Home » Мақалалар » ХАННЫҢ ТАҒЫНАН  ЖҰМСАҚ

ХАННЫҢ ТАҒЫНАН  ЖҰМСАҚ

       Қазақ үйіне кісі келсе төрге шығарады. Қонақ етіп күтіп, реті келгенде бұйымтайын тыңдайды. Анау- мынау шаруаларды дастарқан үстінде отырып та шешіп тастайтын мәрт халық едік.  Ол заманмен қазіргі заман тең емес дерсіз. Менде Сізбен келісемін. Бірақ, не өзгерді? Не өзгеру керек еді?
Ы. Алтынсарин Ұлттық Білім Академиясында болдым.  Ғылым бойынша вице-президенті, PhD докторы Нұрбек бауырым  Пұсырманов мырза өзім сияқты аңқылдап қалған азамат екен. Көрген жерден емен-жарқын сөйлесіп кеттік. Журналист ретінде оның үстіне бір басылымның жетекшісі болғанымнан емес алдынан келген жанмен  адами қатынас жасай білетін азамат деп түсіндім. Олай дейтінім көп деген басшылармен кездесеміз. Кей бір басшылар кісімен қалай отырып сөйлесу керек екенін де білмей жатады. Әрине, өкінішті…
Олардың барлығы дерлік білімсіз дегенім емес. Білсе де «кісімсінетіндері» тағы бар.
Қазір біз ресми іс жүргізетін болдық. Тұрақты үлкен-үлкен ғимарат кеңселерінде  ханның тағынан жұмсақ креслода кішігірім басшының өзі де отыратын болды. Міне, бүгінгі өзгерісіміздің басы осы. Ол да жаман емес. Сана, мәдениет, сөйлесе білу тәсілі, жақсы мен жаманды ажырата білу, керегі мен керексізін таңдай білу, қарапайым қарым қатынас орнату деген сынды түсініктер дамуы керек емес пе? Кейде басшылардың өзінен сондай мәдениетсіздікті көргенде пұшайман күйде боласың. Іштей тынасың… Саныңды соққаныңмен оған сана бермейтініңді тағы ұғасың. Осы сынды көптеген сауалдарға жауап таппай жүргенде Нұрбек сынды жас болса да өнегелі азаматтарды  көргенде басшыларға деген жылылық пайда бола бастайды. Және, бұл құбылыс мекеменің бірінші басшысы Ғани Бекбтайұлының да бейнесі деп түсінуге болады.  Ол орынды да еді. Өйткені басшы өнеге үлгісі болатын тұлға ғой. Жаманның жаманшылығын бетіне басып айтпасақ да, жақсылықты айтуға құқығымыз бар деп ойлаймын. Ал, ханның тағынан жұмсақ креслода отырып, төбеден қарап,  шіреніп сөйлеп, тақта отырғандай өздерін жоғары санайтын басшылар шамалы болса да ойланатын шығар деген үмітемін.

Республикалық «БІЛІМ АЙНАСЫ»
жобаларының негізін қалаушы,
журналист Қуантай Амантайұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.