ісінде  бала  тәрбиесімен  айналысатын  отбасы,  мектеп, қоғам және   жұртшылықтың тәрбие  ісу  кіріктіріліп,  жүзеге  асуын  қамтамасыз  ететін шаралардың  бірі.

         Жобаның  мақсаты:   Рухани  дамыған, шығармашыл, саналы, дені сау, өмірлік  ұстанымы  бар тұлғаны  қалыптастыруға жағдай  жасау  болып  табылады.

«Кел , балалар   оқылық!» жобасы

Мақсаты: Өз елінің тарихын, мәдениетін, рухани құндылықтарын терең меңгерген, әлеуеті биік, мәдениеті жоғары, көзі ашық, көкірегі ояу маман қалыптастыру үшін жастарды кітап оқуға үндеуді күн тәртібіне қойды.

Үштілділікті қолдау бағыты бойынша, тарихты білуге, Қазақ халқының мәдениетін және өзге ұлттардың мәдениетін сыйлауға тәрбиелеу мақсатында, көркем әдебиетті қазақ, орыс, ағылшын тілінде оқыту арқылы «Кітап оқу уақыты» жүзеге асырылуда,

«Мектептегі ЭКО» жобасы

Мақсаты:  «Менің Эко-мектебім» жобасының аясында өсімдік түрлерінің әр түрлілігін және декоротивті-өсетін өсімдіктерді (биоәртүрлілікті) көбейту;

 Күтілетін нәтиже:

Білім алушылар үйде және оқу орындарында энергияны тұтынудың құрылымы және оны азайту жолдарын (энергияны үнемдеу) меңгереді;

Мектепте және үйде суды үнемдеп пайдалану мүмкіндіктері (суды үнемдеу); қоқыстардың пайда болу көздері, оны азайту жолдарын анықтау, қоқыстарды бөлшектеп жинауды енгізу (қалдықтармен жұмыс) әдістерін зерттеу ұсынылады.

Зерттеу жұмыстарының қорытындысы ретінде  «FLORDINIYA»  атты жинақ шығарылады.

«Ұстаз  білім  айнасы» жобасы

Мақсаты: Шығармашылық  жұмыс істейтін ой-өрісі кең, парасатты, өзінің авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік щеберлігі жоғары, ұстаз мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау.

Міндеттері:

Мұғалімдерді шығармашылық ізденіске, креативті, өздігінен белсенді жұмыс істеуге ынталандыру.

Нәтижеге, ынтымақтастыққа бағытталған оқыту, тәрбие беру мен дамытудың инновациялық технологияларын және белсенді әдістерін іздестіру.

Үздік педагогикалық іс-тәжірибені насихаттау мен тарату.

          «Бақытты  мекен құндылықтары» жобасы

Мақсаты:«Қазақтану» жобасы – өзге ұлттарға қазақ елінің тарихын, мінезін, тілін танытады. Бір сөзбен айтқанда, елді біріктіретін ұлттық бірегей.

Міндеті:Ұлттың қорғаны – тіліміз, салт-дәстүріміз, ұлттық бірегейлігімізді көрсететін рухани жан-дүниеміз. Батырларымыз кезінде қазақ халқын сыртқы жаулардан аянбастан «ақ найзаның ұшымен, ақ семсердің күшімен» ерекше жанкештілікпен қалай қорғаса, тіліміз, салт-дәстүріміз, ұлттық болмысымызды қазіргі ұрпақ соншалықты жанкештілікпен сыртқы факторлардан қорғай білуі тиіс.

«Эковолонтерлар қозғалысы» жобасы

Мақсаты: волонтерлердің нақты әлеуметтік міндеттерді шешуге, халықтың    қорғалмаған топтарына көмек көрсетуге бағытталған.

Міндеттері:

  • татулық пен келісімнің қазақстандық үлгісінің идеяларын тарату бойынша

жұмыс жүргізу.

  • волонтерлерінің әлеуметтік маңызды жобаларды ұйымдастыруға және

өткізуге қатысуы;

  •  халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету;
  • қайырымдылық және медициналық институтын дамыту;
  • Қазақстан халқының табиғи тарихи мұрасын сақтау бойынша тарихи-

экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру.

«Тәуелсіздікке  тарту» жобасы

Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.

Міндеттері:

Қазақстан Республикасы туралы, оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру.

Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау, көрсету.

Өз елін сүюге, қастерлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, өз ана тілін сүюге үйрету.

«Бақыттың  кілті  отбасында» жобасы

Мақсаты —Отбасы – бұл адамның тұмары, қорғаны және ол өзін бақытты сезінетін орын. Ата-ана мен оқушы арасындағы қарым қатынасты нығайта отырып, бала мерейін өсіру, сенімді дамыту.

«Болашаққа  нық  қадам» жобасы

Мақсаты:

Болашақ  мамандығын таңдауға бағыт – бағдар беру, кәсіби  тұрғыдан дамуға деген  құштарлықты  арттыру

Міндеттері:

  • Кәсіби бағдар алудың тиімді жолдарын ұйымдастыру ;
  • Кәсіби қызметтің мазмұнын түсінуге үйрету;
  • Мамандық таңдауда жеке қасиеттерін басшылыққа алудың жолдарын түсіндіру;

Жоба бағыттары:

Кәсіби  диагностика;

Кәсіби кеңес  беру;

Әлеуметтік – кәсіби адаптация;

Қызығушылықтары мен  бейімділіктерін  дамыту;

Кәсіби тәрбиелеу;

Кәсіби  ағарту.

«Салауатты мектеп» жобасы

Мақсаты: «Дені саудың – тәні сау» деп көне рим ойшылы Ювенал айтпақшы, әр адам өз денсаулығының кепілі. Әу бастан өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтының қағидаларын құлаққа сіңіре берсе, оған қоғам мен ата-аналардың ақыл-кеңестері, берер үлгілері үлкен сабақ болары анық. Қай қоғамда болсын дені сау, алға қойылған мақсат-міндеттерді орындай алатын, қажет болған жағдайда өз елін дұшпаннан қорғай алатын жан-жақты дамыған, көзі ашық, көкірегі ояу азамат қажет.

Бүгінгі күнге дейін бізде өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын қалыптастыру процесі дене тәрбиесімен теңестірілді.

«Ақпаратқа  ақиқат» жобасы

Мақсаты: Оқушыларды кәсіпкерлікке, қазіргі заман талабына сай басқару, білу, ұйымдастыру, іске асыру жұмыстарына бейімдеу басшылыққа негіз болады.

КӨЗІ, АҚПАРАТ-АҚПАРАТ ҚАБЫЛДАУШЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

Бүгінде  шағын  комплекті  мектеи  тек  білім  ошағы  емес, руханият ошағы  да  болып отыр.

Сондықтан  да  әлеуметтік  мәселенің  шешілуі  мемлекет  тарапынан  қолдау  тауып  отыр. Бүгінгі  заманның  сұранысын  болашақтың  талаптарымен  ұштастыра  отырып,  ауыл  жағдайында  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіби  шындауға  бағытталған.

Білім  берудің  құндылықтары  мен күтілетін  нәтижелерін  терең  зерделей  білуі тиіс. Қандай  әрекеттер мен жобаларды  іске  асыруға болатынын, өзгерістерді  жоспарлау  және  орындау  барысында  ол  өзгерістер  немен  өлшенетінің  білуі  қажет.

Біз  бүгінгі  күніміз бен ғылым  үлесінде  екенің  білеміз. Тек  ғылыми  тұрғыдан  жаңалыққа  ұмтылған  қоғамдар  табысты  болары  сөзсіз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.