Home » Мақалалар » БҚО жастарының жұмысқа орналасу проблемалары

БҚО жастарының жұмысқа орналасу проблемалары

Дарынды балаларға арналған
С.Сейфуллин атындағы №11
облыстық мамандандырылған
мектеп-интернатының
әлеуметтік педагогы
Бекетова Фариза Ерлановна

           Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12%-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалдық қызметіне жан-жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан мектеп түлектерінің алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.

11 сынып оқушыларына мамандықты дұрыс таңдауға ой салу мақсатында біз БҚО бойынша орта және жоғары оқу орындарын бітірген студенттерге әлеуметтік сауалнама жүргізіп, нәтижесін оқушыларға таныстырған болатынбыз.

Әлеуметтік зерттеудің қортындысы көрсеткендей, БҚО бойынша мамандық алғаннан кейін мамандығы бойынша тек — 41,3% ғана өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқан, 20,7% —  алған мамандықтарына ұқсас салада жұмыс істеп жүр, 24, 4% — істеп жүрген жұмыстары алған мамандықтарына сай емес екен.

Сонда ЖОО, колледждерді бітіріп алған мамандықтары бойынша жартысына жуығы өз алған мамандықтарын іске асыра алмай отыр. Сонымен қатар сауалнамаға   қатысқандардың  үштен бір бөлігі (сауалнамаға қатысқандардың — 27,4%-ы)   тиісті білім керек деп жауап берді. 25,1% — жауапкершілік пен сенімділік керек десе,  23,0% — жоғары кәсіби деңгей керек деп жауап берген, қосымша қабілеттлік керек дегендер -16,4 %  болса, соның ішінде  27,1% —  қала жастары. 11,6% — жас мамандар қажетті таныстарың мен тума– туысқандарың болғаны жақсы деген  де, 19,1% — қалалықтар осы пікірді жақтады.

Сауалнама қорытындысы көрсеткедей, тек 5,7% — оқу орнының жолдамасымен жұмысқа орналасқан. Жастардың көпшілігі өздері барлық жұмыс орындарына жұмыс іздеп, хабарласқан, олар —  61,5%-ды құраса, 32,7% — ешқайда да хабарласпаған.

Бюджеттік мекемелерден жұмысқа орналасу туралы ұсыныстар алғандары- 26,5%, тума–туысқандарынан —    18,2%,  жұмыспен қамту орталығынан  — 16,6%, жеке мекемелерден —   13,2 %, достарынан — 7,4%, жұмысқа орналастыратын жеке фирмалардан — 4,4 %, кәсіпкерлерден — 3,8 % , күш саласынан  —  2,8 %.

Қалада жеке бизнес иелеріне жұмысқа орналасу  мен бос орындар мүмікіндігі өте көп. Сондықтан да ауылдық жерлерге қарағанда, қаладағы жас мамандар тума–туысқандары мен жеке секторлардан жұмысқа орналасу туралы ұсынысты көбірек  алулары сондықтан. Ауылдық жердің жас мамандары бюджеттік органдар мен жұмыспен қамту орталықтарынан жұмысқа орналасу туралы ұсынысты көбірек алулары сондықтан.

Жұмысқа орналасу туралы түскен ұсынысты облысымыздың жастарының көпшілігі — 74,8%  қабыл алған, ал    25,2% — түскен ұсынысты қабылдамаған. Түскен ұсыныс бойынша жұмысқа орналасуға бас тартқан  көбіне Шыңғырлау ауданының жастары болды   (45,7%),  Қаратөбе ауданынан  (44,8%) , Теректіден  (38,9%) және Бөрлі ауданынан ( 35,7%).

Жұмысқа орналасу туралы түскен ұсынысты қабылдамаған басты себебі – төмен еңбек жалақысы (сұраққа қатысқандардың 33,0% осылай көрсетті), 10,5% —  ұсынған жұмыстың мәртебесі үшін қабылдамаған болса, ал 8,6% — жұмыс уақыты ұнамағандықтан .

Жастардың жұмысқа орналаса алмауларының тағы бір себебі– кәсіби қабілеттілігі мен білімінің жоқтығы деп жауап бергендер: Қаратөбеде (21,1%), Казталовкада (16,7%), Жаңақалада (12,5%), Шыңғырлауда (8,3%), Бөкей Ордасында (7,7%). Бәлкім осы аудандардың еңбекті ұйымдастыру салалары бойынша облыс көлемінде кәсіби даярлықтардан өткізу тапсырыстарын алып жұмыстану керек шығар.

Сырым (23,1%), Бөкей Орда (7,7%), Казталовка  (5,6%) ауылдарының жастарының жұмысқа орналасу туралы ұсыныстан бас тарту себебі, ұсынылған жұмыстардың өте ауырлығы болып тұр.

Осы зерттеу көрсеткіштеріне сүйенсек, ауылдық жерлердегі жұмыспен қамту орталықтарының(бұл мекеменің басты жұмысы — халықты жұмысқа орналастыру) жұмыстарының нәтижелі екенін көріп отырмыз. Жұмыспен қамту орталықтарына хабарласып, жұмысқа орналасқандар: ауылдық жерлердің жастары — 19,3 %   болса,  9,9%  — қала жастары болды.

Әрі қарай жастардың жұмысқа орналасу орналаспауы олардың мынандай түсініктерінен туындайды: мамандықты  ұнатуы, мәртебелігі, ұнатпауы тәрізді.  Мүмкін, білмегендіктен үлкен үміттер артса, артынан өкініп те жүрулері мүмкін ғой. Әр нәрсені жоспарлай отырып, кіріскен дұрыс, бірақ қашанда бір нәрседен бастау керек емес пе және әлеуметтік тәжірибе де алу қажет емес пе?

«Бос орындар жәрмеңкесі»атты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастырып жүрген шарасын жастар қалай бағалайды екен? Қала жастарының үштен бірі (33,3%)  және  52,0% —  ауыл жастары жақсы ұйымдастырады және осы жәрмеңке арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері іс жүзінде туады дейді. 20,8% —  қала жастары мен  25,7% — ауылдық жерлердің респонденттері бұл жәрменке жақсы, бірақ бұл арқылы жұмысшылар ғана жұмысқа орналаса алады деп жауап берген.

Қала респонденттерінің жартысына жуығы — (45,9%)  және ауылдық жерлердің   — 22,3%-ы бұл шараға нашар деп баға берген және бұл да бір есеп беру үшін ұымдастырылған әкімшілік шаралардың бірі, ол аз десең жәрменкені ұйымдастырушылардың өздері    өздерін дөрекі ұстайды деп   6,5%- ы жауап берген.

Осындай жәрмеңкелердің жақсы жақтары да байқалады. Мысалы  35,7% —  қала жастары мен 42,9% — ауыл жастары арасында достарының немесе таныстарының осындай  жәрмеңке арқылы жұмысқа орналасқандарын айтты.

 Сонымен ,зерттеу қорытындысы көрсеткендей БҚО білім алған жастарының — 41,3%  өз мамандықтары бойынша жұмыс жасайды. ЖОО-да, колледждерде оқып жүргенде жастар өз мамандықтарының еңбек әлемінде сұранысы бар ма екен бұл жөнінде ақпаратты білмейді, өздерінің кәсіби деңгейіне сенімдірек емес және жұмыс тәжірибелері жоқ. Мектеп түлектері ауыл, кала ,облыс көлемінде қандай мамандықтар қажет  екендіктері туралы ақпаратты білулері қажет.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.