Нұр-Сұлтан қаласы №29 Орта мектеп
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
Мусатаева Науат Шаяхметовна
Бұл нақылдың аясының кеңдігін күн өткен сайын ұғына түсетіндейміз.Әсіресе,ұстаздар қауымы үшін негізгі ұстаным боларлық дана сөздер! Қазекем қалпы айтпайтынын ,бұл сөздердің қандай жағдайда болсақ та, әлеуетті екендігін түсінгендейміз.Әлемдік жағдайға айналып,жасты да,кәріні де компьютер мониторына тәуелді ете отырып,қашықтан білім алуға машықтандырған, өнер-білімге одан сайын ынтық еткен пандемия кезінде де өз мағынасын жоғалтпаған нақыл. Дәл осы пандемия кезінде де білім беру ісінің негізгі нысаны — жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті түлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр. ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ – ӘР ҰСТАЗДЫҢ ПАРЫЗЫ. Баланың дарындылығы деп оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығы мен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.«Дарындылық — белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі «Дарындылық» — асқан қабілеттілік, зеректік, алғырлық .Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу — ұстаздардың басты міндеті. Бүгінгі уақыт талабы мәдени деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірт әзірлеу. Сондықтан да шәкірттеріміздің ішкі сырын жасырын ұстайтынын ескерсек, олардың іскерлік дағдыларын және білім құмарлық талап –жігерлерін жетілдіруіміз қажет.
Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде тиімді қолдану, дағдылар қалыптастыру жұмыстарын үнемі жүргізу оларды шығармашылыкқа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге әсерін тигізеді. Әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелік болады. Қандай да болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Егер адамның тумысында сол қабілет танылып, ол тәрбиеленбесе, оның қабілеті дамымайды.
Баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға болады.
Біздің мектебімізде әр шәкірттің бойындағы шығармашылық бейімділікті,дарындылықты ашып,үлкен өмірге бейімдеу жақсы жолға қойылған. Дарынды,шығармашыл бала тек жақсы оқитын болуы шарт емес! Нұр-Сұлтан қаласы №29 орта мектептің ұстаздар қауымы әр баланың жүрегіне жол табу үшін түрлі тәсілдерді қолдана отырып,біліммен қоса,шәкірт бойындағы ізгілікті,бейімділікті ,дарындылықты дамытуға аямай еңбектенеді. Мектебіміздің директоры Досмагамбетова Қарлығаш Тортаевна да мектептің материалдық-техникалық базасын жабдықтап,қолайлы ахуал туғызуда. 2017 жылдан бері Кадет сыныптары ашылып,оқушылардың әскери-патриоттық бағыттағы бейімділіктерін дамытуға мүмкіндік жасалды.Спорттық құрал-жабдықтар да сайма –сай.
Білім мен тәрбие егіз екенін ескере отырып. қалалық, республикалық, халықаралық сайыстарға биылғы жыл қашықтан қатысу арқылы бірнеше жүлделі орындарды иеленуге шәкірт баптаған ұстаздар да аз емес.
Ерекше атап өтуге тұрарлық дарынды балалар : Есенғалиқызы Томирис ,Убайдулла Асхат , Омербаев Аңсар ,Сайполда И.Асқар Нұрай,Хамич Ева,Өткелбаев Бекарыс,Қазыбек Кәусар,Садвакасова Лунара,Мұхтар Әсел,Бахтияров Асар,Сансызбай Дамир,Серикова Ботагөз,Саңраубай Бибіжар.Бұл балалардың бірі спорттан,бірі көркемөнерден,шығармашылық сайыстардан қалалық, республикалық,халықаралық деңгейде жүлделі орындарға ие болып, мектеп мақтанышына айналып отыр.
Әр баланың жұлдызын жаға білген жетекшілері Есен Ұ.С., Садыхина А.М.,Бесжанова С.С.Дәулетбекова А.К,Акмагамбетова Р.М.,Тілей Б.,Байзакова Г.А..,Ишанкулова С.К.,Рахымберлина А.А., дарындылықты дәріптеуге,баптауға шеберліктерін танытты. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде барша әріптестеріммен тәжірибе бөлісе отырып,мынадай тұжырым жасағым келеді.
Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері:
— «Сенің қолыңнан бәрі келеді», «Сен қабілеттісің», «Жаса», «Үйрен» деп баланың еркін билеп, сенім білдіру;
— Оқушының кішкентай жетістігі болса да жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;
— Шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру,сезім күйін байқау, қамқорлық таныту;
— Ақын-жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылықтарынан,өмірінен қызғылықты оқиғаларды әңгіме ету;
— Оқушылар үшін педагог өзін қарапайым адал жан есебінде таныта білу, оқиға, сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру;
Баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап ,бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға болады. Әр мұғалім бала бойындағы дарындылықты ашуды өз сабағынан бастайды.