Home » Мақалалар » БАЛАЛАРҒА НЕ ЖЕТІСПЕЙДІ?

БАЛАЛАРҒА НЕ ЖЕТІСПЕЙДІ?

   Үміт бар да, үлгі жоқ, бағдарлама бар да бағыты жоқ, құдық бар да, суы жоқпен тең.  Бұл жалғыз менің ғана уайымым емес екен. Кеше Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиямында болдым. вице-президенті Нұрбек Пұсырманов бастаған бөлім жеткшілерімен кездестім. Республикалық «БІЛІМ АЙНАСЫ» газеттің мақсат, міндеттерімен таныстырдым. Әңгімеден әңгіме шығып, ой пікір аламстық. Болашақта арнамызды қай жаққа бағыттауымыз керек, екі жақты тиімді болатын, қазіргі білім саласына жақсы жағынан ықпал етіп, бағыт бағдар беруіміз үшін жұмысты қайтсек жандандырамыз деген сауалдарға бірігіп жауап іздедік. Көп жасағаны өз алдына, көпті көріп, білім саласына өзіндік үлесін қосып келе жатқан атпал азамат Исатай аға Өмірзақұлы: «Біз кезінде балаларға арналған басылымдарды күтіп жүретін едік. Бердібек Соқпақпаевтың әңгімелерін, Қыдыр Мырзалиевтің балаларға аранлағн шағын өлеңдерін, жібермей оқитын едік. Ол жазбалар өзімізге жақын болатын. Қазір де сондай заманға сай, балалар шығармасын дамыту керек» деп, өз ойын қосты.  Бұл ұсынысты менде қолдаймын.  Заманға сай, бүгінгі күннің оқиғаларымен, һақарматдарымен, көз көрген ғимараттарымен, болуға тиіс әрекеттерімен әдеби жазбалар жетіспейді. Бұл тіптен жоқ дегенім емес. Сәкен Болыс, Серік Хасан сынды азаматтардың бірен-сараң жұмыстары бар екенін білемін. Ол әрине «мұхитқа тамған тамшыдай»  деседе, жоқтан жақсы. Осындай жұмыстарды  жандандыру бағытында  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясымен бірлесіп жұмыс жасаймыз деп ойлаймын.
Ахмет Байтұрсыновтың тұжырымдамасы бойынша адам жанының бағбаны, рухани азығы болатын бес өнер бар. Сәулет, сымбат, кескін, әуез және сөз. Оны ең басы әрі өнерлердің әулие бастауы дейді. Міне бұл әдебиеттің құдреттілігін айқындайды. Ендеше қазіргі заманға сай балалар әдебиетін жолға қоятын уақыт келген сяқты. Үкілеген үмітіміз, ол біздің балаларымыз. Оларды материалдық жабдықтау өз алдына. Рухани бағыт беруіміз басты міндетіміз болуға тиісті.

Республикалық «БІЛІМ АЙНАСЫ»
жобаларының негізін қалаушы,
журналист Қуантай Амантайұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.